Сынып: 11 Сабақ тақырыбы: §25. Италия. Экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Сабақ мақсаты: Италия, Экономикалық – географиялық жағдайы, Табиғат жағдайлары мен ресурстары, Халқы, шаруашылығы, сыртқы байланыстары туралы толық мағлұмат беру. Сабақ міндеті: 1.Білімдік: Италия, Экономикалық – географиялық жағдайы, Табиғат жағдайлары мен ресурстары, Халқы, шаруашылығы, сыртқы байланыстары туралы толық мағлұмат беру. 2.Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету. 3.Дамытушылық: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету. Сабақ түрі: аралас Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс Құрал-жабдықтар: ҚР физ картасы, ҚР әкімшілік картасы, ДЖ физикалық картасы,
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Италия экономикасы»
Ж.Ш Бекбенбетова Ы.Мұхамеджанов атындағы
орта мектебінің география пәнінің мұғалімі
Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданы,Басшилі ауылы
Сынып: 11 Сабақ тақырыбы: §25. Италия. Экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Сабақ мақсаты: Италия, Экономикалық – географиялық жағдайы, Табиғат жағдайлары мен ресурстары, Халқы, шаруашылығы, сыртқы байланыстары туралы толық мағлұмат беру. Сабақ міндеті: 1.Білімдік: Италия, Экономикалық – географиялық жағдайы, Табиғат жағдайлары мен ресурстары, Халқы, шаруашылығы, сыртқы байланыстары туралы толық мағлұмат беру. 2.Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету. 3.Дамытушылық: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету. Сабақ түрі: аралас Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс Құрал-жабдықтар: ҚР физ картасы, ҚР әкімшілік картасы, ДЖ физикалық картасы, мектеп атласы, кескін карта, Барысы: І. Ұйымдастырушылық кезең 1.Сәлемдесу 2.Балаларды түгендеу. 3.Балалардың назарын сабаққа аудару ІІ. Өткен сабақты шолу Әр елдің мемлекеттік тілімен амандасу. 2 топқа бөлу Жаңа сабақты ашу. Бұл жоғары дамыған елді “теңіз бен тау елі” деп атайды. Оның келбеті машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, шарап өндірісі мен субтропиктік егіншілік анықтап береді. Бұл әлемге атақты музыканттарды, көркемсурет шеберлерін сыйлаған. Шетілдік туризмнен көп пайда түсіреді, жыл сайын 36 млн.-ға жуық туристер келеді. Италия Жер көлемі – 301, 3 мың км2 Халқы – 61,3 млн адам (2014) Астанасы – Рим қаласы Мемлекеттік құрылымы – парламанттік республика Мемлекет басшысы- президент Заң шығарушы органы- парламент Мемлекеттік тілі - Италян тілі Ақша бірлігі-еуро
Географиялық орны: Италия Республикасы – Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет.. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан - Марино) орналасқан. Әкімшілік - территориялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5 - еуінің (Сицилия, Сардиния, Трентино - Альто - Адидже, Валле Д’Аоста, Фриули - Венеция - Джулия) ерекше автономиялық мәртебесі бар. Облыстар 110 провинциядан тұратын 20 облысқа бөлінеді. Табиғаты ● Италия қоңыржай белдеудің орманды аймағы (Солтүстік) мен субтропиктік белдеуде (Оңтүстік) орналасқан. ● Жерінің 4/5 бөлігі – тау мен қырат. Ең биік жері – (4807) Альпі тауында ондаған ірі мұздықтар бар. ● Альпінің оңтүстігіндегі Падан жазығы Апеннин тауына жалғасады. Оңтүстігінің қиыр шеті – Калабрия тауы. Аралдарының көбі таулы, жанартаулы келеді. ● Пайдалы қазбалары: тас көмір, лигнит, мұнай, табиғи газ, қорғасын, темір кентасы, күкірт, т. б. Сынап кенінің табиғи қоры жағынан ел дүние жүзінде Испаниядан кейін 2 - орында.. Елдің басты өзені – По (ұзындығы 652 км) (Рим қаласы осы өзеннің жағасында орналасқан), үлкен өзендер қатарына Адидже, Брента, Рено, Арно, Тибр, т. б. жатады. Ірі көлдерінің көпшілігі (Гарда, Комо, т. б.) Альпі тауында орналасқан. Жері құнарлы қоңыр топырақты және шалғынды. Альпінің 800 м - ге дейінгі биіктіктерінде жалпақ жапырақты (емен, үйеңкі) ормандар, ал онан жоғары қарай шамшат және қылқан жапырақты ормандар, ал ең жоғарғы бөлігінде субальпілік шалғындар өседі. Падан (По) жазығында егіншілік жақсы дамыған. Апеннин тауы мен Сицилия, Сардиния аралдарында мәңгі жасыл шық тоғайлар, емен, шамшат ағаштары өседі. Альпі және Апеннин тауларында тау ешкі, жабайы мысық, сусар, күзен, абруц аюы кездеседі. Италияда 400 - ге тарта құс мекендейді. Көрші теңіздері балыққа бай. Экономикасы Италия – әлемдегі аса жоғары дамыған жетекші елдердің бірі. Ұлттық табыс көлемі (1146, 2 млрд. АҚШ доллары, 1997) жағынан дүние жүзінде АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Франциядан кейін 6 - орында, оны жан басына шаққанда 3 - орында. Экономикадағы өнеркәсіп үлесі – 35, 6%, ауыл шаруашылығы – 3, 9%, қызмет көрсету – 60, 5%. Халқының 70%- ы – қызмет көрсету, 22%- ы – өнеркәсіпте, 8%- ы – ауыл шаруашылығында жұмыс жасайды. Экономикасында шет ел капиталының үлесі үлкен. Экономикасындағы негізгі салалары: машина жасау, автомобиль жасау, тамақ, химия, тігін, металлургия, т. б. Соңғы жылдары роботтар мен электронды жабдықтар өндірісі тез дамып келеді. Ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде. Астық өнімдерінен бидай, жүгері, күріш (Еуропада 1 - орында), оған қоса жеміс - жидек, жаңғақ, жүзім (90%- ы – шарап жасауға жұмсалады), помидор өсіріледі. Еуропалық одақтың талабы бойынша мал шаруашылығы аса дамытылмай, көбінесе, сүтті және етті мүйізді ірі қара өсіріледі. Теңіз саудасы жақсы дамыған: экспорттың 60 – 65%- ы, импорттың 80 – 90%- ы сауда флотының үлесінде (жүк тасу мөлшері бойынша әлемде 10 - орында).
Италия – аса ірі туризм орталығы (жылына 50 млн - нан аса адам туристер келеді). Ел сыртқы сауда мөлшері бойынша дүние жүзінде 6 - орында. Сыртқы саудадағы негізгі әріптестері Еуропалық одақ елдері (ең алдымен Германия, Франция, Ұлыбритания) – 40%- дан астам, АҚШ (7%), Жапония, Орталық және Шығыс Еуропа елдері, т. б.
Қазақстанмен қарым - қатынас жақсы жолға қойылған. Еліміздің Президенті Н. Назарбаев 2 рет (1994; 1998) ресми сапармен Италияда болып қайтты. 1997 жылы Италия Президенті О. Л. Скальфаро Қазақстанда болды. Италия еліміз экономикасындағы шет ел инвесторлары арасында 7 - орында. Республикада 12 италиялық фирма өкілдігі, 46 бірлескен компаниялар жұмыс жасайды. Оның ішінде аса ірілері ретінде “Аджип” (Қарашығанақта), “Сайпен”, “Ди Анжели Индейстриз”, т. б. айтуға болады. Екі ел арасында қаржы, мәдениет, оқу - ағарту, туризм салалары бойынша да көптеген келісімдер жасалған. 1999 жылы Рим, Легче, Неаполь қалаларында Қазақстаннан табылған “Алтын адам” экспонатының көрмесі болып өтті. 1.Аумақтық құрамы және экономикалық –географиялық жағдайы. І топ тапсырмасы
№
ЭГЖ
Геосаяси жағдайы
1
ІІ топ тапсырмасы Италия мемлекетінің маңындағы «Ергежейлі» елдердің астаналарын табу.
«Ергежейлі» Елдер атаулары
Жер аумағы,км
Халық саны мың адам
Астанасы
Басқару түрлері
Андорра князьдігі
468
68
Андоррала-Велья
Парламенттік Монархия
Мальта Республикасы
316
397
Валлетта
Парламенттік
Республика
Сан-Марино
Республикасы
61
27
Сан-Марино
Парламенттік Республика
Монако князьдігі
1,9
32
Монако
Конституциялық Республика
Ватикан мемлекеті
0,44
1
Ватикан
2 Халқы І топ тапсырмасы 1 тапсырма Табиғи өсімді анықтау. Туу коэффициенті - 9% өлім коэффициенті- 10 % Табиғи өсім-?
2 тапсырма Оқулық мәтініндегі сандық мәліметтерді пайдаланып диаграмма құрастырыңдар. Халықтың жастық құрылымы
ІІ топ тапсырмасы
1 тапсырма Туу коэффициенті - 9% өлім коэффициенті- 10 % Табиғи өсім-?
2 тапсырма Оқулық мәтініндегі сандық мәліметтерді пайдаланып диаграмма құрастырыңдар. Еңбек ресурстары құрылымы
І топ тапсырмасы: Жарнама «Тур шақырамыз»
Қосымша тапсырма
Италия – аса ірі туризм орталығы (жылына 50 млн - нан аса адам туристер келеді). Ел сыртқы сауда мөлшері бойынша дүние жүзінде 6 - орында. Сыртқы саудадағы негізгі әріптестері Еуропалық одақ елдері (ең алдымен Германия, Франция, Ұлыбритания) – 40%- дан астам, АҚШ (7%), Жапония, Орталық және Шығыс Еуропа елдері, т. б.
Қазақстанмен қарым - қатынас жақсы жолға қойылған. Еліміздің Президенті Н. Назарбаев 2 рет (1994; 1998) ресми сапармен Италияда болып қайтты. 1997 жылы Италия Президенті О. Л. Скальфаро Қазақстанда болды. Италия еліміз экономикасындағы шет ел инвесторлары арасында 7 - орында. Республикада 12 италиялық фирма өкілдігі, 46 бірлескен компаниялар жұмыс жасайды. Оның ішінде аса ірілері ретінде “Аджип” (Қарашығанақта), “Сайпен”, “Ди Анжели Индейстриз”, т. б. айтуға болады. Екі ел арасында қаржы, мәдениет, оқу - ағарту, туризм салалары бойынша да көптеген келісімдер жасалған. 1999 жылы Рим, Легче, Неаполь қалаларында Қазақстаннан табылған “Алтын адам” экспонатының көрмесі болып өтті.
ІІ топ тапсырмасы: Газет шығару. «Италияның табиғаттын қоғау»
Елде жалпы ауданы 2 мың км2 болатын төрт ұлттық саябақ бар:
Гран-Парадизо мен Стельвио Альпіде, Абруцио саябағы Апеннин тауларында ал,Чирчео жағалаулардағы табиғат ландшафтыларды сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған.
Бекіту:
«Дұрыс - бұрыс» ойыны
Италияның астанасы – Ватикан. (Рим )
Ел әкімшілік жағынан 20 облыстан тұрады. (94 провинция, 20 облыс)
Елдің оңтүстік –батысында Сицилия, Сардиния аралы бар.
Мемлекеттік құралымы жөнінен 1946 жылдан бері Президент басқаратын Конституциялық Республика.(Парламентті Республика)
Италия халқының саны бойынша шетелдік Еуропада төртінші орында.
Халқының 94%- ы еврейлер. (Италиян)
Рим қаласында ең үлкен мемлекет орналасқан. (Ергежейлі мемлекет - Ватикан)
Аса ірі сөнбеген жанартау. (Этна)
Италияндықтар үшін маңызды рөл, бұл – отбасы.
Италияда «мәңгілік қала» атанған қала – Агуста. (Рим) Тест тапсырмалары 1.Италия ауданы (мың км2 ) А) 301,3 Ә)310,7 Б) 360,3 2.Италияның астанасы А)Милан Ә)Рим Б) Венеция 3.Италия қандай түбекте орналасқан А)Балқан Ә)Пиреней Б)Апенин 4.Италия территориясындағы тәуелсіз мемлекеттер А)Ватикан, Сан-Марино Ә)Кипр, Венеция Б)Ватикан, Кипр 5.Рим қаласы қандай өзен жағалауында орналасқан? А)Волга Ә)По Б)Арно 6.Сынап кеніның қоры бойынша дүние жүзінде нешінші орын алады? А) 1 Ә) 2 Б) 3 7.Колизей кешені қай қалада орналасқан? А) Милан Ә) Неаполь Б) Рим 8.Мал шаруашылығында ең жақсы дамыған А)ірі қара Ә) қой Б)шошқа 9. Сауда қатынасы қандай көлік түрімен жасалады А)өзен Ә)теміржол Б)теңіз 10.Италия қандай шоқтығы биік өнердің отаны А)танго Ә)опера Б)театр Бағалау Үйге тапсырма • Италия мемлекетін оқу, мазмұндау; • Италияның қазіргі экономикалық жағдайы туралы мағлұмат алып келу;