Бір жылы с?з - ?ысты? ?ш айын да жылы етуі м?мкін.
2.О?ушылар ?здері та?дап ал?ан т?стер бойынша топ?а б?лінеді.
3.Балалар?а ба?алау пара?ы таратылады.
?ызы?ушылы?ын ояту «Ми?а шабуыл»
1-тапсырма
1.Балалар ?здері та?да?ан т?стерді біріктіре отырып онда берілген географиялы? координатаны карта бойынша іздеп ?з топтарыны? атын аны?тайды.Сол айма??а карта бойынша ?ыс?аша сипаттама беру.(Мемлекет,астанасы,орналас?ан жері)
1-топ 35?с.е 140?ш.б Токио( Фудзияма)
2-топ 63?с.е 19? б.б .Исландия. (Гекла)
3-топ 6?о.е 105?.ш.б Индонезия(Кракатау)
2-тапсырма.
Білім шахарынан келген хат.
??рметті жас достар елімізде ?тетін білімділер сайысына алып ??рылы?ымызды? т?пкір-т?пкірінен келмекші.Сіздерге де ?з білімдері?ізді сынау?а м?мкіндік туып т?р.
Просмотр содержимого документа
«Еуразия материгі.Ашы? саба? жоспары »
Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп
Еуразия материгі
Қайталау сабағы
География пәні мұғалімі:
Абдрахманова .О.А
Сабақтың тақырыбы: Еуразия материгі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Еуразия материгі тақырыбы бойынша алған білімдерін қорытындылап ,бір жүйеге келтіру.
Дамытушылық:Табиғи обьектілер мен табиғи үрдістер арасындағы себеп-салдар байланыстарын анықтай білуге үйрете отырып,оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.Өз бетімен жұмыс істей білуге,еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Пәнаралық байланыс:жаратылыстану,тарих,биология,қазақ тілі
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру. Сәлемдесу, сабаққа назарын аудару
Психологиялық дайындық. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-бірінің бойындағы жақсы қасиетті табиғат құбылысына теңеп,жылы лебіздерін білдіреді.
Тақтада даналық сөз.
Жақсы сөз жан сүйіндірер,
Бір жылы сөз - қыстың үш айын да жылы етуі мүмкін.
2.Оқушылар өздері таңдап алған түстер бойынша топқа бөлінеді.
3..Балаларға бағалау парағы таратылады.
Қызығушылығын ояту «Миға шабуыл»
1-тапсырма
1.Балалар өздері таңдаған түстерді біріктіре отырып онда берілген географиялық координатаны карта бойынша іздеп өз топтарының атын анықтайды.Сол аймаққа карта бойынша қысқаша сипаттама беру.(Мемлекет,астанасы,орналасқан жері)
1-топ 35̊с.е 140̊ш.б Токио( Фудзияма)
2-топ 63̊с.е 19̊ б.б .Исландия. (Гекла)
3-топ 6̊о.е 105̊.ш.б Индонезия(Кракатау)
2-тапсырма.
Білім шахарынан келген хат.
Құрметті жас достар елімізде өтетін білімділер сайысына алып құрылығымыздың түпкір-түпкірінен келмекші.Сіздерге де өз білімдеріңізді сынауға мүмкіндік туып тұр.
Біздің мекен жай : «Білім шахары» 51̊с.е 71̊ш.б
Оқушылар географиялық координатаны анықтай отырып хаттың қай ел, қай қаладан келгенін анықтайды.
(Қазақстан.Астана қаласы)
(Балалар географиялық нысандарды анықтай отырып қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?)
Оқушылар өздері тұратын елді мекен мен Білім шаhары аралығын карта арқылы анықтап,сипаттайды.
1.Жер бедері. (таулар,жазықтар)
Климаттық белдеу
2.Өзен,көлдер.
3.Табиғат зоналары
4.Елдер (мемлекет)
3-тапсырма
Білім шаhарына бару үшін жолда жүру билетін алу керек. Ол үшін мына тапсырмаларды орындау керек.
1-топ.Еуразия материгінің географиялық орнына сипаттама бер.
2-топ.Еуропа мен Азия дүние бөліктерінің шекараларын көрсетіңдер.
3-топ.Еуразия материгінің жер бедеріне сипаттама бер.
Жолда жүру билетін алып, сапарға шықты.
4-тапсырма. (1аялдама)
Материк жағалауындағы теңіз,түбек,арал,шығанақ,бұғаздарды атау.
Оқушылар тақтадағы кескін картаға тиісті сөздерді өз орындарына қойып шығады
Жазықтар:Шығыс Еуропа, Батыс Сібір,Үнді-Ганг,Ұлы Қытай, Месопотамия ойпаты
Таулар: Гималай, Тянь-Шан,Альпі,Орал,Алтай
Өзендер мен көлдер : Байкал,Балқаш,Хуанхэ,Енисей,Еділ,Ганг
7-тапсырма (4-аялдама)
Кім жылдам.
1-топ
Еуразияның көлемі. (54 млн км²)
Ең биік сөнбеген жанартау(Ключевская шоқысы)
Қытай тілінен аударғанда «сары өзен» дегенді білдіреді (Хуанхэ)
Материктегі ірі сейсмикалық белдеулер.(Альпі-Гималай,Тынық мұхиттық)
-71̊С температура тіркелген елді мекен.(Оймякон)
Тынық мұхитына құятын өзендер (Амур,Янцзы,Хуанхэ)
Қазақтың тұңғыш саяхатшы географ ғалымы (Ш.Уалиханов)
2-топ
Еуразия дүние бөліктері(Еуропа,Азия)
Ең биік нүктесі (Джомолунгма 8848)
Байкал көлінің тереңдігі қанша (1620)
Тянь-Шан тауын зерттеген саяхатшы(П.П.Семенов)
Ең үлкен түбек (Арабия түбегі)
Еуразияның жауын-шашын көп түсетін аймағы.Черапунджи 12000мм
Материктегі ең үлкен аумақты алып жатқан белдеу(қоңыржай)
3-топ
Хуанхэ,Янцзы өзендерінің бастауларын тапқан саяхатшы (Н.М.Пржевальский)
Азия қандай мағынаны білдіреді (Шығыс)
Альпі тауының ең биік шыңы.(Монблан)
Тынық мұхит жағалауында қалыптасатын климат(Муссондық
Экваторлық белдеудегі табиғат зонасы (Ылғалды ормандар зонасы)
Еуразия халқының саны (4млрд)
Көлемі ең ірі мемлекет (Ресей)
8-тапсырма(5аялдама)
Сұрақ:Ішкі өзендер Солтүстік мұхиттың Баренц теңізіне құяды. Бір ендікте орналасқан Кар, Лаптевтер және Шығыс Сібір теңіздерін мұз басып жатқанда, не себептен Баренц теңізі қатпайды? Жауап беру үшін картаны пайдаланыңдар. Сұрақта қай ағыс жайында айтылған? /Солтүстік Атлант ағысы/
9 тапсырма(6аялдама)
«Білім минуты» .Тірек сөздер стратегиясы.
1-топ
Табиғат зонасы, Солтүстік мұзды мұхит,тундра,қатал, қарлы боран,топырақ,жетілмеген,мүк,қына,бұғы.
2-топ
Шөл,шұғыл континентті, +50̊, жауын-шашын аз, сұр қоңыр,құрғақшылық,төзімді,тікен,сексеуіл,терең, ылғал,сіңіреді,құм, бекітеді,түйе,құлан,бауырымен жорғалаушы.
Sinkuein стратегиясы Білім шахарына жеттік.Енді осы қаланың сұлулығынан алған әсерлерің жайлы 5-жол өлең құрастырыңдар
1.Кім?
2.Қандай?
3.Не істеді?
4.Түйін- 4-сөзден тұратын сөйлем
5. 1-Синоним сөз.
Бағалау парағы бойынша топ жетекшісі бағалайды
Рефлексия: Бүгінгі сабақты қандай көңіл күйде өткіздің?
Смайликтер арқылы көрсету.
Үйге: Еуразия материгін қайталау
Қорытынды.Бүгінгі сабақты қорытындылай келе сіздерге айтпағым еліміздің тұғырын биікке көтеретін бүгінгі күн талабына сай өз ойын,өз пікірін еркін білдіретін және оны дәлелдей алатын білімді,сауатты жас ұрпақ.Сондықтан еліміздің болашағы өздеріңнің қолдарыңда.