Сел (арабша сайль — жой?ын тас?ын) — таулы аудандарда м?зды?тарды?, ?арды? м?лшерден арты? еруінен, н?серлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау ?зендеріні? арнасынан асып тасуынан пайда болатын таби?атты? жой?ын ??былысы.
Тас аралас саз-балшы?тарды? таудан т?мен а?ыла ??лауымен сипатталатын, кенеттен басталып, барынша ?ар?ынды ?тетін мейлінше залалды ??былыс; ?детте н?сер жауындар ?серінен, кейде тау шат?алдарында?ы ?арды? не м?зды?ты? жаппай еруінен туындап, ша?ын ?зенше а??арлары мен жыл?алар бойын ?уалай ??лайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сел ( арабша сайль — жойқын тасқын ) — таулы аудандарда мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан пайда болатын табиғаттың жойқын құбылысы.
Тас аралас саз-балшықтардың таудан төмен ағыла қүлауымен сипатталатын, кенеттен басталып, барынша қарқынды өтетін мейлінше залалды құбылыс; әдетте нөсер жауындар әсерінен, кейде тау шатқалдарындағы қардың не мұздықтың жаппай еруінен туындап, шағын өзенше аңғарлары мен жылғалар бойын қуалай құлайды.
Сел тасқыны құрамына қарай саз-балшықты,
тастыбалшықты және сулы-тасты селдер болып үш түрге бөлінеді.
Сел жолындағы борпылдақ шөгінділерді шайып, қатты тау жыныстарын бұзып, ағаштарды түбірімен қопарып, салмағы
ондаған тонналық үйтастарды ағызып әкетеді. Сел Қазақстанның Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, Сауыр, Тарбағатай, Алтай тауларындағы Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Қаскелең, Есік, Талғар, Текелі, Сарқант, тағы басқа өзендердің алаптарында жиі болып тұрады.
Сел қаупі күшті өзендерге бөгеттер салу, каналдар қазу, ағаштар отырғызу және алдын-ала болжау, халыққа хабарлау жұмыстарын ұйымдастыру сел апатының зардабын кемітетін шаралар. Алматы қаласын сел апатынан қорғау үшін 1966 жылы Медеу шатқалында дүние жүзінде алғаш рет тауды бағыттап қопару әдісімен Медеу бөгеті салынды. Ауданы 40 мың км 2 жерге селге қарсы ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкциялық жұмыстар кешені жүргізілді. Селдің алдын алу мақсатында Қазақстанда “Қазселденқорғау” мекемесі құрылып, сел мониторингі ұйымдастырылған.