Тарау: 5.3С Энергия түрлері мен көздері | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып: 5 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы | Энергия түрлері мен көздері |
Оқу мақсаттары | - энергия түрлерін ажыратады; - температура мен жылу энергиясын ажыратады; - термометрді пайдалана отырып температураны өлшейді; - энергияның өзара айналымына мысалдар келтіреді. |
Сабақтың мақсаттары | Энергия түрлері мен көздері жөнінде білімдерін |
Бағалау критерийлері | энергия түрлерін температура мен жылу энергиясын ажырата алады, термометрді пайдалана отырып температураны өлшейді, энергияның өзара айналымына мысалдар келтіреді. |
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика және терминология Жылу, жарық, химиялық, механикалық және электр энергиялары, калория, энергияның сақталу заңы. Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері Менің ойымша, …себебі… … деп айтуыма … негіз болып табылады. Бұл ... түсіндіріледі. |
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы оқу, Ашықтық, Ынтымақтастық |
Пәнаралық байланыстар | Физика пәндерінің кейбір элементтері |
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтаны бейнебаян және презентация көру үшін пайдаланады. |
Алдыңғы білім | Оқушылар жылудың тірі табиғатта маңызды рөл атқаратынын және қыздырылған денелерден салқынырақ денелерге берілетінін, біледі. Үйдегі жылу көздерін біледі. Дене мен ауаның температурасын өлшеу үшін термометрді қолдана алады. Электрдің күнделікті өмірдегі маңыздылығын, электр тогы көздерін біледі. |
Сабақ барысы |
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс- шаралар | Оқыту ресурстары |
Басы 4 минут | І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға бірнеше жатығуларды жасату, соңында алақандарын бір- бірімен ысқылау. Нәтижесінде болған өзгерісті сипаттау (жылудың бөлінуі). |
|
8 минут | ІІ Жана тақырыпқа шығу жолы. Ой қозғау. Оқушылар тақтада суреттерді қарайды: қозғалыстағы автомобиль, ұшақ (механикалық энергия), жанып тұрған үстел шамы, зарядталып тұрған ұялы телефон (электр энергиясы), балауыз, Күн (жарық энергиясы), газ пеші, үй жылытқыш (жылу энергиясы), гальвани элементі (химиялық энергия). Оқушылар осы суреттерді топтар ішінде талқылағаннан кейін келесі сұрақтарға жауап береді: Автомобиль мен ұшақ не себептен қозғалады? Электр шамы мен ұялы телефон қалай жұмыс жасап тұр? Балауыз бен Күн бізге не беріп тұр? Газ пеші мен үй жылытқыш бізге не үшін керек? Гальваникалық элементінің қызметі қандай? Оқушыларға «Энергия» ұғымы барлық мысалдар үшін ортақ ұғым болуы тиіс. Мұғалім «энергия» ұғымы және энергияның өлшем бірлігі («калория») туралы жасаған таныстырылымын оқушыларымен бірге талдайды. . | ИТ презентация
|
Ортасы 8 мин | Жеке жұмыс. Оқушылар «Менің энергия көздерім» деп аталатын оңтайлы ас мәзірін дәптерлеріне құрастырады. Оқушыларға кесте ұсынылады. Талқылау. | Қосымша 1 жас ерекшеліктеріне сай азық-түлік өнімдерінің қоректік құндылығы кестесі |
10 мин
10 мин | Топтық жұмыс. Оқушылар «Балық сүйегі» (Фишбоун) әдісін қолданып, энергия түрлерін жіктейді. Әрбір топ өз ақпаратын алады. Мәтінді меңгеру жеке жүргізіледі, ал талқылауы топта жүзеге асырылады. Фишбоун тізбегі топтың ортақ тұжырымымен толтырылады. Мына ақпарат көздерінің қарастырылуы назарға алынады: жарық, механикалық, жылу, химиялық және электрлік энергияларға ортақ не екенін көрсетуді, күнделікті өмірден мысалдар келтіріп, энергияның өзара айналымын жазу ұсынылады. Топтық жұмыс критерийлері оқушылармен тақтада талқыланып, жазылады. Бекіту. Қалыптастырушы бағалау жұмысы. | |
25 мин | (Т)(Э) Оқушылар электр тогымен қыздыратын құралдың көмегімен суды қыздыру кезіндегі жылу энергиясын өлшейді. Әдіс оқушылар үшін түсінікті болуы керек: алюминий контейнерді таразыға қою, таразыны нөлге келтіру, 0,2 кг су қосу керек. қауіпсіздікті сақтау бойынша нұсқаулық өткізіледі. Дифференциация: Оқушылар температураны Цельсиймен өлшейді. Кейбір қабілеті жоғарырақ оқушылар өлшеген температураны Кельвин шкаласына аударады. Оқушылар 5 минутта суды қыздыру үшін электрқыздырғыш құрал пайдаланады. Олар алдымен судың бастапқы температурасын өлшеп, қайнатқышты қосқан кезде секундомер қосады. Оқушылар тәжірибе бойы суды араластырып отырып, әр минуттағы температураны жазып отырад. Содан кейін қайнатқышты ажыратып, суды салқындатуы керек. Тапсырманы жылдам орындаған кейбір оқушылар 0,1 кг су сияқты сол бастапқы температурасымен 0,2 кг су пайдаланып тәжірибені қайталай алады. | зертханалық жұмыс парақшалары |
15 мин | Бекіту. Бағалау (Т)(Б) Оқушылар эксперимент нәтижесін пайдаланып, кесте толтырады, температура уақыттан тәуелділігін графигін салады және қорытындысын топтарда шығарады | |
Cоңы 5 мин | Рефлексия. Ресторан әдісі бойынша. Сабақтың ең дәмді тұсы, ең ащы тұсы, келесі сабаққа не ұсынасыз? | |
Қосымша ақпарат |
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелері |
Барлық оқушылар энергия ұғымын біледі және түрлерін жіктей алады. Оқушылар температураны Цельсиймен өлшейді. Кейбір қабілеті жоғарырақ оқушылар өлшеген температураны Кельвин шкаласына аударады. | Жеке, сұрақтарға жауап беру арқылы бағалау. Қалыптастырушы бағалау жұмысы. | Партада дұрыс отыру ережесі ескертіледі. Биология кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, 3-4 немесе 7-8 сабақтарда көзге жаттығу жасау. |
Рефлексия Сабақ мақсаттары/ оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болдыма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды?Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге астыма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? 1: 2: |