kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жауапсыздық - тағдыр тәлкегі" тақырыбында сыныптан тыс шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

Автор:

Ерте, ерте, ертеде,

Елдің тыныш кезінде,

Ақсүйек мысық болған екен,

Зәулім үйде тұрған екен.

Үйге барлық жағдайды

Отағасы жасайды.

Таңнан бастап ұйықтап ап,

Түнде елді тонайды.

Отанасы үйінде

Тәрбиелейді ұл қызын.

Қандай жақсы әдетке

Жетелейді ұрпағын?

Отанасы:

-Балаларым кәнекей,

Түрлеріңді көрейін.

Әкең келді әнекей,

Шай қайнатып берейін.

Қалай өтті күніңіз,

Толды ма бүгін қалтаңыз?

Отағасы:

-Ақша шіркін жетеді,

Ойын-сауыққа кетеді.

Карта ойнап, би билеп,

Бой жазғым-ақ келіп жүр,

Мүмкін сауық құрармыз,

Қонақ асын жаярмыз?

Отанасы:

Біздің көрші сымақтар,

Түрлеріне болайын.

Отағасы қаласа,

Қонақ асын қылайын.

Отағасы:

Ұйқы келді жатайын,

Тынығып бір алайын

Балалардың дыбысын

Естіртпеші шырайлым.

Отанасы:

Әкелерің ұйықтасын,

Көрінбендер көзіне!

Тапқан бүгін ақшасын

Салып қояйын өзіме.

Компьютерде ойнаңдар

Кір қожалақ болмаңдар.

Сүтті ішіп алыңдар,

Кеш болғанда жатыңдар!

Отанасы:

Алло, құрбым, Тауық жан

Қонаққа бүгін келіңдер

Каталогын Эйвонның

Өзің үшін алғыздым.

Тек ақшасын ала кел.

Әтештің жанұясы:

Әтеш:

Құт, құт кіммен сөйлестің,

Далап, әтір не теңің?

Тауық:

Анау мысық көршіміз,

Бүгін кешке екеуміз

Келсін дейді қонаққа.

(Екі баласы ойыншыққа төбелесіп қалады)

Балалары:

-Қазір сені қап бәлем,

Төбеңді мен тесемін.

-Сен түріңе қарап ал,

Құр босқа тек бөсесің

Тауық:

-Отағасы, балаға

Қойыңдар деп айтсаңшы

Әтеш:

Ертең олар көшеден

Таяқ жеп егер қайтса ше?

Тауық:

-Үй ішінде көк түтін

Көмей қалды бітеліп.

Әтеш:

Нағыз еркек осындай,

Не боп қалды жөтеліп?

Төбелессін, ойнасын,

Нағыз ер боп өседі.

Тауық:

Иә, өсерін өсіп ап,

Төбемізді теседі.

Текенің жанұясы:

Теке:

-Жындандың ба сен ешкі,

Тұзды жауып ондықпен?

Ешкі:

Айқалама сен теке

Ондық  көзір емес пе!

Теке:

Бобын көзір болмаған

Қазір кірес емес пе!

Ешкі:

Тфу! Ойнағанша сенімен,

Жатып ұйықтап алайын.

Кешке мысық шақырған,

Көз шырынын алайын.

Балалары:

Мәәә!Бізге тамақ бар ма екен?

Жабысып қалды менің ішім.

Ешкі:

Теке! Ужин пісірші!

Тамақ келеді ақшаға

Жақсы ойнаса егер мамаң

Ақшаға толар  мына  қалтам

Сонда кәмпит әперем!

Шошқаның отбасы:

Отағасы араққа тойып ап ән айтып жатады:

-Шошқа мен де, шошқа сен,

Бізге болар кімдер тең.

Кір қожалақ шошқамыз

Қараңдаршы баршаңыз.

(Отанасы ыдыс жуып, көйлегінің етегімен сүртеді. Телефонына қоңырау түседі.)

Шошқа:

-Да,да

Желіде шошқа тыңдап тұр

Оо! Мысықжан сен бе едің?

Қалың қалай, не хабар?

Кешке, қонақ келерміз.

Ой отағасы готовый,

Уайымдама кешке дейін

Есін жияр не дейін?

Кеш. Мысық үйінде дастархан жайып, қонақ күтіп отырады.

Отанасы:

Шанышқы, қасық, пышақтар,

Тәрелке, фужер бәрі бар.

Балалары:

Жайғасамыз біз қайда?

Кәне, әрі барыңдар!

Отағасы:

Бәрі сенде дайын ба?

Келіп қалды қонақтар.

Отанасы:

Отағасы қарашы,

Жайнап тұр ғой дастархан.

Музыка ойналып қонақтар келеді.

Әтеш:

Біз алтаумыз жиналып,

Келдік міне қонаққа.

Теке:

Шын жүректен құтты болсын,

Айтамыз мына шаңыраққа

Отағасы:

Рахмет, рахмет, төрлетіңдер.

Қош келдіңдер бізге сендер.

Отанасы:

Жайғасыңдар дастарханға,

Өнерімді салдым барша.

Әтеш:

Қандай жарқын мына үйің,

Теке:

Тәтті екен мына гүлің.

Шошқа

Шараптарың жеткілікті,

Жөн санаймын ән айтуды.

Хор:

Браво, браво өтінеміз.

Әтеш:

Келдік бүгін біз қонаққа ку-ка-ре-ку-ку!

Киіп міне киім жаңа ку-ка-ре-ку-ку!

Шошқа:

Қандай дауыс!

Ешкі:

Қандай тұрыс!

Мысық:

Міне әнші!

Теке:

Нағыз жұлдыз!

Отағасы:

Кәне, біздер көтейік,

Шампан толы бакалдарды.

Шошқа:

Түбіне дейін бітірейік,

Өкпе жоқ деп білдірейік.

Отанасы:

Ал, кәнекей би билейік,

Тәтті күйді төгілтейік.

(Бәрі мас болып, би билейді. Қонақтардың балалары келіп терезеден айқайлайды.)

Балалары.

Әтештер:

Әй мысықтар, келіңдер

Тәтті дәмнен беріңдер.

1 лақ:

Анаң сенің бүгін де

Әкелген шығар тәттілер.

Шошқалар:

Біздер жеуді ұнатамыз,

Бірақ, асты талғамаймыз.

2 лақ:

Әкем бізге берген асты,

Біздер мүлдем жей алмаймыз.

Мысық:

Анаң тамақ пісірмей ме?

2 лақ:

Жоқ, қолы тимейді.

Ол картаға жаттығады,

Ойнап күнде ақша табады.

Әкеме жұмыс табалмады,

Содан үйге ол қарайлады.

1 шошқа:

Менің әкем маскүнем,

Күнде тойып келеді.

Бітіп қалса арағы,

Бізді дүкенге жібереді.

2 шошқа:

Біз артығын тығамыз,

Оған шылым аламыз.

Сұрай қалса дүкенші,

Әкем сұған деп айта саламыз.

1 лақтар:

Міне, қызық қалайша,

Үйрендіңдер шегуді?

Балапандар:

Болса егер берсеңші

Бірге көрейік тартуды.

1 мысық:

Болмайды, анам көрсе ұрысады.

2 мысық:

Қойшы сен де айтасың,

Анам бізді қарамайды,

Оған тек керегі ақша ғана,

Соны дос деп санайды.

1 мысық:

Сонда да бұл болмайды!

(Кішікентай мысық қолынан ұрып қалғанда темекі түсіп кетіп, өрт басталады. Сахнаға өрт болып киінген оқушылар шығады. Бәрі абыр-сабыр болып, әрі-бері жүгіреді. Соңында үй түгел өртенеді.

Отанасы:

Жоқ! Менің үйім, жиһазым,

Тығып қойған ақшаларым.

Автор:

Аула отқа оранды,

Уйден түк те қалмады.

Менсінбеген көршіден

Енді, артық болмады.

Отағасы:

Бізде тіпті үй де жоқ,

Болмас енді қарын тоқ.

2 мысық:

Әке біздер кінәліміз,

Мейлі ұршы, мейлі соқ

Шегіп көрдім темекіні,

Өскім келді ертерек,

1 мысық:

Ал мен оны тастап жерге

Бастау болдым мына өртке.

Отанасы:

Көңіл бөлсек балаларға

Бұның  бірі болмас па ед?

Карта ойнап, билегенше

Неге тәрбие қылмаппын.

Шошқа:

Ал мен болсам ішімдікпен

Өткізгенмін өмір текке.

Балалардың тәрбиесіне

Көңіл бөлмей келдім неге?

Ешкі:

Карта ойнауға есім кетіп,

Сылтаураттым табысты,

Теке:

Жұмыс қылмау үшін мен де,

Үй қамына кірістім.

Әтеш:

Болса егер тентек ұрпақ,

Таяқ жемес дегенмін,

Енді міне соным үшін

Өзім опық жегенмін.

Отағасы:

Бізге берген бұл сын шығар,

Ақша, байлық ойлаппын.

Тонап мына елдің бәрін,

Арам ақша жасаппын.

Автор:

Міне біздің ертегіміз

Аяқталды қайғылы.

Бірақ, болған мына бір іс

Ойландырар талайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жауапсыздық - тағдыр тәлкегі" тақырыбында сыныптан тыс шара»


Автор:

Ерте, ерте, ертеде,

Елдің тыныш кезінде,

Ақсүйек мысық болған екен,

Зәулім үйде тұрған екен.


Үйге барлық жағдайды

Отағасы жасайды.

Таңнан бастап ұйықтап ап,

Түнде елді тонайды.


Отанасы үйінде

Тәрбиелейді ұл қызын.

Қандай жақсы әдетке

Жетелейді ұрпағын?


Отанасы:

-Балаларым кәнекей,

Түрлеріңді көрейін.

Әкең келді әнекей,

Шай қайнатып берейін.

Қалай өтті күніңіз,

Толды ма бүгін қалтаңыз?


Отағасы:

-Ақша шіркін жетеді,

Ойын-сауыққа кетеді.

Карта ойнап, би билеп,

Бой жазғым-ақ келіп жүр,

Мүмкін сауық құрармыз,

Қонақ асын жаярмыз?


Отанасы:

Біздің көрші сымақтар,

Түрлеріне болайын.

Отағасы қаласа,

Қонақ асын қылайын.

Отағасы:

Ұйқы келді жатайын,

Тынығып бір алайын

Балалардың дыбысын

Естіртпеші шырайлым.

Отанасы:

Әкелерің ұйықтасын,

Көрінбендер көзіне!

Тапқан бүгін ақшасын

Салып қояйын өзіме.

Компьютерде ойнаңдар

Кір қожалақ болмаңдар.

Сүтті ішіп алыңдар,

Кеш болғанда жатыңдар!


Отанасы:

Алло, құрбым, Тауық жан

Қонаққа бүгін келіңдер

Каталогын Эйвонның

Өзің үшін алғыздым.

Тек ақшасын ала кел.


Әтештің жанұясы:

Әтеш:

Құт, құт кіммен сөйлестің,

Далап, әтір не теңің?

Тауық:

Анау мысық көршіміз,

Бүгін кешке екеуміз

Келсін дейді қонаққа.

(Екі баласы ойыншыққа төбелесіп қалады)

Балалары:

-Қазір сені қап бәлем,

Төбеңді мен тесемін.

-Сен түріңе қарап ал,

Құр босқа тек бөсесің

Тауық:

-Отағасы, балаға

Қойыңдар деп айтсаңшы


Әтеш:

Ертең олар көшеден

Таяқ жеп егер қайтса ше?


Тауық:

-Үй ішінде көк түтін

Көмей қалды бітеліп.


Әтеш:

Нағыз еркек осындай,

Не боп қалды жөтеліп?

Төбелессін, ойнасын,

Нағыз ер боп өседі.


Тауық:

Иә, өсерін өсіп ап,

Төбемізді теседі.

Текенің жанұясы:

Теке:

-Жындандың ба сен ешкі,

Тұзды жауып ондықпен?

Ешкі:

Айқалама сен теке

Ондық көзір емес пе!

Теке:

Бобын көзір болмаған

Қазір кірес емес пе!

Ешкі:

Тфу! Ойнағанша сенімен,

Жатып ұйықтап алайын.

Кешке мысық шақырған,

Көз шырынын алайын.

Балалары:

Мәәә!Бізге тамақ бар ма екен?

Жабысып қалды менің ішім.

Ешкі:

Теке! Ужин пісірші!

Тамақ келеді ақшаға

Жақсы ойнаса егер мамаң

Ақшаға толар мына қалтам

Сонда кәмпит әперем!


Шошқаның отбасы:

Отағасы араққа тойып ап ән айтып жатады:

-Шошқа мен де, шошқа сен,

Бізге болар кімдер тең.

Кір қожалақ шошқамыз

Қараңдаршы баршаңыз.

(Отанасы ыдыс жуып, көйлегінің етегімен сүртеді. Телефонына қоңырау түседі.)

Шошқа:

-Да,да

Желіде шошқа тыңдап тұр

Оо! Мысықжан сен бе едің?

Қалың қалай, не хабар?

Кешке, қонақ келерміз.

Ой отағасы готовый,

Уайымдама кешке дейін

Есін жияр не дейін?


Кеш. Мысық үйінде дастархан жайып, қонақ күтіп отырады.


Отанасы:

Шанышқы, қасық, пышақтар,

Тәрелке, фужер бәрі бар.


Балалары:

Жайғасамыз біз қайда?

Кәне, әрі барыңдар!


Отағасы:

Бәрі сенде дайын ба?

Келіп қалды қонақтар.


Отанасы:

Отағасы қарашы,

Жайнап тұр ғой дастархан.

Музыка ойналып қонақтар келеді.

Әтеш:

Біз алтаумыз жиналып,

Келдік міне қонаққа.

Теке:

Шын жүректен құтты болсын,

Айтамыз мына шаңыраққа


Отағасы:

Рахмет, рахмет, төрлетіңдер.

Қош келдіңдер бізге сендер.


Отанасы:

Жайғасыңдар дастарханға,

Өнерімді салдым барша.

Әтеш:

Қандай жарқын мына үйің,

Теке:

Тәтті екен мына гүлің.

Шошқа

Шараптарың жеткілікті,

Жөн санаймын ән айтуды.

Хор:

Браво, браво өтінеміз.


Әтеш:

Келдік бүгін біз қонаққа ку-ка-ре-ку-ку!

Киіп міне киім жаңа ку-ка-ре-ку-ку!

Шошқа:

Қандай дауыс!

Ешкі:

Қандай тұрыс!

Мысық:

Міне әнші!

Теке:

Нағыз жұлдыз!

Отағасы:

Кәне, біздер көтейік,

Шампан толы бакалдарды.

Шошқа:

Түбіне дейін бітірейік,

Өкпе жоқ деп білдірейік.


Отанасы:

Ал, кәнекей би билейік,

Тәтті күйді төгілтейік.


(Бәрі мас болып, би билейді. Қонақтардың балалары келіп терезеден айқайлайды.)


Балалары.

Әтештер:

Әй мысықтар , келіңдер

Тәтті дәмнен беріңдер.

1 лақ:

Анаң сенің бүгін де

Әкелген шығар тәттілер.

Шошқалар:

Біздер жеуді ұнатамыз,

Бірақ, асты талғамаймыз.

2 лақ:

Әкем бізге берген асты,

Біздер мүлдем жей алмаймыз.

Мысық:

Анаң тамақ пісірмей ме?

2 лақ:

Жоқ, қолы тимейді.

Ол картаға жаттығады,

Ойнап күнде ақша табады.

Әкеме жұмыс табалмады,

Содан үйге ол қарайлады.

1 шошқа:

Менің әкем маскүнем,

Күнде тойып келеді.

Бітіп қалса арағы,

Бізді дүкенге жібереді.

2 шошқа:

Біз артығын тығамыз,

Оған шылым аламыз.

Сұрай қалса дүкенші,

Әкем сұған деп айта саламыз.

1 лақтар:

Міне, қызық қалайша,

Үйрендіңдер шегуді?

Балапандар:

Болса егер берсеңші

Бірге көрейік тартуды.

1 мысық:

Болмайды, анам көрсе ұрысады.

2 мысық:

Қойшы сен де айтасың,

Анам бізді қарамайды,

Оған тек керегі ақша ғана,

Соны дос деп санайды.

1 мысық:

Сонда да бұл болмайды!

(Кішікентай мысық қолынан ұрып қалғанда темекі түсіп кетіп, өрт басталады. Сахнаға өрт болып киінген оқушылар шығады. Бәрі абыр-сабыр болып, әрі-бері жүгіреді. Соңында үй түгел өртенеді.

Отанасы:

Жоқ! Менің үйім, жиһазым,

Тығып қойған ақшаларым.

Автор:

Аула отқа оранды,

Уйден түк те қалмады.

Менсінбеген көршіден

Енді, артық болмады.

Отағасы:

Бізде тіпті үй де жоқ,

Болмас енді қарын тоқ.

2 мысық:

Әке біздер кінәліміз,

Мейлі ұршы, мейлі соқ

Шегіп көрдім темекіні,

Өскім келді ертерек,

1 мысық:

Ал мен оны тастап жерге

Бастау болдым мына өртке.

Отанасы:

Көңіл бөлсек балаларға

Бұның бірі болмас па ед?

Карта ойнап, билегенше

Неге тәрбие қылмаппын.

Шошқа:

Ал мен болсам ішімдікпен

Өткізгенмін өмір текке.

Балалардың тәрбиесіне

Көңіл бөлмей келдім неге?

Ешкі:

Карта ойнауға есім кетіп,

Сылтаураттым табысты,

Теке:

Жұмыс қылмау үшін мен де,

Үй қамына кірістім.

Әтеш:

Болса егер тентек ұрпақ,

Таяқ жемес дегенмін,

Енді міне соным үшін

Өзім опық жегенмін.

Отағасы:

Бізге берген бұл сын шығар,

Ақша, байлық ойлаппын.

Тонап мына елдің бәрін,

Арам ақша жасаппын.

Автор:

Міне біздің ертегіміз

Аяқталды қайғылы.

Бірақ, болған мына бір іс

Ойландырар талайды.

15



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Жауапсыздық - тағдыр тәлкегі" тақырыбында сыныптан тыс шара

Автор: Коптлеуова Аккенже Гадилкановна

Дата: 07.11.2017

Номер свидетельства: 437311


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства