kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Елінді тану – өз өлкеңді танудан басталады.

Нажмите, чтобы узнать подробности

по направлению краеведения, дети больше узнают о сакральных местах Актюбинской области

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Елінді тану – өз өлкеңді танудан басталады.»

Қалалық жас туристер стансасы













Ашық сабақ тақырыбы:

«Елінді тану – өз өлкеңді танудан басталады»






Дайындаған: ҚЖТС әдіскері-

А.Утарбаева



















Ақтөбе - 2020 жыл


Тақырыбы: Елінді тану – өз өлкеңді танудан басталады.

Мақсаты : Ақтөбе облысы бойынша «Қазақстанның киелі жерлері географиясына» республикалық деңгейде енгізілген 10 нысан бойынша білімдерін тереңдету, оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу, мәдени құндылықтар мен ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ – жауап, ауызша баяндау.
Көрнекілігі: Ақтөбе облысының және аудандар карталары, тапсырмалар, слайд материалдары, ақ парақтар (А4), киелі жерлер суреттері.
Өткізілу барысы:

І кезең. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім сөзі (2 мин):

Саламатсыздарма құрметті семинарға қатысушылар! Бүгін сізге мен қалалық жас туристер стансасының әдіскері Утарбаева Айнұр Берғалиқызы «Елінді тану – өз өлкеңді танудан басталады» атты сіздермен бірге практикалық сабақ өткізетін боламын.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2017 жылдан бастап «Киелі жерлер географиясының» тізімі жасала бастады. Сол қатарда Ақтөбе облысы бойынша 10 нысан жалпы ұлттық маңызы бар ескерткіштердің тізіміне енгізілді. Солардың атын атап, түсін түстейтін болсақ: Ырғыз ауданындағы бұдан 700 млн. жыл бұрын Жаманшың метеориті түскен орын, Шалқар ауданындағы Есет Дәрібай, Алға ауданындағы Есет Көкіұлы кесенесі, Қобда ауданындағы Қобыланды батыр мемориалды кешені мен Исатай Тайманұлы кесенесі, Темір ауданындағы Досжан ишан мешіті, Әйтеке би ауданындағы Хан моласы мемориалды кешені мен Әбілхайырдың жұбайы Бопай ханымның жерленген жері, Қобда ауданындағы Абат-Байтақ кесенесі және Хромтау ауданындағы Ойсылқара қорымы. Соның ішінде Ойсылқара да, Бопай ханым да әлі де зерттеуді қажет етеді.

«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

«Гүлмен тілек» (сергіту және топқа біріктіру)оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір - біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі (3 мин).

II кезең «Джиксо» әдісі бойынша, топтағы қатысушыларға нысандар мәтіні бөлініп беріледі. Тақтада ілінген суреттері бойынша тиесілісін тауып, бастарына сол суреті бар қалпақты киеді, әр топ қатысушылары өз орындарына отырады. (2 мин). Қатысушылар берілген мәтінді оқып, басқа топтарға мағлұмат айтады, тақтада ілінген Ақтөбе облысының картасына нысан орналасқан ауданын тауып картасын іледі (20 мин).

III кезең. «Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы.

Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді?  Кім сурет салғанды ұнады? т.б. сұрақтар қоюға болады.

IV кезең. «Тарихи шифр» - ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар

1. Абат – Байтақ кесенесі кімге арналып салынған? (Асан Қайғы баласы Абат батырға арналып салынған)

2. Қобыланды кеш.басты еск. Батырға арн.мазар болып табылады. Оның пішіні қандай? (Пішіні дулығаға ұқсатып салынған садақ іспеттес биіктігі айшыққа дейін – 16м, 89 см. Диам -16 м.

3. Исатай тайманұлы жерленген жер ? Кесене қай жылы тұрғызылған? (Қобда ауд. Шейітсай жер. жерленген. 2014 ж тұрғызылған)

4. Хан моласы кешені кімге арналған? Қай жерде орн? (Әбілхайырханға, Әйтеке би ауданы Толдыбай елді мекенінен 90 шақ қаш орн. Зерт. 2007 ж жүрг. 16 га ж. Қару жарағы өзімен бірге көмілген, кешені 3 бөлікті еск. тұрады). Биіктігі – 23 м.

5. Есет Көкіұлының мем.кешені қай жерде орн және қашан тұрғызылған? Алға ауданы, Бестамақ ауылында орн. Есет Көкіұлы 325 жылд.арналған 1992 ж жаңа кесене бой көтерген.

V кезең. «Шынжырды шеш». «15019901248656001989401».

150-Ойсылқарада 150бейт орн дәстүрлі ескерткіштен құралған көне қорым б.т.

1990 ж – Досжан хазірет мешіті ұрпақтары мен ағайын туыстары бірігіп, мешіттің қасынан тілеухана салдырған.

1248 – Д.Х. мөрінде «аллаға құлшылық етуші молла Досмухаммед ибн Қашақ 1248».

65 – Есет Дәрібай К кесенесі Шалқар қаласынан 65 км жерде.

600 – Бопай 600 адамнан тұратын ерекше топты басқарды

1989 ж қырк – АҚШ, Канада, ГФР және Франция елдерінің ғалымд.құралған халықаралық экспедиция ұйымдаст.Жаманшың әлем назарын аударды.

40 – Жаманшың аудан орталығынан 40 шақ оңт –бат. орн.

1 – млн жыл б.алып метеорит құлаған.

VI кезең. «Әр нысанға» 4 жолды өлең жаз.

VII кезең. Қорытындылау. «Тазалық» ойыны түрінде алу.

Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған: чемодан (суреті), еттартқыш (Суреті). Мұғалім сөзі: Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)
Осылайша қатысушы мұғалімдердің практикалық сабақтан не білім алғандарын көрсетеді.























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Елінді тану – өз өлкеңді танудан басталады.

Автор: Утарбаева Айнур Бергалиевна

Дата: 13.03.2020

Номер свидетельства: 542680

Похожие файлы

object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(143) ""Ту?ан елім, ту?ан жерім-алтын бесігім" 7-сынып о?ушысы Т?рсын Жал?асты? шы?армасы "
    ["seo_title"] => string(93) "tug-an-ielim-tug-an-zhierim-altyn-biesighim-7-synyp-ok-ushysy-tu-rsyn-zhalg-astyn-shyg-armasy"
    ["file_id"] => string(6) "215931"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1432825613"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства