Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, Қазақстан Республикасының физикалық картасы, атлас, кескін карта, интерактивті тақта, өзеннің суреттері, плакат.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу, қазақ әдебиеті, математика.
ІІ. Мағынаны тану. “Ой қозғау” стратегиясы - Қазақстанның өзендерін ата.- Өз жерлеріңде қандай өзендер бар?
Өзен дегеніміз – табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су. Біздің ғаламшарымызда миллионнан астам өзендер бар болса, ал қазақстанда 85 мың өзен бар.
Бастау – өзеннің басталар жерін айтады.
Әдетте өзендер басын таулардан алып көл, теңіз, мұхиттарға құяды. Өзеннің басталар жерінен құяр жеріне дейінгі аралықты өзен алабы деп атайды.
Өзен аңғары – өзен алқабындағы ұдайы ағып жатқан судың әсерінен төмен түскен жері.
Өзеннің жайылмасы – өзеннің толысып, тасу кезіңде жағалауларын екі жағына да уақытша жиналатын сулы алқап.
Саға – өзеннің теңізге немесе көлге, мұхитқа барып құятын жерін айтады.
“ Ең ерекше”
Конго – экватор сызығын екі рет кесіп өтетін өзен. Африкада орналасқан
Ертіс – Қазақстандағы ең ірі өзен.
Амазонка – дүние жүзіндегі ең суы мол өзен. Оңтүстік америкада онраласқан
Ніл – дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. (6671ш). Африкада орналасқан.
Өзен дегеніміз не екенін, өзеннің сағасы болатынын, өзеннің басталатын жерін, өзеннің оң жақ және сол жақ саласын.
Үйрендім.
Өзеннің қандай түрлері бар, олар немен қоректенеді, өзеннің тағы қандай басқа элементтері бар екенін білгім келеді.
Өзеннің жазық және таулы екенін білдім, олар бір-бірінен қалай айырмашылық жасайтынын білдім. Өзеннің арнасы, жайылмасы, қимасы және тағы да басқа элементтері бар екенін білдім.
Еуразияның ішкі сулары. 7 сынып. І. Қызығушылығын ояту. Тірек-символдар арқылы тақырыпты ашу
Дунай өзені
Хуанхэ өзені
Хуанхэ өзені
Тигр өзені
Еділ өзені
ІІ. Мағынаны тану. Топпен жұмыс. «ЖИГСО» стратегиясы
І топ. Солтүстік Мұзды мұхит пен Атлант мұхит алабын оқып, басқа топтарға топтастыру арқылы түсіндіру керек.
ІІ топ. Тынық мұхит пен Үнді мұхит алабын оқып, басқа топқа әңгіме түрінде түсіндіру керек.
ІІІ топ . Ішкі тұйық алабын оқыды. Ішкі тұйық алапқа жататын өзендердің экологиясы туралы әңгемелеп беру керек.
Картамен жұмыс.
Солтүстік Мұзды мұхит алабы: Обь, Ертіс, Енисей, Лена, Ангара
Атлант мұхит алабы: Дунай, Висла, Днепр, Рейн, Сена.
Тынық мұхит алабы: Амур, Янцзы, Хуанхэ.
Үнді мұхит алабы: Үнді, Ганг, Тигр, Евфрат, Брахмапутра.
Ішкі тұйық алабы: Еділ, Жайық, Сырдария, Амудария.
«Қай өзен артық» ойыны.
Дұрыс жауабы:
а) Дунай, Хуанхэ , Висла, Рейн.
ә) Лена, Обь, Дунай, Енисей.
б) Меконг, Висла, Амур, Янцзы.
Сол алапқа жатпайтын өзеннің астын сыз
«Кім тапқыр?».
Берілген сөздегі әріптің орнын ауыстырса, Еуразия материгіндегі өзен аттары шығады.
8 сынып. «Қазақстанның өзендері, ішкі суларының ерекшеліктері”. І. Қызығушылығын ояту. Қазақстанның өзендері туралы видеоролик
ІІ. Мағынаны тану. Топпен жұмыс. INSERT стратегиясы.
І топ.Солтүстік мұзды мұхит алабы.
ІІ топ.Каспий теңіз алабы.
ІІІ топ.Арал теңіз алабы
IV топ.Балқаш Алакөл алабы.
V
-
+
?
Есеп шығар: Өзеннің еңістігі мен суының тартылуын есептеп шығар. Егер ұзындығы – 200 шақырым, теңіз деңгейінен биіктігі -50 м, теңіз деңгейінен сағасының биіктігі -10 м.
СТ - судың тартылуы.
hб – бастаудың биіктігі
hc - сағаның биіктігі
Е -еңістігі
L -өзеннің ұзындығы
CT
СТ=Һ Б - Һ С
СТ
Е = ─
L
Есептің шешуі:
СТ=Һ Б - Һ С
СТ
Е = ─
L
СТ = 50 – 10 = 40м
Е = 40 м / 200км = 0.2м
Жауабы: Өзен суының тартылуы – 40метр,ал еңістігі–0,2м
Тапсырма. Сәйкестікті тап:
1) Іште ағатын өзендер; 2) Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендері; 3) жазда таситын режімді өзендер; 4) СЭС салынған өзендер; 5) кеме жүзетін өзендер; 6) көктемде таситын өзендер; 7) мұздықтардан қоректенетін өзендер; 8) аралас коректенетін өзендер; 9 ) Тянь-Шань тауларынан бастау алатын өзендер; 10) Орал тауларынан бастау алатын өзендер; 11) Арал теңізіне құятын өзендер; 12) Балқашқа құятын өзендер; 13) Каспий теңізіне құятын өзендер; 14) құмға сіңетін өзендер; 15) суландыруға пайдаланылатын өзендер.
Ойын «Сандар сөйлейді». Ж ауаптары:
4248
Ертіс өзенінің жалпы ұзындығы
5-7
Ертіс өзенінің тереңдігі
712
Жем өзенінің ұзындығы
1974
Ертіс – Қарағанды каналы іске қосылды
1963
Есік көлінің бөгеті бұзылды
458
Ертіс – Қарағанды каналының ұзындығы
1082
Жайық өзенінің Қазақстандағы ұзындығы
1700
Ертіс өзенінің Қазақстандағы ұзындығы
815
Іле өзенінің Қазақстандағы ұзындығы
2219
Сырдария өзенінің жалпы ұзындығы
2428
Жайық өзенінің жалпы ұзындығы
125
Мұздың қалыңдығы
Жұмбақтас.(картамен жұмыс )
ҚР өзендері неше алапқа бөлінеді? Картадан көрсет.
Ертіс өзеніне сипаттама беріңіз.
Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын өзендерді атаңыз. Картадан көрсетіңіз.
Бастауын Қазақстан жерінен алатын ірі өзен туралы айтып, картадан көрсетіңіз.
Бір жағасы Еуропада, екінші жағасы Азияда жатқан Қазақстанның қай өзені, картадан табыңыз.
Тұран ойпатын солтүстікке және оңтүстікке бөлетін өзен туралы айтып, картадан көрсетіңіз.
Балқаш көлінің батысы тұщы, шығысы тұзды. Неге?
ІІІ. Рефлексия
Шығармашылық жұмыс.
Оқушылар«Өзендер»тақырыбы бойынша шығармашылық – жобалық жұмыстарын қорғайды.