1-тапсырма Топтық жұмыс. Белсенді оқыту : Коммуникативтік тәсілді қолдану арқылы оқушылардың білім,білік және дағдылармен алмасуын қамтасыз ету. Графикалық органайзер: «Қос құты» әдісі. Мақсаты: сын тұрғысынан ойлау әдісі арқылы топпен мұхиттардың ластану мен туындайтын проблемалары жайлы талқылау. Дүниежүзілік мұхиттың ластану жолдары мен соған байланысты туындайтын проблемаларды топпен талдаңыздар. Нәтижесінде оқушылар дүниежүзілік мұхиттардың ластану проблемаларын талқылап айтады. Бағалау: Әр топ бір-бірін бағалау парақ шалары арқылы бағалайды. 2-тапсырма Жеке жұмыс «Зерттеу әдісі» Мақсаты: оқушылар карта арқылы дүниежүзілік мұхиттағы апаттар қай аймақтарында жиі болатынын анықтап кескін картаға түсіру Дүниежүзілік мұхиттағы апаттар қай аймақтарында жиі болатынын анықтаңыздар? Бағалау критерийі | дескриптер | балл | Мұхит проблемаларын біледі | Мұхиттың ластану жолдарын анықтайды | 1 | Мұхит апатттарының болу себептерін біледі | Мұхит проблемаларының шешу жолдарын анықтайды | 1 | 3-тапсырма. Саралап оқыту тәсілі негізге ала отырып оқушылардың жеке қабілеттерін ескере мақсатында әртүрлі топтар үшін деңгейлік тапсырма: 1-деңгей.Дүниежүзілік мұхит суларының ластануын болдырмау жолдарын талдау жаса. 2-деңгей. Дүниежүзілік мұхит апаттары неден туындайды? 3-деңгей.Мұхиттар қандай өнімдермен жиі ластанады? Барлығы:3-деңгейді орындай алады Көбісі:3және 2 деңгейді орындай алады Кейбіреуі:1-деңгейді орындай алады. | АКТ,атлас,кескін карта, постер, маркер, бағалау паракшасы бейнекөрсетілім |