Просмотр содержимого документа
«Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы»
Орталық Қазақстан шаруашылық географиясы
Сабақтың мақсаты:
І Білімділік: Орталық Қазақстанның өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен көлік географиясын қарастыру. Ауданның қай шаруашылыққа маманданғанын анықтау.
ІІ Тәрбиелік: Орталық Қазақстанның өнеркәсіпті аймақтарының қоршаған ортаға тигізіп жатқан зияны туралы айта отырып, оларға экологиялық тәрбие беру.
ІІІ Дамытушылық: Оқушыларды аудан туралы өз бетінше қорытынды жасай білуін дамыту.
Көрнекіліктер: Қазақстанның әкімшілік-территориялық картасы, сөзжұмбақ, жұмыс дәптері, атлас, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақ типі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, демонстрация, ойын
Сабақ жүрісі:
І Ұйымдастыру:
Сәлемдесу, түгендеу
Сынып бөлмесін даярлау
Оқушыларды сабаққа даярлау
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы
Орталық Қазақстанның табиғат ресурстары
Халқы.
ІІІ Жаңа сабақ
1.Орталық Қазақстанның маманданған салалары.
2.Өнеркәсібі
3.Ауыл шаруашылығы
4.Көлік кешені
5.Қалалары
Орталық Қазақстанда өнеркәсіп салаларынан тас көмір, мыс өндіру, қорғасын-мырыш, сирек металдар, химия-металлургия, қара металлургия жақсы дамыған.
Аудан республикадағы ауыр өнеркәсібі басым дамыған аймақ. Қара металлургия, кен өнліру, отын өнеркәсібі, машина жасау және химия өнеркәсібі ауданның маманданған салалары.
Өнеркәсібі.
Қарағанды көмір алабы Қазақстанның маңызды отын базасы болып табылады.
Қарағанды көмірі шахталық әдіспен алынады. Онда 60 шахта, 2 ірі көмір алабы ашық әдіспен жұмыс істейді.
Қазақстанда кокстелетін тас көмір толығымен осында өндіріледі. Ауданның э н е р г е т и к а с ы жергілікті көмірге негізделген. Көмірді пайдаланатын ірі ЖЭС-ры – Абай, Қарағанды, Теміртау қалаларында.
Орталық Қазақстан – қ а р а металлургияның республикалық маңызы бар негізгі шикізат базасы. Ауданда қара металлургияның дамуы Қарағандының кокс көмірі мен Атасу, Торғай, Соколов-Сарыбай, Аят, Лисаков, Қашар темір кен орындарының игерілуімен қатар жүзеге асуда. Аталған кокстелетін көмір мен магнитті темір кендерін пайдаланып Теміртау қаласында толық циклді қара металлургия зауыты жұмыс істеуде.
Аудандағы ауыр өнеркәсіптің ішінде жақсы дамыған тағы бір саласы – түсті металлургия.
Ауданда қорғасын-мырыш өндіретін кәсіпорын Сарыарқа полиметалл өндірістік бірлестігіне топтасқан.
Вольфрам мен молибден өндіру өнеркәсібі алдыңғы қатарда дамып отыр. Тау-кен өндіріс орындары Ақжал, Жамбыл, Ақшатау мен Жоғарғы Қайрақтыда орналасқан.
Машина жасау саласында Қарағанды ауыр машина жасау зауыты жұмыс істейді. Онда көмір өндіруге қажетті кеніш-шахта құрал-жабдықтарын, бұрғылау машиналарын, сондай-ақ өзі жүретін комбайндар мен крандар және электр энергетикасына қажетті құралдар шығарады. Бұл зауыттан шыққан өнімдер республика көмір алаптарын қажетті машиналармен қамтамасыз етеді.
Химия өнеркәсібі – синтетикалық каучук (Теміртау), күкірт қышқылы (Балқаш), резина, техникалық бұйымдар (Саран), азот қышқылдарын шығарады.
Тамақ өнеркәсібінен ауданда Қарағанды ет, ұн, кондитер комбинаттары, шарап, ликер-арақ, коньяк, сыра зауыттары, Балқаш балық зауыты бар.
Жеңіл өнеркәсіп саласында Қарағанды аяқкиім фабрикасы, трикотаж, тігін, жиһаз бұйымдары, шұлық бұйымдарын шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді.
Мал шаруашылығы
Жетекші саласы – қой шаруашылығы. Етті-майлы еділбай қойы, етті-сүтті ірі қара мал мен жылқы өсіруге қолайлы.
Егін шаруашылығы
Басты мақсаты – жаздық бидай өсіру, мал шаруашылығын жемшөппен қамтамасыз ету. Ауданда жүгері, күнбағыс, картоп егіледі
Көлік кешені. Аудан аумағы үлкен болғандықтан, елді-мекендер бір-бірінен шалғай орналасқан. Сондықтан бұл аудан үшін автомобиль жолының да маңызы зор. Олардың ішінде ең маңыздылары: Қарағанды-Теміртау, Қарағанды-Балқаш-Алматы.
Сонымен бірге Орталық Қазақстан үшін еліміздің басқа экономикалық аудандарымен байланыстыратын теміржолдың да рөлі ерекше.
Орталық Қазақстан аумағын бойлық бағытта 1205 км-ге созылған Петропавлдан Қарағанды арқылы Балқашқа қарай трансконтиненттік теміржол кесіп өтеді. Бұл теміржол желісі оңтүстік Мойынты стансысынан Шуға дейін барып, одан әрі Түрксібке жалғасады. Негізгі магистральдан батысқа қарай Жезқазған өнеркәсіп торабын Қарағанды-Балқашпен жалғастыратын тармақ шығады. Магистраль батысында Магнитогорскіге, шығысында Павлодарға, одан әрі Кузбассқа қарай баратын Оңтүстік Сібір теміржолымен жалғасады.
Қалалары. Қарағанды – облыс орталығы. Республикамызда Алматыдан кейінгі аса ірі өнеркәсіп орталығы.
Қарағандының негізгі маманданған саласы – кокстелетін тас көмір өндіру. Қарағандының электр стансылары көмірді пайдаланып, өнеркәсіп орындарын, қаланы электр энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.
Теміртаудағы өнеркәсіптің жетекші саласы – қара металлургия. Сонымен бірге қайта балқытатын және толық циклді металлургия зауыттары бар.
Жезқазған – мыс қорыту өнеркәсібінің орталығы. Қалада құрылыс өнеркәсібінің кәсіпорындары, трикотаж және тігін фабрикалары, ет комбинаты және қуатты жылу электр стансысы жұмыс істейді.
Балқаш – ірі өнеркәсіпті қала, түсті металлургия орталығы. Балқаш қаласында кен-металлургия комбинаты салынды, онда кен өндіріліп, байытылады. Балқашта балық зауыты жұмыс істейді.
V Бекіту сұрақтары.
Орталық Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығын қамтитын салаларды атаңдар.
Орталық Қазақтстанда ауыр өнеркәсіптің қандай салалары дамыған?
Көлік кешенінің қайй түрі маңызды болып есептеледі?
Бойлық бағыты бойынша қандай теміржол магистралі өтеді?
Сәйкестік тесті
Облыстарды өз орталықтарымен біріктіріп жаз
А. Жамбыл А. Орал
B. Алматы В. Қарағанды
C. Батыс Қазақстан С. Талдықорған
D. Шығыс Қазақстан D. Өскемен
E. Қарағанды Е. Тараз
Экономикалық аудандардың көлемі бойынша алатын орнын көрсетіңіз
А. Батыс Қазақстан А. III
В. Солтүстік Қазақстан В. II
С. Шығыс Қазақстан С. IV
D. Орталық Қазақстан D. I
Е. Оңтүстік Қазақстан Е. V
3.Экономикалық аудандарды аудандарда орналасқан қорықтарымен біріктіріп жаз