kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

География пәнінен сабақ жоспары: "Ауа райы және метеорологиялық элементтер.".

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары жаңа форматта құрылған. 7 сыныпқа арналады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«География пәнінен сабақ жоспары: "Ауа райы және метеорологиялық элементтер.".»

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 3.2 Атмосфера


Күні: 14.11.2018 ж.


Сынып: 7 «Ә»

Мектеп: №10


Мұғалімнің аты-жөні: Тургумбаева Л.С.


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ауа райы және метеорологиялық элементтер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сәйкес)

7.3.2.4 – температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтер мен құбылыстарын сипаттап, зерттеу маңыздылығын анықтайды.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: меторологиялық элементтер мен құбылыстарды түсініп сипаттай алу, оларды өлшейтін құрал-жабдықтармен танысып, өлшем бірліктерін анықтай алады.

Оқушылардың басым бөлігі: метеорологиялық элементтер мен құбылыстарын сипаттап, зерттеу маңыздылығын анықтайды.

Кейбір оқушылар: метеорологиялық элементтерінің көрсеткіштері бойынша синоптикалық карта жасайды.

Бағалау критерийі



Білу - оқушылар метеорологиялық элементтер мен құбылыстардың маңызын түсінеді, климаттық картада қолданылатын шартты белгілерді анықтайды.  

Түсіну- метеорологиялық элементтер мен құбылыстардың өзара байланысын анықтайды;

Қолдану - температура, қысым, жауын-шашын және желге байланысты өзгерістерді  өлшей алады, шартты белгілерді қолдана отырып, кез-келген аймақтың ауа-райын сипаттайды.

Талдау  - метеорологиялық элементтері мен құбылыстары туралы деректер негізінде шартты белгілерді қолданып синоптикалық карта жасайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Оқылым - айтылым : Мәтінмен танысады, оны оқи отырып метеорологиялық элементтерді (қысым, бұлттылық, температура, жел, жауын- шашын, ылғалдылық) сипаттайды және маңыздылығын түсіндіреді, қолдану аясын атайды.Суреттерді қолдана отырып, метеорологиялық құрал-жабдықтарды атайды, ажырата алады

Жазылым - тыңдалым: Синоптикалық картаны сипаттай алады

Термометр, барометр, гигрометр, желбағар, жауын-шашын өлшегіш шелек, т.б метеорологиялық-терминдерді сипаттайды, үш тілде айтады.

Негізгі сөздер мен терминдер:

Ауа-райы, атмосфералық қысым, бұлттылық, температура, жел, жауын-шашын, ылғалдылық, құрал жабдықтар: термометр, гигрометр, барометр, анемометр, флюгер

Құндылықтарға баулу

Оқушыларды топтық жұмыс арқылы бір-бірін құрметтеуге, сыныптастарының жауаптарын тыңдауға, талдау, қорытынды жасау .

Пәнаралық байланыс

Физика – табиғат құбылыстарын белгілі бір заңдылық бойынша үйренуде

Математика – кейбір метеорологиялық элементтердің көрсеткіштерін салыстырғанда және есептегенде

Бейнелеу - графикалық бейнелерді түсіргенде

Алдыңғы білім

Оқушылар осыған дейін ауа райы туралы білетін ойларын айта алады. Ауа райының элементтерін,ондағы  құбылыстары жайлы біледі. Атмосфераның құрылысы, қабаттарының ерекшеліктері туралы ойларын сипаттай алады.5-6 сыныптағы білімдері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы



«Ұйымдастыру кезеңі».

Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және тақырыпқа шығу мақсатында «Нөсер жаңбыр» жаттығуы арқылы оқушыларды топқа бөліп, тақырыпқа шығу. Нөсер жауынның музыкасы қойылады. Оқушыларға 3 түсті қолшатыр таратылады. Қолшатыр арқылы жаңбырдан қоғанып, орындарына отыра қалады, таңдаған қолшатыр түсіне қарай топқа бөлінеді.

1 топ – Сары қолшатыр

2 топ – Қызыл қолшатыр

3 топ – жасыл қолшатыр

Үй тапсырмасын сұрау «Миға шабуыл» әдісі

3 топқа жалпы сұрақ қойылады

  1. «Ауа райы» дегеніміз не? (Ауа райы дегеніміз-тропосфераның белгілі бір орында белгілі бір уақыттағы физикалық күйі)

  2. Ауа райының негізгі элементтері қандай? (Температура, ылғалдылық, атмосфералық қысым, жел бағыты мен жел жылдамдығы)

  3. Ауа райы құбылыстарына нелер жатады? (бұлт, жауын-шашын, жел)

«Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі.

Оқушыларға осы фотосуреттерге қатысты мынандай сұрақтарға жауап беру тапсырылады.

1 топ 2 топ 3 топ

Қайда? Бұл фотосуреттерді қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?

Қалай? Өз тәжірибеңізден осы фотосуреттерді қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?

Қандай? Осы сабақта бұл фотосуреттер қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?























Ауа райын өлшейтін құралдар

дың суреттері

Сабақтың ортасы


( Т) «Бірге ойлаймыз» әдісі

1 Тапсырма

1. Төмендегі сұрақтарды кітапты пайдаланып топта талдаңыз, постер қорғаңыз.

1 топ Ауа температурасы. Ауа температурасын қалай өлшейміз? Ауа температурасының тәуліктік барысы, жылдық барысы деген не?

2 топ Ауаның атмосфералық қысымы қалай және неліктен өзгереді?

3 топ Жел дегеніміз не? Жел қалай пайда болады?

Бағалау критерийі

Дескриптор

Ауа температурасы, атмосфералық қысым, жел құбылыстарын атайды.


- «ауа температурасы» ұғымына анықтама береді, өлшеу амалдарын түсіндіреді ;

- атмосфералық қысымның қалай өзгеретінін түсіндіреді түсіндіреді;

- жел қалай пайда болатынын айтады

ҚБ Бірін-бірі топтар стикер арқылы бағалайды. «Маған ұнады... себебі», «түсінікті болды......өйткені.....» «түсініксіз болды......себебі....»

Сергіту сәті

1 минут Ауада мұрынмен жазу 1-ден 10-ға дейінгі сандарды ауада мұрынмен жазып шығу


2 Тапсырма

«Бұл қалай» тәсілі

Шығарылған есепке (орындалған тапсырмаға) түсіндірме жасай отырып, әр қадамын сатылап тексереді.

Еске сақта!

Ауаның салмағы 1 см2 - 1 кг 33 грамм (1,33 кг); 100 см 2 -133 кг. Ауа температурасы әрбір 100 метр биікке көтерілгенде 0,6 °С-қа төмендейді.

Атмосфералық қысым әрбір 10 метрге көтерілгенде 1 мм-ге төмендейді. 

1-мысал. Ең жоғарғы тәуліктік температура +30ºС, ең төмен температура +20ºС болса, тәуліктік ауа амплитудасын анықтаңдар.

+30 – (+20)=+30-20=+10 (Тәуліктік амплитуда)

2-мысал. Сағ.1-де +5ºС; 7-де -2ºС; 13-те +10ºС; 19-да +9ºС болғанда тәулік ішіндегі орташа температура мен ТА анықтаңдар, ауа температурасының өзгеру графигін сызыңдар.

01: 00

07 : 00

13: 00

19 : 00

+5ºС

-2ºС

+10ºС

+9ºС

+5-2+10+9=22

22:4=5,5 (Тәуліктік орташа температура)

+10ºС-(-2ºС)=+2 ºС (Тәуліктік амплитуда)

3-мысал. Тау етегіндегі атмосфералық қысым 670 мм с.б. , ал оның басындағы қысым 440 мм с.б. болса, осы таудың биіктігі қанша ?

(670-440 мм) х 10 м = 2300 м Жауабы: таудың биіктігі 2300 м

4-мысал. Жел өрнегін салу.

Ш-6 күн О-7 СБ-9 күн ОШ-4 күн ОБ-3 күн Б-4 күн С-8 күн СШ-7 күн

Ш

О

СБ

ОШ

ОБ

Б

С

СШ

6

7

9

4

3

4

8

7

Жауабы; 1 күн=0,5 см.

Ш -6=3 см  С

О -7 күн=3,5 см СБ СШ

СБ-9 күн=4,5 см

ОШ-4 күн=2 см Б Ш

О Б-3 күн=1,5 см

Б-4 күн =2 см

С-8 күн = 4 см

СШ-7 күн = 3,5 см ОБ ОШ

О

Критерий:

- температура, қысым және желге байланысты өзгерістерді  өлшей алады6 кез-келген аймақтың ауа-райын сипаттайды, есептейді.

Дескриптор:  Білім алушы

 - температураның тәуліктік өзгерісін есептейді;

 - тәуліктік амплитуданы есептейді;

 - атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруін есептейді;

 - жел өрнегін сызады;

 «Смайликтер» арқылы бағалау, өзара бағалау.


Тірек сөздер арқылы шағын эссе жазу Ауа-райы, атмосфералық қысым, бұлттылық, температура, жел, бриз, жауын-шашын, ылғалдылық.термометр, барометр,жауын-шашын өлшегіш. (Келесі тақырыпқа дайындық)









































































































Сабақтың

соңы


Кері байланыс. «Бағалау терезесі» әдісі.

Сөйлемді аяқта....

  1. Бүгін мен ...........білдім.

  2. Қызықты болды....................

  3. Қиын болды..........................

  4. Менің түсінуімше...........................

  5. Менің қолымнан................................келеді.

  6. Мен ..................жасай алдым

  7. Мен ......................... тырысамын

  8. Мені.............................таңғалдырады

  9. Менің ..........................жасағым келеді.



1 2 3

4 5 6


7 8 9






Саралау - Сіз қандай тәсілмен қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қлай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралаудың мынандай тәсіледрін сабағымда пайдаландым.

Жіктеу тәсілі

«Нөсер жаңбыр» жаттығуы

Қарқын тәсілі

«Миға шабуыл» әдісі

«Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі.

Тапсырма тәсілі

«Бірге ойлаймыз» әдісі

Диалог және қолдау көрсету тәсілі

«Бұл қалай» тәсілі

Бағалау тәсілі

«Бағалау терезесі» әдісі.

«ҚҚҚ» әдісі


Бүгінгі сабағымда оқушылар бір-бірін «ҚҚҚ» әдісі арқылы бағалайды. Мұғалім тарапынан да бағаланады. Жетондар жинаған оқушылар бағаланады.











Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.

Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақта өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Барлық оқушылар мақсатқа қол жеткізді. Мақсатына жетпеген оқушыларға қосымша сабақ барысында түсіндіріп өтем. Сабақта саралау жүргізілді. Саралаудың жіктеу, қарқын, тапсырма, диалог және қолдау, бағалау тәсілдерін қолдандым, саралауға байланысты тәсілдерді де сабақта іске асырдым. Уақытты тиімді пайдаландым, бірақ соңғы тапсырмаларға уақыт жетпеді. Ол тапсырманы басқа сабақ барысында түсіндіріп өтем. Сабақ жоспарынан тыс ауытқу болған жоқ.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.«Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі.

2.«Бұл қалай» тәсілі

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді ( оқыту мен оқуға қатысты )?

1. Басқа да географиялық есептерге байланысты тәсілдер қолдансам, оң әсер етер еді

2. Кітаптағы тапсырмаларды көбірек қолдансам

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назр аудару қажет? Сабақ барысында топқа бөліп тапсырма орындатқаннан гөрі жұптық, жеке жұмыстар қолдануым керек. Келесі сабақта үлгерімі төмен оқушыларға жеке жұмыс дайындасам деймін.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
География пәнінен сабақ жоспары: "Ауа райы және метеорологиялық элементтер.".

Автор: Тургумбаева Лаззат Сериковна

Дата: 04.01.2020

Номер свидетельства: 534426

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Ауа райы ж?не климат."
    ["seo_title"] => string(22) "aua-raiy-zh-nie-klimat"
    ["file_id"] => string(6) "255750"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447995343"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства