Сабақтың тақырыбы: Елді мекендердің түрлері, қала халқы, урбандалу.
1.Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушыларының нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?
Білу: Елді-мекендер, қоныстар, кенттер және агломерациялар туралы білу.
Түсіну: Қалалар олардың жіктелуі, қалалардағы проблемалар және агломерациялар туралы түсінік қалыптастыру.
Қолдану: Картамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Талдау: Елді мекендердің түрлері, қалалық елді мекендердің қалыптасуы және қалалардағы қоршаған орта проблемаларына талдау жасау.
Жинақтау: Елді мекендер бойынша халықтың орналасуы, жұмыспен қамтылуына салыстырмалы сипаттама жасау.
Бағалау: Моноқалалардағы басты проблемалар туралы пікірлерін білдіру.
2.Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?
Жеке жұмыс, топтық әңгіме, гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт бөлу
3.Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз? Оқушылардың жауабын тыңдай отырып екі жетістік бір ұсыныс айту, дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау, критерий арқылы топтың жұмысын бағалау
4. Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?
Ерте болған оқышыларға қосымша тапсырмалар беру
5. Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?
Оқып үйрену нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында
Сабақтың барысы
Уақыты
Мұғалімнің іс -әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
5 минут
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару, сыныптағы оқушыларды топқа бөлу. Сынып құрамын түгелдеу, тақтаға күн ретін жазу.
-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;
- сабақтың өткізу жоспарын көрсету.
Оқушылар топқа бөлінеді.
Тақтадан күн ретін жазып алады.
сабақтың жалпы мақсатымен және өткізу жоспарымен танысады
10 минут
Кіріспе бөлім Оқушыларға жеке жұмыс жасау тапсырылады.
Кім жылдам?
Елді мекен- .......................................................................
Елді мекендер ................ . және ........................ бөлінеді.
Кенттену дегеніміз - .................................................... .