kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тұғырлы тәуелсіздікке 25 жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ежелден бері, ұшса,  сұңқардың  қанаты  талатын,  шапса, тұлпардың  аяғы  талатын  асыл қасиеттермен көмкерілген қазақтың  кең даласына көз тіккендер  аз болған емес, соның  кесірінен де қанша  қазақ  жапа шегіп, қаншасы елден  безгені де бар. Әрине, көптеген  ғасырлар  бойы қазағымның  көрген  қиындығы мен қасіретін  есіме алғанда, көзіме жас үйіріліп, жүрегім тулап кететіні, рас. Бұрынырақ кезеңде  қазақтың даласына  шабуыл жасап, жаулап  алуға  тырысқандар  көп болды, соның  ішінде біздің жадымызда Жоңғар шапқыншылығы  қайғылы әрі  азапты  естеліктер  қалдырған болатын. Бірақ та, «Ел ерімен еңселі» дегендей, қасық қаны  қалғанша  шайқасқан  ерлеріміз  дүниежүзілік картадан  жоңғар  елінің, ұлттардың  тізімінен  жоңғар ұлтының  жойылуына үлкен себеп болды.

        Одан бері келе, қазағым  одан да өткен қиындықты  басынан кешірді. «Тәуелдінің  соры  қалың»  деген мақалдың  мағынасы  қайда  жатыр, десеңізші. Халқымыз Ресей патшалығының отарында болып, көрмеген азабы қалмады. Қара халық көрген  азаптарының әсерінен  өз тілі  мен дінін ұмытатын  жағдайға  жетті. Расында, қазақтарға көрсетілген қорлық пен қолдан  жасалған аштықтың әсерінен қазақтың  саны күрт азайып  кеткен болатын. Егерде сол шақтағы қиыншылық болмағанда  қазақтың  саны  қазірде 30-40 миллион адам болар ма еді, кім білсін?! Бұл жылдар  қазақтың тарихында  ешқашан  ұмытылмастай  елес болып қалғандай.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тұғырлы тәуелсіздікке 25 жыл»

Тұғырлы тәуелсіздікке 25 жыл

Бостандығым!

Тосқан күнім азалдан

Жиырма бес жыл – аспан кірсіз,

ажарлы ән!

Сен келгенде серпілгенмін

қайғыдан,

Сен келгенде сары мұңнан

тазарғам!

Әлия Дәулетбаева

Жоспар

Кіріспе

Қазақ халқы – бойына асыл қасиеттер тұнған текті халық.

Негізгі бөлім

1.Қазағымның ұмытылмас тарихындағы қасіретті жылдар.

2.Қазақ жастарының қайсарлығымен келген – Тәуелсіздік.

3.Еңселі егемендікке 25 жыл.

Қорытынды

Бүгінгі күн – ертеңгі тарих.

Қазақ ұлты, ертеден ұлдарын батырлыққа, қыздарын инабаттылыққа дәріптей өсіретін, ақсақалдары күллі жұртқа бата беріп, баршаның ықыласына бөленетін, ақ түске боялған шашын кимешекпен жабатын ақ әжелері немерелерін кішкентайынан өнер-білімге баулитын, басынан ақ жаулығы түспейтін аналары өзінің пысықтығымен, қазақтың келініне тән асыл қасиеттерімен жастардың барлығына да үлгі болып, ал бойлары буырқанған бұла күшке толы әкелері өз ұлдары ғана емес, барлық қазақ балаларының бойындағы нағыз батырға тән қасиеттердің қалыптасуына өз септігін тигізетін, міне, бұл халық – қазақ халқы деп аталады. Қазақ халқын сипаттауға, тіпті, сөз жетпейді, қазақ халқының текті халық екенін тек, іс-әрекеттерінен ғана емес, сондай-ақ, бойындағы мейірімділік пен жомарттық, жігерлік бауырмалдық секілді адами қасиеттер – әр қазақтың бойына тектен сіңген, табиғаттан дарыған асыл қасиеттер. «Дос болғанға құшағы ашық туыспыз, қас қылғанға қиып түсер қылышпыз!» деген Абылайханның сөздері – бір жағынан, қазақтың қайсарлығы мен ержүректілігін сипаттаса, екінші жағынан, ұлтымыздың бауырмалдығы мен мейірімділігінің, қазақтың тектілігінің жарқын айғағы.

Ежелден бері, ұшса, сұңқардың қанаты талатын, шапса, тұлпардың аяғы талатын асыл қасиеттермен көмкерілген қазақтың кең даласына көз тіккендер аз болған емес, соның кесірінен де қанша қазақ жапа шегіп, қаншасы елден безгені де бар. Әрине, көптеген ғасырлар бойы қазағымның көрген қиындығы мен қасіретін есіме алғанда, көзіме жас үйіріліп, жүрегім тулап кететіні, рас. Бұрынырақ кезеңде қазақтың даласына шабуыл жасап, жаулап алуға тырысқандар көп болды, соның ішінде біздің жадымызда Жоңғар шапқыншылығы қайғылы әрі азапты естеліктер қалдырған болатын. Бірақ та, «Ел ерімен еңселі» дегендей, қасық қаны қалғанша шайқасқан ерлеріміз дүниежүзілік картадан жоңғар елінің, ұлттардың тізімінен жоңғар ұлтының жойылуына үлкен себеп болды.

Одан бері келе, қазағым одан да өткен қиындықты басынан кешірді. «Тәуелдінің соры қалың» деген мақалдың мағынасы қайда жатыр, десеңізші... Халқымыз Ресей патшалығының отарында болып, көрмеген азабы қалмады. Қара халық көрген азаптарының әсерінен өз тілі мен дінін ұмытатын жағдайға жетті. Расында, қазақтарға көрсетілген қорлық пен қолдан жасалған аштықтың әсерінен қазақтың саны күрт азайып кеткен болатын. Егерде сол шақтағы қиыншылық болмағанда қазақтың саны қазірде 30-40 миллион адам болар ма еді, кім білсін?! Бұл жылдар қазақтың тарихында ешқашан ұмытылмастай елес болып қалғандай...

Осы қиын жалдарда қазақ халқына ең бір жетіспегені – Тәуелсіздік. Халық қиналғанда қол қусырып қарап отыру қазақтың жігттеріне тән қасиет емес, әрине. Қазағымның ерлеріне елі үшін жан аямай шайқасу тән емес пе?! Сол сияқты, қасіретті жылдарда елдегі қайтпас қайсар ерлер қазақтың қиналып жатқан ауыр халіне қарап отыра алмаған, еліне деген сүйіспеншілік пен бойындағы жалындаған намыс оты елі үшін, жері үшін шайқасуға шақырған. Ал соның ішінде, жастардың қаншасы азаттықтың ақ жолында құрбан болды. Қазақ халқы өзінің Тәуелсіздігі үшін 200-ден астам көтерілді. Соның ең шешуші биік шыңы – «Желтоқсан оқиғасы» болды. Шынымен де, бұл оқиға бізге тәуелсіздік әкелді, тәуелсіздік сыйлаған жастарымыздың қайталанбас ерліктерінің арқасында Егемендікке қол жеткіздік. Сол кезде ерлік таныта білген қазақ жастарының ішінде тек қайтпас қайсар ерлеріміз ғана емес, сонымен қатар, қаракөз қыздарымыз да өз елінің тәуелсіздігі үшін күресіп, жан беріскен болатын. Олардың ішінде, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджановалар Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай ғана жүректерімен қолдап, тәуелсіздік жолында құрбан болған болатын. Міне, тап осы тұлғалар қазақ еліне, қазақ жұртына Егеменедік сыйлады, ешкімге тәуелсіз болудың қандай болатынын сезіндіре білді.

Мен сенемін жастарға –

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін!

– деп, қазақтың жастарына сенім артқан Мағжан Жұмабаевтың сенімін алғаш ақтаған осы жастар деп білемін.

Осы жастарымыздың бізге қанмен, жанмен сыйлаған үлкен сыйлығы, тұғырлы Тәуелсіздікке жиырма бес жыл толды. Әрине, жиырма бес жыл тым көп уақыт емес, сонымен қатар, аз да ғұмыр емес. Жиырма бес жастағы жігітті алып көрейікші. Бұл жаста жас жігіт болғанымен де, жиырма бес – оң мен солын айырып, өз достарын табатын, армандарын орындауға лайықты, отау құрып, ақыл тоқтататын жас. Сол сияқты, жиырма беске толған Қазақстанды қазірде барша әлем таниды, жеткен жетістіктері де аз емес. Еліміз бейбітшілікте, ал Қазақстанда өмір сүріп жатқан 130-дан астам ұлтпен еліміз татулықта, сыйластықта. Бұл да қазақтың кеңпейілдігін дәлелдейді. Тәуелсіздік деген сөздің өзі жаныңа жылу ұялатар, қандай әдемі сөз еді?! Өз елімде бейбітшілікпен атқан арайлы таңның шуағын көріп, маған сан түрлі ойлар келеді. «Мен қандай бақытты едім» деп, бірде Жаратқанға шүкір етсем, бірде көптен бері соғыстан көз ашпаған елдерді ойлай, олардың халқының жағдайын ойласам денем тітіркеніп, Жаратқаннан елімізді соғыстан сақтауын және жалпы әлемде қанға толы соғыстың болмауын тілеймін. Біздің осы бейбіт өміріміз шексіз болып, қазіргі кезең ғана емес, келешектегі Қазақстанның тарихы тұғырлы болғанын, сонымен қатар, Қазақстанның еңселі Егемендігінің мейрамын шексіз тойлап, сүйікті еліміз жылдан жылға көркейгенін қалаймын.

Тоқсан сөздің тобықтай түйінін түйіндейтін болсақ, халықтың көрген қиындығы, батырлардың бастаған көтерілістері, жастардың сыйлаған тәуелсіздігі де , бәрі – тарих. Иә, ұмытылмас тұғырлы тарихымыз, тіпті, дәл қазіргі сәт – ертеңгі тарих. Әр жасаған әрекетіміз, жасаған істеріміз бен айтқан сөздеріміз келешек ұрпаққа үлгі болып қалыптаспақ. Сондықтан да, әрбір жасаған ісімізді ақылмен ойлана, санамыздан өткізіп жасауға тырысу керек. Өйткені, еліміздің жарқын болашағы – өскелең ұрпақ қолында. Мысалға алатын болсақ, Абылай хан мен Қабанбай батырдың ерліктерін барша қазақ біледі емес пе? Осы ұлы тұлғаларды үлгі тұтатыны да анық. Сол секілді, бізді де үлгі тұтып, тарихымызда өшпес, өлмес ат қалдырсақ керемет қой. Ол үшін қазіргі бейбіт өмірімізде найза алып жауға шабу емес, бізге ең бастысы елімізді барша әлемге танытып, көк туымызды көкте желбірету, сонымен қатар, асқақтаған ажарлы әніміз – Әнұранымызды әлемге жаңғыртуымыз болып табылады. Қазіргі таңда, әрбір қазақтың міндеті – Тәуелсіздігімізді жоғалтпауға, елімізді көркейтуге үлес қосу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тұғырлы тәуелсіздікке 25 жыл

Автор: Махметова Тогжан

Дата: 23.01.2017

Номер свидетельства: 382774

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Тәуелсіздікке 25 жыл"Тарих беттерін парақтасақ""
    ["seo_title"] => string(53) "t_uielsizdikkie_25_zhyl_tarikh_biettierin_parak_tasak"
    ["file_id"] => string(6) "417785"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1495473895"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Т?уелсіздік т?т?асы - бізге аманат !"
    ["seo_title"] => string(31) "tuielsizdiktutkasybizghieamanat"
    ["file_id"] => string(6) "268073"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450537491"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Мемлекеттік р?міздер-Т?уелсіздікті? кепілдемесі "
    ["seo_title"] => string(55) "miemliekiettik-r-mizdier-t-uielsizdiktin-kiepildiemiesi"
    ["file_id"] => string(6) "156056"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421348227"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(131) "Внесклассное  мероприятие на тему:  «Т?уелсіздік – те?десі жо? байлы?ым» "
    ["seo_title"] => string(77) "vniesklassnoie-mieropriiatiie-na-tiemu-t-uielsizdik-tien-diesi-zhok-bailyg-ym"
    ["file_id"] => string(6) "229169"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1441636296"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Т?уелсіздік ?астерлі ??ым""
    ["seo_title"] => string(30) "t-uielsizdik-k-astierli-u-g-ym"
    ["file_id"] => string(6) "315251"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459856078"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства