Ма?саты: ?ыз балаларды ?лтты? т?рбие негіздері мен салт - д?ст?рді, халы?ты? ?деп пен ?нерді д?ріптеуге ?йрету. Ана тілінде таза с?йлей білу да?дыларын дамыту. Инабаттылы? пен тал?ам ?алыптастыру.
Ал?аш?ы с?зімді аналарды? анасы ?желерге, асыл аналар?а ж?не аналарды? к?мекшілері, ?ам?оршы ?пкелер мен ?ыздарымыз?а арнаймын. Ана! Не деген мейірлі, не деген шапа?ат с?з еді!
Ана дейміз б?ріміз де а??ылдап,
Ана дейді жас с?би де жар?ылдап.
Ана деген-б?йтерегі ?мірді?,
Ана деген- алтын ?аза?, алтын ба?.
Ана деген- асыл жандар болаттай,
Ана деген- м?лдір жандар б?ла?тай
О, адамдар, ?адірлей біл ананы,
Жат ?ылы??а а?ыл- ойды тонатпай.
Адам ?шін е? аяулы, е? ?астерлі жан- Ана. Ол бала д?ниеге келген к?ннен бастап ?зіні? ж?мса? ала?аны?, жылы ж?зі, ысты? ??ша?ы мен мейірімін, махаббатын арнайды. Ана махаббаты адам?а ?анат бітіреді, к?ш береді, рухтандырады.
?аза? хал?ы ертеде ?лдарды? ел ?ор?айтын батыр болсын деп, ал ?ыздарды? сол батырды? жаудан келуін к?тіп, бала ?сірер ана болсын деп т?рбиеленген. Ендеше б?гінгі «Ана?а ?арап ?ыз ?сер» атты сайысымыз?а ?ош келді?іздер!
«Жасында бай?ары жо?ты?, ?лкейгенде айтары жо?», - дегендей, хал?ымызды? жас ша?ында к?п н?рсеге зерек салып, бай?ап ж?руге ба?дар береді. Ендігі кезекте сын?а т?скен аналарымызды? берілген с?ра??а д?л де на?ты жауап берулерін бай?айы?.
?аза?ты? ?ш биі кімдер? (Т?ле би, ?азыбек би, ?йтеке би)
М??алім: Же?істері?із ??тты болсын, ??рметті аналар! ?рдайым бала?а деген мейірімдері?із ортаймасын. «Аналар адамды бесіктен бастап баулиды, ?мірді? ірге тасы соларды? ?олымен ?аланады» деген с?з бар.
Аналар ?ал?ып ба?ыт аралы?ында,
Лайым м?н ?онбасына жанарына.
Салтанатты кешіміз ая?талды.
Г?л бітсін б?рі?ізді? ?адамына, - дей отырып б?гінгі сайысымызды ая?таймыз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Ана?а ?арап - ?ыз ?сер" сыныптан тыс »
Тақырыбы: «Анаға қарап қыз өсер»
Мақсаты: Қыз балаларды ұлттық тәрбие негіздері мен салт - дәстүрді, халықтық әдеп пен өнерді дәріптеуге үйрету. Ана тілінде таза сөйлей білу дағдыларын дамыту. Инабаттылық пен талғам қалыптастыру.
Алғашқы сөзімді аналардың анасы әжелерге, асыл аналарға және аналардың көмекшілері, қамқоршы әпкелер мен қыздарымызға арнаймын. Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағат сөз еді!
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген-бәйтерегі өмірдің,
Ана деген- алтын қазақ, алтын бақ.
Ана деген- асыл жандар болаттай,
Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай
О, адамдар, қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл- ойды тонатпай.
Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан- Ана. Ол бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаның, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын арнайды. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, рухтандырады.
Қазақ халқы ертеде ұлдардың ел қорғайтын батыр болсын деп, ал қыздардың сол батырдың жаудан келуін күтіп, бала өсірер ана болсын деп тәрбиеленген. Ендеше бүгінгі «Анаға қарап қыз өсер» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Мұғалім: Ендеше сайысқа түсетін аяулы аналар мен қылықты қыздарымызды ортаға шақырамыз.
Ата-аналар: Жұмалиева Айгүл, Сайын Мадина, Жеткергенова Умида
«Жасында байқары жоқтың , үлкейгенде айтары жоқ», - дегендей, халқымыздың жас шағында көп нәрсеге зерек салып, байқап жүруге бағдар береді. Ендігі кезекте сынға түскен аналарымыздың берілген сұраққа дәл де нақты жауап берулерін байқайық.
Қазақтың үш биі кімдер? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
Төрт түліктің пірлері? (Ойсыл қара, Қамбар ата, Зеңгі баба, Шопан ата)
Бес асыл? (Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым)
Үш байлық? (Денсаулық, ақжаулық, он саулық)
Үш арсыз? (Ұйқы, тамақ, күлкі)
Сақина мен жүзіктің айырмашылығы қандай? (Сақинаға тас қойылмайды)
Бес дұшпан? (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ)
Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)
Үш жетім? (Жаңбыр жаумаса-жер жетім.
Басшысы болмаса-ел жетім.
Ұқпаса айтқан –сөз жетім.
Жеті қазына? (жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қақпан, майланғыш ау, өткір кездік)
Мұғалім: Жеңістеріңіз құтты болсын, құрметті аналар! Әрдайым балаға деген мейірімдеріңіз ортаймасын. «Аналар адамды бесіктен бастап баулиды, өмірдің ірге тасы солардың қолымен қаланады» деген сөз бар.
Аналар қалқып бақыт аралығында,
Лайым мұн қонбасына жанарына.
Салтанатты кешіміз аяқталды.
Гүл бітсін бәріңіздің қадамына, - дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.