kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстан жазықтары, үстірттері мен қыраттары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • Қазақстанның жазықтары, үстірттері мен қыраттарының орналасуын картадан көрсетіп, географиялық орындарын анықтау.
  • Оқушылардың баяндай білу, есте сақтау,шығармашылық дағдыларын, картамен жұмыс істеу  қабылеттерін дамыту.
  • Өз елін, жерін сүюге оны қорғауға,іздемпаздыққа, мәдениеттілікке баулу. Ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар:  Қазақстан физикалық картасы, атлас,кескін карта

Сабақ түрі;   аралас сабақ

  • топтық әдіс, ауызша сұрақ- жауап әдісі, көрнекіліктер, оқұлықпен, картамен, к/к  жұмыс, әңгіме.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстан жазықтары, үстірттері мен қыраттары.»

Сабақ:14

Сыныбы 8ә


Тақырыбы: Қазақстан жазықтары, үстірттері мен қыраттары.



Білімділік: Қазақстанның жазықтары, үстірттері мен қыраттарының орналасуын картадан көрсетіп, географиялық орындарын анықтау.



Дамытушылық:Оқушылардың баяндай білу, есте сақтау,шығармашылық дағдыларын, картамен жұмыс істеу қабылеттерін дамыту.



Тәрбиелік:Өз елін, жерін сүюге оны қорғауға,іздемпаздыққа, мәдениеттілікке баулу. Ұжымдылыққа тәрбиелеу.


Көрнекті құралдар: Қазақстан физикалық картасы, атлас,кескін карта

Сабақ түрі; аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: топтық әдіс, ауызша сұрақ- жауап әдісі, көрнекіліктер, оқұлықпен, картамен, к/к жұмыс, әңгіме.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

- сәлемдесу

- сабаққа қызығушылығын оятып, назарларын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

І .Топпен жұмыс.

  1. Топ: Тұран ойпаты

2-Топ: Торғай үстірті

Кім жылдам?

  1. Қазақстанның қазіргі жер бедері қандай күштердің әсерінен қалыптасты?

  2. Жер сілкіну кестесі мен оның күшін қалай анықтайды?

  3. Біздің өлкеміз қандай сейсмикалық зонаға жатады?

  4. Жер бедерін өзгертетін сыртқы күштерді ата.

  5. Ішкі күштер – дегеніміз не?

  6. Тектоникалық қозғалыстар дегеніміз не?

  7. 1964 жылы үш сейсмолог ғалым есімдерінің бас әріптерінен құралған кесте қабылданды – олар кімдер?

  8. Сыртқы күштер- дегеніміз не?

  9. 1887 жылы маусымда ,қай қалада Жер сілкіну қанша балдық күшпен болды.

  10. Медеу шатқалында сел тасқыны – қашан болды?

  11. 1921 жылы шілде айында болған сел тасқыны кезінде су астында қалған қала?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жер шарындағы жер бедерінің барлық пішінін Қазақстан жерінен кездестіруге болады. Республика аумағының ұзақ уақыт геологиялық тарихи дамуы нәтижесінде қазіргі жер бедерінің пішіндері пайда болды.


«Ой қозғау?»

  1. топ тапсырмасы. Қазақстан жерінде қандай ірі жазықтар бар?

  2. топ тапсырмасы . Қазақстан аумағында қандай үстірттер мен қыраттар бар?


«Тапқыр болсаң тауып көр?».

Ү. Кескін картамен жұмыс



  1. топқа. Батыс Сібір жазығының Жер бедерін түсір

  2. топқа. Тұран жазығының жер бедерін түсір


«Кім ұтқыр?»

ҮІ-шығармашылық жұмыс

1- топқа. Өзіміз оқыған бір жазыққа жарнама жасау

2 -топқа Егер мен Алматы облысының әкімі болсам, экологияны жақсарту үшін не істер едім...



1. Жазықтар

Қазақстан жерінің үштен бірін Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі, Тұран ойпаты мен Каспий маңы ойпаты алып жатыр.

Батыс Сібір жазығының оңтүстік аймағы республиканың солтүстігінде, солтүстік-шығысында Орал тауларынан Алтайға дейін созылған ұзынша өңірді қамтиды. Бұл жазықтың жер бедері біріңғай тегіс. Қай жерлерінде ғана солтүстік-шығыс бағытта 2-8 км-ге созылған 5-15 м аласа жалдар мен жондар бар. Батыс Сібір жазығы Ертіс маңы және Есіл-Тобыл жазықтары болып екіге бөлінеді.

Тұран ойпаты Орта Азияның солтүстік- батысты және Қазақстанның оңтүстік-батысындағы едәуір жерді алып жатқан ойпаң өңір. Сырдария өзені Тұран ойпатын Қазақстан жерінде екі бөлікке – солтүстікке және оңтүстікке бөледі.Оңтүстігін Қызылқұм,солтүстігін Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық құмдары алып жатыр.

Каспий маңы ойпаты солтүстігінде Жалпы Сырт қыраты, шығысында Орал алды үстірігі, оңтүстігінде Каспий теңізінің аралыңында жатыр.Каспий теңізі жағасындағы ойпат теңіз денгейінен 27 м төменде жатыр. Теңізден қашықтаған сайын, оның биіктігі бірте-бірте көтеріліп, 100 м-ге дейіг брады.каспий маңы ойпатында күмбез тәрізді қыраттарда кездеседі.Олрдың кебіреулерінің биіктігі 100 м- ге көтеріліп, тегіс жазықтардың арасынан құм төбелер көрінеді.Ойпаттың оңтүстік бөлігінде биіктігі 10-45м, ұзындығы 25 км, ені 200-300м, ара қашықтығы 1-2 км шамасындағы бэр төбешіктері кеңінен таралған.

2. Үстірттер мен қыраттар

Қазақстан жер бедерінің биігірек үлкен бөлігін қыраттар алып жатыр. Олар Үстірт, Торғай, орал алды үстірттері, Жалпы Сырт қыраттарының бір бөлігі, Бетпақдала және Балқаш маңындағы жазықтар.

Үстірт солтүстік және солтүстік-батысында Каспий маңы ойпатымен, батысында маңқыстау жазығымен шектеседі.Үстірт –теңіз деңгейінен биіктігі 200м-ге жуық биіктік үстіндегі жазық.Қазақстан жеріндегі ең биік тұсы – Мұзбел жоны, биктігі 340м.Үстірт салыстырмалы биіктігі 150м-ге дейін жететін тік жарлармен шектеледі.

Торғай үстірті шығыстағы Сарыарқа ,батыстыстағы Мұғалжар және Оңтүстік Оралдың аралығында жатыр.Үстірттің орталығында солтүстіктен, оңтүсткке созылып жатқан ойыс – Торғай қолаты бар, оны Торғай бұғазы немесе Торғай қақпасы деп те атайды.

Орал алды (Жем) үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тау аралығында жатыр. Үстірттің абсолюттік орташа биіктігі 100 м-ден 300 м-ге жуық. Ол солтүстік –шығысында 400-500 м-ге биіктейді де, оңтүсткке қарай аласарып, төбелі-жонды жазыққа ұласып кетеді.

Жалпы Сырт – Орал тауы мен Еділ өзені аралығында үлкен қырат. Қазақстанға оның қиыр оңтүстк шағын бөлігі кіреді.

Бетпақдала үстірті шығысында Балқаш көлі, батысында Сарысу және оңтүстігінде Шу өзені, солтүстігінде Сарыарқа аралығында жатқан аймақ.Жер бедерінің абсолюттік биктігі 300-350 м.Сарыарқаға ұласатын солтүстік –шығысы бөлігі биіктеу (400-700м) келеді.Оңтүстік-батысы құмтас,саз, малтатастан түзілген жазық (биіктігі 200-300м) және аласа бөлігі ежелгі теңіздік және континенттік шөгінділерден түзілген.

Балқаш маңы жазығы- Балқаш көлінің оңтүстік жағасында, оңтүстік –шығысында Жетісу Алатауы, оңтүстігінде Іле Алатауы мен батысында Шу –Іле тауларының аралығында жатқан аймақ.Жазықтың құрылысына тән өзіндік ерекшелігі – жекеленген таулы қыраттармен көмкерілген. Балқаш маңы жазығында көптеген құрғақ арналар кесіп өтетін құмды шөл Тауқұм, Сарыесік Атырау құмы және Бақанас тақырлы, сазды-құмды жазығы созылып жатыр. Балқаш маңы жазығында қырқалар мен бекіген құмды жалдар басым, төбелі құмдар мен сазды-құмды жерлер кәдімгі шағылдармен алмасып отырады.



ІV. Бекіту

К/К Қазақстанның ойпаттары мен қыраттарын түсіріңдер

V. Қорытынды «Сұлулықты сақтау, көркемділікті қорғау- өмір сүрудің сара жолы»-деген нақыл сөзбен сабақты қорытындылау.


  • Бағалау

Үй тапсырмасы Қазақстан жазықтары











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Қазақстан жазықтары, үстірттері мен қыраттары.

Автор: КасеноваГульхан Кайбылдаевна

Дата: 19.12.2016

Номер свидетельства: 371109

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) ""А?Ш. Хал?ы ж?не елдері"  ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(41) "ak-sh-khalk-y-zh-nie-ieldieri-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "197970"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428335901"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства