Просмотр содержимого документа
«?аза?станны? физикалы? географиясы»
13.10.2015ж.
8 «Ә» сыныбы. Қазақстанның физикалық географиясы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан жазықтары мен ойпаттары және үстірттері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шығыс Еуропа жазығы, Тұран және Солтүстік Қазақ жазықтарының географиялық орны, геологиялық құрылысы, жер бедері, пайдалы қазбасы, климаты, өзендері, табиғат зоналары туралы оқушылардың білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың баяндай білу, есте сақтау, ойлау, картамен жұмыс істеу, шығармашылық дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Өз елін, жерін сүюге, оны қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Оқулық, Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карта, кеспе қағаздар, интерактивті тақта.
1. Жер бедері қандай күштердің әсерінен қалыптасады? (ішкі және сыртқы күштердің).
2. Жер сілкіну дегеніміз не? Жер сілкіну процестерін қандай ғылым зерттейді? (Жер сілкіну – ішкі күштердің әсерінен жер бетінің тербеле қозғалуы. Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді).
3. Жер сілкінісін біліну-сезілу күші бойынша ажырататын қандай кестелер бар? (МSK-64, ММSK-84).
4. Жер бедерінің қалыптасуына әсер ететін қандай сыртқы күштерді білеміз? (жел, мұздықтар, эрозия, климат, күн сәулесі, сел тасқыны, т.б.).
5. Қазақстан аумағында жер бедерінің қандай формалары кездеседі? (ойпаттар, жазықтар, үстірттер, қыраттар, таулар).
6. Қазақстан жер бедерінің абсолют нүктелері қандай? Оларды картадан көрсет (Хан Тәңірі шыңы, 6995м; Қарақия ойысы -132 м).
7. Қазақстан жер бедерінің негізгі ерекшеліктері қандай? (4).
8. ММSK-84 сейсмикалық шкаласы бойынша жер сілкіну күшінің қысқаша сипаттамасы қандай? (1-4 балл – адамдар мен жануарлар сезеді, 7-9 балл – құрылыстар қирайды, 10-12 балл – жер бедері үлкен өзгерістерге ұшырайды).
(2 оқушыдан үй тапсырмасын қорытып айту сұралады)
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жаңа тақырыпты бекіту.
Кеспе қағаздарымен жұмыс.
1. Қазақстан жазықтары мен ойпаттарын картадан көрсет.
2. Қазақстан үстірттері мен қыраттарын картадан көрсет.
3. Сырдария өзені арқылы екі бөлікке бөлінген ірі ойпат (Тұран ойпаты).
4. Аумағы мұнай, газ, гипс, ас тұзы сияқты пайдалы қазбалардың кен орындарына бай, тегіз сазды жазықтар мен құм жондардан тұратын ойпат (Каспий маңы ойпаты).
5. Орал тауы мен Еділ өзенінің аралығында орналасқан, әктас, бор сияқты шөгінділерден түзілген қырат (Жалпы Сырт қыраты).
6. Жем үстіртіне сипаттама бер (Жем үстірті – Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауының аралығында жатыр. Үстірттің абсолюттік орташа биіктігі 100 м-ден 300 м-ге жуық. Кей жерлерде фосфорит, саз, құм шөгінділерінен түзілген. Орал алды үстіртінің оңтүстік бөлігін Жем өзені салалары мен көптеген ұсақ өзендер кесіп өтеді).
«Кім жылдам?» Сұрақтарға жылдам жауап беру.
1. Теңіз деңгейінен 200м биіктікке дейінгі жер бедерінің формасы қалай аталады? (ойпат)
2. Жазықтар Қазақстан аумағының қанша бөлігін алып жатыр? (1/3)
3. Батыс Сібір жазығының Қазақстан жеріндегі бөлігі қалай аталады? (Солтүстік Қазақ жазығы)
4. Тұран ойпатының аумағында қандай теңіз орналасқан? (Арал теңізі)
5. Каспий маңы ойпатының оңтүстік бөлігінде орналасқан биіктігі 10-45 метр болатын төбешіктер қалай аталады? (Бэр төбешіктері)
6. Сарыарқа мен Мұғалжар тауларының аралығында орналасқан үстірт (Торғай үстірті)
7. Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауының аралығындағы үстірт (Жем (Орал алды үстірті)
8. Сарыарқаның оңтүстігінде орналасқан аумағында ағын суы жоқ, биіктігі 300-350м болатын үстірт (Бетпақдала үстірті).
«Сандар сөйлейді»
2724,9 млн км2 – Қазақстанның жер аумағы
9 орын – Қазақстанның әлемде жер көлемі жөнінен алатын орны
3000 км – Алтай мен Еділ өзенінің аралығы
IV және V белдеулер – Қазақстан орналасқан сағаттық белдеулер
426 км – Қазақстан мен Түркменстанның шекарасының ұзындығы
6995 м – Хан Тәңірі шыңының биіктігі
-132 м – Қарақия ойысының тереңдігі
3,5 -5 млрд жыл – Жердің геологиялық жасы
12 балл – Жер сілкісінін өлшейтін сейсмикалық шкала.
Адасқан объектілер.
Карта бетіндегі жапсырылған адасқан объектілердің дұрыс орнын тауып, оқушылар қайтадан жапсырады.