1. Б.з.б. ІІІ ғасырда Сырдария алқабы мен Қаратау жотасы жерлерін мекендеген тайпалық бірлестік.
Қосымша көмек: Олардың 120 мыңға дейін жауынгерлері болған, қалалары шағын және тұйық көшелерден тұрған, үйсіндермен көршілес қоныстанған. (қаңлылар)
2. «Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас». Олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. «Сүт ішеді» деп Геродот кімдер жайлы жазған?
Қосымша көмек: Жылқы, қой өсіру маңызды болған. Киіз басу, арқан есу, жіп иіру үшін қойдың жүнін пайдаланды. (сақтар)
3. Ертеде темір қарапайым тәсілмен, пеш көрікпен өндірілетін. Ол үшін тастан не шикі саз балшықтан пеш салды. Кен тасы ұнтақтарынан балқыған темір алу үшін кемінде неше градус температура қызу қажет?
Қосымша көмек: Пештің ең жоғарғы температурасын көп дегенде 1200 градусқа жеткізуге болады? (1530 градус температура)
4. Сақ патшайымы Томирис б.з.б. 570-520 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол парсы патшасы Кирді және оның 200 мың адамын жойып жіберді. Соғыстың болу себебі неде?
Қосымша көмек: Кир әскерін өзеннен өткізіп, біршама жүргеннен кейін қостарын тікті. Келесі күні ол қулық ойлады: әдейі қорыққан болып, лагерін тастап, қаша бастаған сынай танытты. (Томиристің ұлы Спаргапис Кирдің торуылына түсіп, қайтыс болады)
5. Алматының күншығыс жағында 50 шақырымдай жерде 40-тан астам оба орналасқан. Соның ішінде «Есік обасы» да бар. Осы обада жерленген адам 17=18 жас шамасындағы сақ ханзадасы. Алтын бұйымдардың молдығына қарай бұл мәйіт «Алтын киімді адам» деп аталды. Мәйітті табытқа жатқызған. Табыт қалай аталады?
Қосымша көмек: Табыт ағаштан, яғни бөренелерді бір-біріне тығыз орналастырып жасалған. (саркофаг)
6. Арыс өзенінің сол жақ жағалауындағы жүз шаршы шақырымдай аумақта үлкендігі әр түрлі 20 шақты төбе жатыр. Солардың бірі мына суретте көрсетілген. Бұл қай қаланың үйіндісі?
Қосымша көмек: Көлемі мен орналасуына қарағанда бұл қала орталығы болған. (Көк-Мардан қаласы)
7. Қытай деректері ғұн мемлекетінің тарихын Мөде шаньюймен байланыстыра пайымдайды. Ғұндардың шығыстағы көршілері Дунху елшілері Мөдеге соғыс жариялайды. Ең жақсы тұлпарын, сұлу әйелін сұратып алады. Үшінші рет бос жерді сұратады. Мөде ашуланып: «Жер дегеніміз –мемлекеттің негізі, оны қалай береміз?» дейді. Әскерін жиып, Дунхуға шабуыл жасайды, оны талқандайды. Мөде басқарған Хунну (ғұн) державасы осылай пайда болды. Бұл оқиға қашан болды?
Қосымша көмек: Белгілі шығыстанушы Лев Гумилев оқиғаны анықтаған (б.з.б. 2009 жылы.)
8. Бұл сарбаздар туралы А. Марцеллин. Прииск жақсы сипаттаған. Ертелі-кеш ат үстінен түспейтін шапшаң атты әскер соғыс кезінде қорған бұзғыш машинаны, тас атқыш техниканы қолданды. Сипаттама қай мемлекеттің әскері туралы жазылған?
Қосымша көмек: Олардың жылжымалы, жақсы бекінген қамалдары болған. Қамал үстінде садақшылар тұрып, дұшпанға оқ жаудырған (ғұн әскері)
9. Кең байтақ өлкеміздің жер көлемі- 2 724, 9 мың шаршы шақырым. Қазақстан солтүстік, солтүстік -батыс пен шығысында Ресеймен, оңтүстік –шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстанмен шектеседі. Жер көлемі бойынша Қазақстан әлемде нешінші орында?
Қосымша көмек: Грекия, Швеция, Норвегия, Финляндия сияқты елдер сыйып кетеді. (тоғызыншы орында)
10. Салынғанына 600 жылдай уақыт болды. Ұзындығы 60 метрден, ені 45 метрден астам, биіктігі 40 метрге жуық осы алып құрылыс көріктілігімен алыстан көз тартады. Онда түрлі мақсатқа пайдаланатын 35 бөлме бар. Жүздеген жылдар өтсе де кесене алғашқы түрін сақтаған. Бүл қай кесене?
Қосымша көмек: Кесенені Әмір Темір өз қаражатына салғызған (Қожа Ахмет Йассауи)
11. Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел, мемлекет екенін білдіретін ең басты үш белгісі бар. Олар: Елтаңбасы, Туы және Әнұраны. Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ мемлекет дербес, тәуелсіз бола алмайды. Елтаңбаның мөрге бедерлеп түсірілген бейнесі мемлекет, үкімет атынан қабылданған немесе басқа да ресми құжатқа басылады. Мемлекеттік Елтаңбаға жарияланған бәйгеге 245 жұмыс түсіпті. Бәйге комиссиясының шешімі бойынша қай суретшінің жасаған Елтаңбасы бірінші орын алды?
Қоcымша көмек: Ол 1942 жылы Қызылорда облысында туған, Ферғанадағы пошта үйін, Әндіжан қаласындағы әуежай ғимаратын тұрғызған танымал суретші. (Жандарбек Мәлібекұлы)
12. Ақша-бір затты сату, сатып алу кезіндегі оның құнын білдіретін металдан, қағаздан жасаған белгілер. Қазақстан ақшалары- теңгелері металл және қағаз ақша түрінде жасалған. Теңгелер тарихын зерттейтін ғылым қалай аталады?
Қосымша көмек: Бұл термин латын тілінен енген. (нумизматика)
ІІІ- кезең «Шарықтау»
1. Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімденген биік бөліктерін таулар дейміз. Қазақстанның орталық бөлігіндегі Сарыарқаның таулары биіктігіне қарай қандай тау деп аталады?
Қосымша көмек: Бұл таулардың биіктігі 400 метрден 1000 метрге дейін (аласа таулар)
2. Адамзат тарихының белгілі бір кезеңінде өзендер айырықша орын алған. Біздің заманымызда өзендердің шаруашылық маңызы өте зор. Құлап аққан өзен суынан электр қуатын өндіреді. Еліміздің қай өзендерінде су электр станциялары жұмыс істейді?
Қосымша көмек: Өзендер еліміздің шығысы мен оңтүстігінде (Ертіс, Іле, Сырдария)
3. Бұл көлдің бір ерекшелігі – оның батыс бөлігінің суы тұщы, шығыс бөлігінің суы ащы. Бұл қай көл?
Қосымша көмек: Көлемі жағынан Қазақстанда 3 орында. (Балқаш)
4. Бөген дегеніміз-жасанды су қоймасы. Ол халықтың, өнеркәсіп орнын, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етеді. Іледегі бөген қалай аталады?
Қосымша көмек: Бөгенде жиналған су қоры су жолы үшін де маңызды. (Қапшағай)
5. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын шаруашылық мақсаттарға ұқыпсыздықпен пайдалану салдары қай теңіздің тартылуына әкеп соқтырды?
Қосымша көмек: Қазіргі кезде теңіз суы 2 қоймаға бөлінген. Жағасы 100-200 км-ге дейін шегінген. (Арал)
6. Канал дегеніміз- жасанды өзен. Канал арқылы бір өзен мен екінші өзен жүйесі жалғасып, қолайлы су жолдары пайда болады. Еліміздегі атақты каналды ата.
Қосымша көмек: Ұзындығы 500 км, ені 40, тереңдігі 5-7 метр. (Ертіс-Қарағанды)
7. Бұл қала 1830 жылы патша үкіметінің далалық аймақтағы бекінісі ретінде орнады. Қала 1832-1961 жылдары Ақмола, 1961-92 жылдары Целиноград, 1992-1998 жылдары қайтадан Ақмола деп аталды.
Қосымша көмек:1998 жылы 6 мамырда Елбасы жарлығымен аты өзгертілді? (Астана)
8. 1991 жылы ғарышқа ұшқан алғашқы қазақ ғарышкері?
Қосымша көмек: Оған дейін ол ұшқыш-сынақшы. Кеңес Одағының батыры болатын. (Тоқтар Әубәкіров)
9. Қорық 1926 жылы құрылған, құстарға бай. Қорықтың біраз ауданын арша ормандары алып жатыр.
Қосымша көмек: Қорықта ең үлкен құс- сақалтай мекендейді. (Ақсу-Жабағылы)
10. Қорықтың ерекшелігі-далалы, орманды, сортаңды, батпақты, шалғынды, құмды өсімдіктермен түйіскен жері. 1968 жылы ашылған.
Қосымша көмек: Бұл қорық Ақмола облысында орналасқан. (Қорғалжын)
IV- кезең «Жанкүйерлер белсенділігі»
Жанкүйерлерге ауызша сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап берген болса, ұпайларын қалаған топтарына береді.
V- кезең «Шырқау»
1. Қостанай облысы. Еліміздегі темір кені 800 жылға жетеді, көлемі жағынан әлемде 8-орында екен. Темір кені шикізатының 90%-ы Қостанай мен Атасу алаптарында орналасқан. Ол кен байыту комбинаты қай қалада темір кенін өндіреді?
Қосымша көмек: ТМД-дағы ең ірі комбинат Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты деп аталады. (Рудный )
2. Қарағанды облысы. Зерттеушілер бұл өзен ертеде өткен «Кенгер» деген ру атымен салыстырады. Жобалау бойынша өзеннің бұл атауға ие болуы оның көнелілігі, ескілігімен байланысты болса керек. Әңгіме қай өзен туралы?
Қосымша көмек: Суы аз, кей жерлерде үзіліп те қалып, зорға дегенде басқа бір өзенге құяды. (Кеңгір өзені)
3. Қарағанды облысы. Бұл қала-Қарағандының серіктес қаласы. Қаланың тарихы 1905 жылдан басталады. Алғашқы қоныстанушылар ауылдың атын жергілікті жердегі Жуар шоқысының атауымен Жуар деп аталады?
Қосымша көмек: Қаланың негізгі тірегі-болат балқыту комбинаты (Теміртау)
4. Шығыс Қазақстан облысы. Бұл қала Шығыс Қазақстан облысының орталығы. Қаланың іргесі 1720 жылы Ертіс пен Үлбі өзенінің түйіскен жерінде бекініс ретінде салынған. Қала «Кенді Алтайдың қақпасы» деп аталады.
Қосымша көмек: Қазіргі күні түсті металлургияның ірі орталығы. Қорғасын-мырыш комбинаты жұмыс істейді. (Өскемен)
5. Батыс Қазақстан облысы. Батыс Қазақстан аймағында 15 қала, 25 кент бар. Қалалар пайдалы қазбаларды игеру барысында қалыптасқан. Бұл қала Каспий теңізінің солтүстігінде Жайық өзенінің жағалауында орналасқан. XVII ғасырда балықшылар елді мекенінде қаланған. Ол кезде Гурьев деп аталды. Ұлы Отан соғысы жылдарында бұл қала арқылы Баку мұнайы Орал және Сібір аудандарына тасымалданған.
Қосымша көмек: Қалада Республикадағы тұңғыш мұнай өңдеу зауыты салынды. Мұнай құралдарын шығаратын, механикалық және кеме өңдеу зауыты, балық консервісі, ет, сүт және нан комбинаттары бар. (Атырау)
6. Алматы облысы. Алматы-әсем, сұлу қала. Барлық тауардың үштен бірі Алматыда сатылады, әрі сатып алынады. Ол –еліміздің басты сауда «сөресі» болып табылады. Студенттер қаласы жөнінен де көшбасшы саналады. Мұнда «Медеу» мұз айдыны бар және дүниежүзілік тау шаңғысы курорты орналасқан. Ол қалай аталады?
Қосымша көмек: Бұл жерге әлемннің әр түкпірінен атақты шаңғышылар дайындыққа келеді. (Шыңбұлақ)
7. Ақмола облысы. Көкшетау- еліміздегі тұңғыш ұлттық парк пен курорттың отаны. Ол қазір емдік туризмнің негізгі аудандарының бірі. Бурабай курорттық зонасында 44 емдеу орыны бар, оның 16-сы балаларға арналған. Мұнда сумен, балшықпен және қарағайлы орманның таза ауасымен емдейді. «Бурабай» ұлттық паркіндегі таулар қалай аталады?
Қосымша көмек: С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасында бұл таудың аталуы туралы аңыз баяндалады. («Жұмбақтас», «Оқжетпес»)
8. Павлодар облысы. Павлодар- елдегі экономикалық аудан шаруашылығының негізі. Көмір, электр энергиясын, ферроқорытпа және альюминий тотығын өндіретін ірі кәсіпорындары бар. Павлодарға қай қаланың бокситі жеткізіледі?
Қосымша көмек: Бұл қала бұрын Қызылқозы деп аталған, Қостанай облысындағы қала. (Арқалық)
9. Семей қаласы. Абай Құнанбайұлы-қазақтың ұлы ақыны, сазгер, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі. Әкесі Құнанбай- өз заманындағы беделді адам, би. Шешесі Ұлжан-тапқыр, шешен, ақылды кісі. Осындай текті ортадан шыққан Абайдың туған жерін атап беріңіз.
Қосымша көмек: Қарқаралы ауданына қарасты тау. (Шыңғыс тауының баурайы)
10. Жазба деректерден бұл қала VI ғасырдан бастап белгілі. Түргеш, кейіннен Қарлұқ қағанатының орталығы болған. Х ғасырда атақты араб географы Әл-Макдиси қаланың үлкен қала екенін атап өтеді. Қаланың шығысындағы 15 шақырым жерде Айша-Бибі, Бабаджа қатын кесенелері бар.
Қосымша көмек: Ең ежелгі қала. 2002 жылы ол өзінің екі мың жылдық тойын тойлады. (Тараз)
11. Отырар. Отырарда 2001-2004 жылдары ЮНЕСКО Қазақстан-Жапония мемлекеттері шеңберінде «Ежелгі қала Отырарды қорғау және сақтау» деген халықаралық жоба іске асырылды. 2004 жылдан бері «Ежелгі Отырарды қалпына келтіру» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Қаланың ежелгі атауы Фараб немесе Тұрбанд, Тұрарбан, Тұрар болған. Осы қалада атақты және ұлы ғалым дүниеге келген. Оны «Әлемдегі екінші ұстаз» деп өзге халық өкілдері мойындаған. Ол ғалым кім?
Қосымша көмек: Аристотелден кейінгі екінші ұстаз (Әл Фараби)
12. Қызылорда облысы. Облыс аумағында пайдалы ас тұзы,гипс, әктас, шипалы балшық кездеседі. Темір-бетон зауыты, картон комбинаты, күріш тазалайтын зауыт, сүт комбинаты, аяқ-киім фабрикасы жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары өсімдік, мал және құс шаруашылықтары. Көп мөлшерде жылу, жарық, мол суды, сұр топырақты қажет ететін бұл шаруашылықтың түрімен Сырдария мен Арыстың аңғарлары ғана айналысады. Оны «ақ алтын» дейді . Әңгімеде не туралы айтылған?
Қосымша көмек: Тропиктік өсімдік (мақта шаруашылығы)
13. Қарағанды. Көмір еліміздегі отынның негізгі түрі. Еліміз көмір өндіруден дүние жүзінде сегізінші, ал таяу шетелдер бойынша Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. Қазақстанда Қарағанды, Екібастұз, Торғай (Обаған) ірі көмір бассейіндері бар. Қарағанды аумағында алғаш рет көмірді 1831 жылы қойшы тапқан екен. Ол кім?
Қосымша көмек: Ол туралы «Жеті қазына» кітабында «Қазақта тұңғыш...» бөлімінде жазылған. (Апақ Байжанов)
14. Астана-Республика астанасы, елдің географиялық орталығында орналасқан. «Астана біздің шығыс пен батысқа, оңтүстік пен солтүстікке ашықтығымыздың рәмізі іспеттес болады» деген елбасы Н.Ә.Назарбаев. Қала жылдан-жылға зор қарқынмен дамып келеді, болашағы өте үлкен. Қай жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана қаласына медальмен «Бейбітшілік қаласы» атағы берілді?
Қосымша көмек: ХХ ғасырдың аяғы (1999)
Жерұйық
Башқұрт тілінде «арғылы урын» тіркесі үстіртті, шоқылы. Сол жерлерден боксит, қоңыр көмір кендері қазылып алынады. Шығыстан батысқа қарай аласара түсетін бұл адырлы жерлердің теңіз бетінен биіктігі 250-300 метрдей болып табылады. Бұл атауды меншіктеген жер қалай аталады? (Арқалық)