Амандасу Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу. • Сабаққа қатысатын адамдардың психологиялық ахуалын, Оқушылардың мазасыздығын басуға болатын әдістер мен тәсілдерді іздеу және шығармашылық жұмыс үшін қажетті атмосфера құру. Географиялық жұмбақтар Нілім бар,Замбезим,Зайырым бар, Нілімнің тарихта бағасы бар. Көлдерім,Сахарадай шөлім де бар Қыраттар,үстірт те бар,тауым да бар. Жерім бар алтын мен алмазға бай Егінін үш егетін,үш теретін Анары,бананы бар,кофесі бар. Бұл жерде аң мен құстың көкесі бар. (Африка материгі) Менде бар жануарлар өзгеде жоқ Қалталы аю,қалталы кенгуру көп. Мен өзім кіп-кішкене болғанменен Материкпін сыры мен жұмбағы көп. (Австралия материгі) Мұз қоршап алғанмен бар денемді, Әйтеуір бәрібір де адам жеңіп, Төсіме туын тікті Рауль мен Скотт келіп. Мұз шөлге жан бітірді адам келіп. (Антарктида материгі) Сұлуым мың бұралған Амазонка Суы мол одан өткен өзен бар ма? Анхельдей,Игуасдай перзенті бар Бақытты Парана мен Оринока (Оңтүстік Америка материгі) Мен өзім үшбұрышқа ұқсас жермін Даңқымен таң қалдырған барлық елді, Тауларым барКардилер мен Аппалачтай Макензи,Миссиспи суым қандай. (Солтүстік Америка) Үй тапсырмасын пысықтау. «Аукцион» оқыта үйрету ойыны 1.Солтүстік Американың климаттық жағдайы қандай факторларға байланысты? 2.Солтүстіктің суық ауа массалары не себепті еш кедергісіз Мексика шығанағына қалай жетеді? 3.Арктикадан келетін суық ауа массаларының әсері неліктен өзгереді? 4.Тынық мұхитынанкелетін ауа массалары не себепті құрлыққа терең ене алмайды? 5.Не себепті Мексика шығанағы үстінде қалыптасатын тропиктік ауа массалары солтүстікке қарай емін-еркін өте алады? 6.Торнада желі не себепті қалыптасады? 7.Торнада желінің қауіптілігі қандай? 8. Ураган желі туралы айт. 9.Солтүстік Американың климаты қандай? 10.Жауын-шашының мөлшері туралы мәлімет бер. |