kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жас маманға әдістемелік көмек

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жас маманға сабақтың талдауы және күнделікті сабақ жоспарының жазылуы туралы, күнтізбелік жоспардың бағдарламаға сәйкес құрылылуы туралы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жас маманға әдістемелік көмек»

Окушылардын танымдык кызыгушылыгын калыптастыру

Сонымен, оқушылардың  дербес, шығармашылықпен жұмыс істей алу әрекеті мейлінше белсенділікті, ынталықты, ізденімпаздықты, өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді, оны оңтайландыру, оқушының күнделікті рухани қажетіне айналдыру мектептің қазіргі кезеңдегі маңызды міндеті.

  Шығармашылық – оқушының танымдық қабілеттеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды.

Оқушының шығармашылық дербестігінің пайда болуы оның іс-әрекетінен айқын аңғарылады. Ең әуелі оқушының іс-әрекетке деген көзқарасы өзгеріп, танымдық белсенділігі арта түседі. Оқушының шығармашылық дербестігі қалыптасқанда баланың бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады. Шығармашылық дербестік әртүрлі сапада көрінуі мүмкін. Оның күрделі табиғатының өзі оның жеке адам дамуының түрткісі, қозғаушы күші екендігін көрсетеді.

Мәселені шешуде талданған  негізгі ұғымдардың көлемі мен мазмұнына  үңіле отырып, оқушының шығармашылық дербестігін қалыптастырудың мәні мынада деген тұжырымға келдік;

  1. қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге, ғылым жаңалықтарына тұрақты қызығушылықтың пайда болуына;

  2. оқу-танымдық міндеттер мен мақсаттарын орындауға талпыну;

  3. білім алуға, шығармашылық жұмыстарға тұрақты қызығушылық;

  4. жеке тұлғаның сапалық көрсеткіші ретінде көрінетін қабілеті мен қасиеттерінің дамуына;

  5. жеке тұлғаның дербес интеллектуалдық ой-өрісінің кеңеюі;

  6. тұрақты ізденімпаздық шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелі дамуына әсер етеді.

Шығармашылық  дербестік ұғымы төңірегіндегі тұжырымдар, анықтамалар бұл ұғымның өзіндік ерекшеліктерін, әртүрлі психикалық процестерден туындайтын интеллектуалдық, эмоциялық, бағыттаушы байланысын және жеке тұлғаға беретін білімнің маңызын ашып көрсетеді. Ғалымдардың бұл мәселе төңірегінде айтқан ойларын қолдай отырып, өз зерттеу пәнімізге байланысты шығармашылық дербестік ұғымына өз анықтамамызды береміз.

  Біздің пайымдауымызша, « шығармашылық дербестік – жеке тұлғаның танымдық қажетсінуі мен қызығушылығын, белсенділігі мен танымдық ізденімпаздығын қамтитын сан қырлы білім алуынан көрінетін, күрделі шығармашылық қалыптасуымен аяқталатын интеллектуалдық қабілетін.

Шығармашылық дербестік  оқушы іс-әрекетінің сапасы ретінде  көріне отырып, үнемі ізденіп, белсенді әрекет ететін жеке тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Шығармашылық дербестік адам өмірінің жаңа деңгейге көтеріп, түрлі туындылар мен жаңалықтардың шығуына негіз болып, жағымды эмоциялық көңіл-күй орнатады.

  Жүйелі жүргізген  зерттеулеріміз оқушының шығармашылық  дербестігінің деңгейі, бағыты  мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіне  тікелей байланысты екендігін  көрсетті. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, оқу материалының түсініктілігі, мазмұндылығы, оқытуды ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер, мұғалім мен оқушы арасындағы жылы қарым-қатынас, оқушылардың шығармашылық дербестігінің қалыптасуына үлкен септігін тигізеді. Сонымен, шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады;

1.Шығармашылық қабілет  деңгейін анықтау.

2.Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру.

3.Оқушы мүмкіншілігіне  сай шығармашылық тапсырмаларды  әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.

4.Шығармашылық қабілетті  тәрбиелеу барысында кездесетін  қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды  есепке алып зерттеу.

5.Оқушының шығармашылық  қабілеттерін тәрбиелеуді кезең  бойынша сатылап дамыту.

6.Шығармашылық қабілеттерді  тәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтау, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау.

7.Мұғалім өз ісіне  ізденімпаздықпен қарап, сабақты  шығармашылық пен өткізу.

Осы мәселелер өз шешімін  тапса, жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Жоғарыда аталған мәселенің екінші тармағына тоқталатын болсақ, қызығушылық – оқыту, ақыл-ойды жетілдіру жеке адам тәрбиесінде байланыстырушы буын болып табылады.

  Қызығушылықтың арқасында  білім де, оны игеру үрдісі  де, интелектті дамытуда қозғаушы күш және жан-жақты дамыған адам тәрбиелеуде маңызды фактор болуы мүмкін. К.Д.Ушинский: ˝ еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен ?˝- деген. Ендеше , оқыту негізгі ерікті қызығушылық жағдайда болуы керек. Сол себепті, білім алуға қызығушылықты дамыту үшін негізгі жағдайлар болғаны дұрыс. Олар:

  1. Оқушының өз бетімен ізденуге, жаңа білім ашуға, проблемалық тапсырмалар шешуге тартылуы;

  2. Бірізділік, біртекті ақпарат жалықтырады. Жаңа материалдың жас ерекшелігіне сай және оны игеру мүмкіншілігінің болуы;

  3. Әрі қарай жұмыс істеуге қызықтыру үшін игеріліген білімнің жиі тексеріліп отырылуы;

  4. Оқу материалын бергенде мұғалім анықта эмоционалды болуы оқушыға, оның пәнге деген қызығушылығына жақсы әсер етеді;

Н.И.Болдырев, М.А.Данилов еңбектерінде танымдық тапсырмалар маңызын оқушыларда бар білімдерін шоғырландырып, талдау жасау арқылы өз беттерімен ізденуге талпындыратын болуы керек деп тұжырымдайды. Ол үшін қойылған міндеттерді шешу жолдары дайын күйінде берілмей, оқушылар арқылы іздеп табылуы керектігі анықталған. Ақыл-ой ынтасы, қиындықты жеңу - балалардың ойлауын дамытады, оқуға қызығушылығын көтеріп, жағымды эмоциялық күй тудырады. Таным белсенділігі дәрежесі оқушының өзіне; тәрбиесіне, сана-сезіміне, еркіне, қызығушылығына байланысты. Егер балада бұл қасиеттер аз болса, оны қалыптастырып дамыту мұғалімнің міндеті. Оқушының белсенділік дәрежесі оқытушының педагогтық шеберлігіне, қолданған әдіс-тәсілдеріне қайтарған жауабы тәрізді. Жақсы нәтижелерге жету үшін ең алдымен дайындық және түсіндірме жұмыстарын тиянақты әрі жүйелі түрде жүргізу басты шарттардың бірі ретінде есептеледі.

ІІ тарау.Жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін  қалыптастыру әдістемесі.

2.1. Оқушылардың  танымдық қызметіндегі мұғалімнің  шеберлігі.

 

Мұғалімнің негізгі мақсаты – жас ұрпақты өмірге тәрбиелеу, оқыту , үйрету. Бұл педагогикалық мақсаттан туындайды. Педагогикалық мақсат дегеніміз – жас ұрпақты философиялық, экономикалық, саяси, адамгершілік, құқықтық, биологиялық тұрғыдан қарап, жан-жақты білім, тәрбие беріп, қоғамға қажетті азамат етіп шығару.

Мұғалімнің шеберлігі - өз пәнін жетік меңгерген, істің мәнін біліп, балалармен тіл табысып, оқу-тәрбие жұмысын жүргізу болып табылады.

Мұғалімнің шеберлігі  үш қырынан көрінеді:

• Ұйымдастыра білу шеберлігі;

• Қарым – қатынас шеберлігі;

• Ықпал ету, баланың  іс - әрекетіне керегінше қуат беру немесе тежеу.

Ұйымдастыра білу шеберлігі - әр ұстаздың өзінің атқаратын іс-шарасының  мақсаты болып табылады. Сол мақсатты орындау үшін ұстаз іс-шараның  сценариін жазып, әр қатысушыға рөлдерін бөліп, ойнап шығуы керек. Ол үшін әр шәкірт қалай ойнау керек екенін үйретіп, ақыл кеңес беріп, тапсырманы орындауына қатыстыруы тиіс. Ұстаздың шеберлігі әр оқушыға өзіне лайықты рөл беріп, өзі де солардың ортасынан орын алып, қызмет ету.

Қарым – қатынас жасай  білу шеберлігі – балалардың іс-әрекеті, қатынасы – тәрбиенің негізгі  тетігі. Балалар өзара немесе ересектермен қатынас арқылы білім, тәрбие, үлгі-өнеге  алады. Сондықтанда қатынас сауатты, маңызды, мазмұнды, өнегелі, үлгілі болғаны  оған қарым-қатынастағы ең бастысы- оның мазмұндылығында.

Мұғалімнің қарым-қатынастық элементтері:

қатынастың мақсаты  мен мазмұны;

шәкірттерге сүйкімді болып, олардың сеніміне кіру;

ақ жарқын, ашық мінез  танытып, ыстық суығына күйіну;

шәкірттердің рухани байлығына атсалысу;

шәкірттерді тыңдай білу, керек жерінде әдетті сақтай отырып, баланы дұрыс жолға бағыттау;

мұғалімде тіл байлығы  болу керек, мәнерлеп айту, әңгімешіл, нақты дәлелді сөйлеу;

пікір сайыс кезінде  әдетті сақтай отырып шындықтың бетін  ашып, әділ баға беру;

мәдениетті мінез танытып, соны шәкірттің бойына сіңіру т.б.

Қарым – қатынас жасай  отырып, ықпал ету шеберлігі –  мұғалім өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен шұғылданады. Сонымен қатар, мұғалім баланың іс-әрекетіне саналы түрде ұстаздық әдіс - тәсілдерді, тәрбиенің түрлерін қолдана отырып, бағытты ықпал етіп, жақсы ісін қуаттап, көңілден шықпайтын әрекеттерін тежейтін кезеңдері болады.

Мұғалімнің шәкіртке ықпал етуінің үш жолы бар: дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу.

Шебер мұғалім - әдіс – тәсілдердің көптеген түрлерін пайдалана отырып, балаға ықпал жасауға тырысуы керек.

Ұстаздық ықпал етудің әдіс – тәсілдері:

а) Ұстаздық өсиет;                                  в)Ұстаздық ақыл – кеңес беру;

б) Ұстаздық үйрету;                                г)Ұстаздық өзіне тарту;

Сабақтағы оқушылардың  танымдық қызметін басқарудағы шеберлік бірнеше факторларға тәуелді. Маңызды факторлардың бірі;

-оқушылар үшін пәнді  қызықты ету;

- сабақтың танымдық  мазмұнын жетілдіру;

- оқушылардың танымдық қабілетіне сәйкес кері байланыс жасау.

Шеберлік негізі - жеке тұлға мәдениеті, білім мен өрісті дүниетаным және осы сапалар мен кіріге ұштасқан педагогикалық техника мен озат тәжірибе.

Шебер мұғалім оқушылардың  сабаққа, білім алуға қызығушылығын  қалыптастыру және дамыту үшін мынадай келесі ережелерді басшылыққа алады:

1.Оқушылардың танымдық  қызметін дамыту ол үшін зерделенетін  пәнге, ақыл-ой еңбегі процесіне  қатысты оқу әдістемелік дидактикалық  материалды даярлау арқылы ұйымдастыру;

2.Оқу еңбегі кез-келген еңбек сияқты түрліше өтілсе;

3.Шебер мұғалім зерделенетін  пәннің қажеттігін маңызын және  мақсаттылығын өзі терең түсініп  модульдік жолменен игеруге мүдделі  болуы;

4.Жаңа оқу материалы  бұрынғы оқылған, игерілген оқу  материалдары мен байланыстары  болса оқушылар үшін соғұрлым қызықты;

5.Оқу қиын болуы  керек. Дегенмен шамасы келуі керек.

6.Оқушылардың әрбір  жұмысы жиі тексерілсе және  бағаланса жұмыс істеу қызықты;

7. Оқу процесінде оқу  материалының проблемалы мәселелері  және оны шешудің жолдары шәкірттерге қатысты баяндалуы, қолданылуы пәнді игеруге ықыласты арттырады.

Осындай жұмыстарды танымдық қызметте басшылыққа алуы мұғалімнің оқу процесін басқаруын жеңілдетеді. Ең негізгісі сапалы меңгеруге жеткізеді.

Нағыз мұғалім қалаған  сұраққа қалыптан тыс жауап тауып, оқушы көңілінен шығады, оның ойына қозғау салып,толғанысқа келтіре алады. Мұндай ептілік өз пәнін тереңдей білген, өз білгендерін оқушыларға жеткізе алатын мұғалімге тән қасиет.

Шеберлікке жету кезеңдері  келесідей: озат мұғалімдер тәжірибесін  бақылау; арнайы әдебиеттерді оқу; өз оқу істерінде оқытудың жаңа әдістерін ендіріп бару, өзіндік сарап жүргізіп отыру.

Шеберліктің және бір  маңызды көрсеткіші - оқушыларды белсенділікке ынталандыра білу, олардың қабілеттерін, дербестігі мен зерделілігін көтере түсу, балаларды сабақ барысында ой толғауға үйрету.

Мұғалімнің міндеті - оқуға қажетті ұнамды көңіл шарпуларының сол оқу процесінің өзінен пайда ету. Сол үшін де ол жұмыс түрлерін ауыстырып отырады, оқушылардың белсенділігіне қозғау салады, жарқын мысалдар, деректер пайдалануымен бала қызығуларын оятады. Бір жұмыс не әдіс түрін қайталай беруден оқушы жалығады, сондықтан да жаңа тәсілдерді іздестіру мұғалімнің шартты міндеті болуы қажет.

Шебер педагог – сабақ  лекция, диспут сабағы, сабақ-экскурссия, қоғамдық байқау сабақтары  және т.б. өткізуіне ерекше назар аударады. Оқушылардың ойлануын арттыру мақсатымен мүмкіндіктері мол шығармашылық пен жұмыс істейтін мұғалімдер лекциялық баяндауларда:

диалог құрады                                                                        

сұрақ қояды

қайталау                                

ұқсастықтарды табу т.б.

Оқушылардың оқу процесінде ақыл-ойының белсенділігіне сәйкес білім  алу заңдылықтарына қатысты семинар  сабақтары себепкер болады. Шебер мұғалімдердің практикада диспут сабақтары маңызды орын алады. Шебер мұғалімнің шығармашылық сипаттағы мәні ұстаз бен оқушылардың бірлескен ақиқатты іздестіру еңбегі ол мәдени ойлаудың зертханасы. Олар оқушылардың үздік ойларын , тапқырлығын ынталандырады. Сонымен бірге олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Оқушылардың сабақта  білімдерін игеру процесін дұрыс  ұйымдастыру үшін шебер педагог  кері байланысты ұтымды ойластырады. Кері байланысты ұйымдастырудың мәнділілігі:

бақылау қабілетінің  мәнділігінде;

оқушылармен пікір алысудың әрбір педагогикалық қадамдарын ойластыруда; ойлау амалдарының шебер байланыстыруында;

Педагогикалық еңбектің шеберлері әрқашан сабақтың  тиімділігін  арттыру үшін мынадай шараларды жүзеге асыруы керек:

1. Ұйымдастырушылық  кезеңге мейлінше аз уақыт  жұмсау.

2. Жазбаша үй жұмысын  сабақ үстінде тексеруге мейлінше  аз уақыт бөлу.

3.Сабақ үстінде жеке  оқушыдан ауызша сұрауға барынша  аз уақыт жұмсау.

4. Сабаққа оқушының  жаңа материалын меңгеруіне ықпал  ететіндей өзіндік тапсырмаларды  көбірек ендіру.

5.Оқушының өз бетінше меңгеруге қиналатын материалдары бойынша ауызша баяндауды пайдалану.

6.Міндетті түрде оқушыны  сабақ үстінде өз бетінше білім  алуға қабілетін дағдыға үйрету, кітаппен және т.б. қосымша  әдебиеттермен жұмыс істей білуге  үйрету.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жас маманға әдістемелік көмек

Автор: Аубакирова Орынкуль Агыбаевна

Дата: 21.12.2016

Номер свидетельства: 372138

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Жас маман?а ?дістемелік к?мек. Ашы? саба? жоспары."
    ["seo_title"] => string(47) "zhasmamangadistiemielikkomiekashyksabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "314109"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459611487"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Т?лімгерді? жас мамандар ?ызметіндегі р?лі."
    ["seo_title"] => string(49) "t-limghierdin-zhas-mamandar-k-yzmietindieghi-roli"
    ["file_id"] => string(6) "311573"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1459232574"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Б?гінгі жас ?рпа? – келер к?нні? егелері"
    ["seo_title"] => string(42) "bughinghizhasurpakkielierkunninieghielieri"
    ["file_id"] => string(6) "286565"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454350982"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(179) ""Физика, математика ж?не информатика" п?ндер м??алімдеріні? ?дістемелік бірлестігіні? ж?мыс жоспары "
    ["seo_title"] => string(109) "fizika-matiematika-zh-nie-informatika-p-ndier-mu-g-alimdierinin-distiemielik-birliestighinin-zhu-mys-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "133256"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1416487109"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Баяндама "Жас сынып жетекшімен ж?мыс" "
    ["seo_title"] => string(44) "baiandama-zhas-synyp-zhietiekshimien-zhu-mys"
    ["file_id"] => string(6) "162441"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422358601"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства