Сабақтың тақырыбы: | Еуразия материгінің жер бедері мен пайдалы қазбалары. |
Блум таксономиясы бойынша мақсаттар жүйесі: | Білу(тану): Еуразия материгінің жер бедерінің негізгі түрлері мен қазбаларын білу. Түсіну: Материктің жер бедерінің дамуы мен негізгі түрлерін түсіну және сипаттай алу. Қолдану: Жер бедерінің алуан түрлі болуы мен негізгі белгілерін кескін картада белгілеу. Талдау: Еуропа мен Азия жер бедерінің ұқсастықтары мен пайдалы айырмашылықтарын талдай алуы. Жинақтау: Жер сілкіну мен жанартаулардың жер бедеріне тигізіетін әсерін сипаттау . Бағалау: Өздерің тұратын жердегі жер бедерінің пішіндерін сипаттаңдар, олардың қандай құрылымға сәйкес келетінің карта бойынша мысал келтіріңдер. |
Күтілетін нәтижелер: | Білу(тану): Еуразия материгінің жер бедерінің негізгі түрлері мен кездесетін пайдалы қабалардың түрлерін біледі. Түсіну: Материкттің жер бедерінің даму ерекшеліктерін түсінеді Қолдану: Жер бедерінің алуан күрделі екенің анықтайды. Талдау: Еуропа мен Азияны жер бедерінің ұқсастығы мен айырмашылығын табады. Жинақтау: Жер сілкіну жиі болып тұратын аймақтарды анықтайды,карта бойынша көрсетеді. Бағалау: Өздерің тұратын жердің жер бедеріне карта бойынша мысал келтіре отырып, қандай құрылымға сәйкес келетінің айтады. |
Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: | «Сематикалық карта» ,«Қима қағаз», Кластер, Ассосация «Тілек ағашы» ,«Сұхбат алу» әдісі , |
Оқушыларды оқыту үшін бағалау түрлерін кіріктіру: | Топты көшбасшы бағалайды . |
Қажетті ресурстар: | Интербелсенді тақта , әр түрлі көкөністер арқылы, Дүние жүзінің физикалық картасы, Кескін карта, атлас, маркер, стикер, слайд, бағалау парағы,, тілек ағашы суреті.5 |
Сабақ барысы |
Уақыт | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушылар іс-әрекеті | Әдіс-тәсілдер | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі (3 мин) | Оқушылармен амандасу,сыныпты түгендеу, Топқа түрлі түсті көкөністер арқылы бөлу.(І- ІVтопқа) Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: «Шаттық шеңбері» | Мұғаліммен амандасады,сыныптағы жоқ оқушыны айтады. Оқушылар ортаға шеңберге тұру арқылы бір-біріне жақсы тілектерін білдіреді. | «Шаттық шеңбері» | Интербелсенді тақта, түрлі- түсті қағаздар |
Білу, тану (7 мин) | Өткен тақырыпты тексеру: Ітоп: Кескін карта мен жұмыс беріледі(мұхиттарды,теңіздерді,шұңғыма,ағыстарды )белгілейді. ІІтоп: Тест тапсырмасы. ІІІтап: Географиялық диктант ІVтоп: Сематикалық карта кесте толтыру. Көшбасшы бағалайды | Әрбір топ берілген тапсырмаларды орындайды. Бағалау парағына әр топтың көшбасшсы бағалап отырады. | «Сематикалық»карта | Кескін карта, Дүниежүзі физикалақ карта |
Түсіну Талдау (6мин) | Оқулық мәтінмен жұмыс Ітоп:Еуразия жер бедерінің дамуы мен ерекшеліктері. ІІтоп:Жер сілкіну мен жанартаулық аймақтар. ІІІтоп:Жер бедерінің негізгі түрлері. ІVтоп:Пайдалы қазбалары. Көшбасшы бағалайды. | Берілген мәтін бойынша әр топ жұмыс жасайды. Еуразия материгінің жер бедері мен пайдалы қазбалары тақырыбын оқулық мәтінінен оқып шығады,әр топ бір-біріне топ ішінде өзара түсіндіреді. Түсіну-4мин. Талқылау-2мин. Оқушылар өз ойларын ашық айтады,сыни көзқарас танытады. | | Оқулық,атлас карта |
Қолдану. (2мин) | Постермен жұмыс. Ітоп: «Қима қағаз»әдісі ІІтоп:Картасын бейнелеу ІІІ топ: Кластер ІVтоп:Ассосация құру. | Әр топ постерді қорғайды. Әр топ берілген тапсырмалары бойынша шығармашылық жұмыс жасайды. | Кластер «Қима қағаз» Ассосация | |
Жинақтау(6мин) (2мин) | «Сұхбат алу»әдісі бойынша әрбір топқа бір оқушыға стикер беріледі сол оқушы жүргізуші болады.(сұрақ-жауап) Слайд «Жер сілкіну»аймақтары. | Әр топтағы стикерді алған бір оқушы шығып бүгінгі сабақ бойынша сұрақ қояды. Дарынды оқушының жұмысы. | «Сұхбат алу» әдісі | |
Бағалау (1мин) | Әр топты көшбасшысы бағалайды,қорытынысын шығарады. | Өз бағаларын біледі,күнделікке қойдыртады. | | |
Рефлексия (2мин) | «Тілек ағашына»Не білдім? Нені білемін? Нені білгім келеді? Стикерге келесі сабаққа ұсыныс,пікірлер,талап-тілектер жазып іледі. | Егер сабақты түсінсе жасыл жапырақты ,ал түсінбесе сары жапырақты стикерді жабыстарады. | «Тілек ағашы» | Стикер,ынтымақтастық ағашы |
Келесі тапсырма | 1.16-17 тақырыпты оқу, 2.Кескін картаға Еуразияның пайдалы қабалары мен ежелгі платформаларын және жанартауларды түсіру. | Күнделіктеріне үйге берген тапсырманы жазып алады. | | |