1. Экскурсовод топ студенттермен экскурсия өткізу барысында. Бір кезде бір студент экскурсоводқа сұрақ қояды:
Сұрақ. "Бұнын барлығы бізге не үшін керек?".Бұндай жағдайда экскурсовод не деп жауап беру керек?
2. Экскурсия барысында бір экскурсант экскурсия өткізуге кедергі жасады.
Сұрақ. Бұндай жағдайда экскурсовод не істеу керек?
3. Экскурсия барысында бір экскурсант экскурсоводтың экскурсиялық тақырыпты ашу барысында қатесін тауып, түзеді.
Сұрақ. Бұл жағдайда экскурсовод не істеу керек?
4. Экскурсия барысында экскурсант ретінде қатысқан екі студент жас экскурсоводтың сыртқы киімін, сөйлеуін мәнерін талқалайды.
Сұрақ. Бұндай жағдайда экскурсовод қандай шара қолдану керек?
2 топ
1. Экскурсия барысында оқушылар шулап, экскурсантпен қосарласып сөйлейді.
Сұрақ. Бұл кезде экскурсоводтың іс-әрекеті?
2. Экскурсия кезінде экскурсоводпен бірге экскурсанттар бір объектіден екінші объектіге дейін қозғалу барысында бір экскурсант қалып қойып экскурсоводтың екінші объектіні әңгімелеуін тыңдауға үлгермеді. Сол экскурсант экскурсоводқа маған бұл объектіні қайтадан әңгімелеп беріңізші деп сұранды.
Сұрақ. Экскурсоводтың бұған жауабы?
3. Экскурсия барысында бір оқушы сұрақ қояды: «Бұл тақырыпты біз тарих сабағында өттік, бұдан басқа жаңа ақпарат беріңізші?»
Сұрақ. Бұл кезде экскурсовод не деп жауап беру керек.
4. Экскурсант Ұлы Отан Соғысына қатысқан тұлғаның объектісін әңгімелеп болғаннан кейін. Экскурсанттар объектінің жанында әдепсіз суретке түсе бастады.
Сұрақ. Сол жағдайда экскурсовод не істеу керек
3 топ
Ситуациялық жағдайларды шешу:
1. Егер де автобуста микрофон жарамсыз болған жағдайда, ал транспорт ауыстыру мүмкіндігі жоқ
Сұрақ. Бұндай жағдайда экскурсоводтың іс-әрекеті
2. Сіз экскурсияны сағат 10:00 жоспарладыңыз. Көрсетілген уақытта топ жиналмады.
Сұрақ. Әрі қарай жасайтын іс-әрекетіңізді сипаттаңыз.
3. Жол кептелісі экскурсия уақытын қысқартады
Сұрақ. Бұндай жағдайда не істеу керек?
4. Экскурсия кезінде экскурсанттар экскурсоводтың экскурсия жүргізуне қанағаттанбады.
Сұрақ. Бұндай жағдайда экскурсанттар не істеу керек?