•Білімділік: ?азіргі елорда Астана ?аласы жайында, оны? тарихы, Алматыдан астананы А?мола?а к?шіруді? ал?ышарты жайында о?ушылар?а жалпылама ма?л?мат беру, елорда жайында білімдерін ке?ейтуге жа?дай жасау.
• Дамытушылы?: ?з беттерінше білім алу, ізденіс ?рекеттерін дамыту?а жа?дай жасау, тарихи о?и?аларды? ма?ыздылы?ын т?сіне білу, о?ан ба?а беріп, пікір алу да?дыларын ?алыптастыру?а к?мектесу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Астана- ?аза?стан Республикасыны? астанасы»
Саба қтың мақсаты:
Білімділік: қазіргі елорда Астана қаласы жайында, оның тарихы, Алматыдан астананы Ақмолаға көшірудің алғышарты жайында оқушыларға жалпылама мағлұмат беру, елорда жайында білімдерін кеңейтуге жағдай жасау.
Дамытушылық: өз беттерінше білім алу, ізденіс әрекеттерін дамытуға жағдай жасау, тарихи оқиғалардың маңыздылығын түсіне білу, оған баға беріп, пікір алу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу.
Тәрбиелік: Астана арқылы мақтана білуге үйрету, елордаға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық, азаматтық тәрбие алуға көмектесу, рухани-материалдық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Үй тапсырмасын пысықтау
1 . Солтүстік Қазақстанда қанша қала бар?
2. Ақмола облысында облыстық дәрежедегі қанша қала бар?
3.Бұл қай қала ? 1. Шағын қала. Мұнда Васильков кен байыту комбинаты жұмыс істейді. Қала Есіл өзенінің жағасында орналасқан, ауыл шаруашылық машиналарын шығару дамыған. Қаланың экономикалық дамуына қолайлы ЭГЖ, көмірдің, мыстың, алтынның мол қоры ықпал етеді. Алюминий зауты бар. 4. Қала темір мен асбесттің кен орындарын игерудің нәтижесінде дамыды.
4.Республиканың солтүстік қақпасы атанған қала?
5.Еліміздің ең үлкен астық ауданы?
Сөзжұмбақ шешу
Қазақстанның қалаларын жаз
Қ
А
З
А
Қ
С
Т
А
Н
Астана - Қазақстанның бас қаласы
Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі өзгерістердің бірі астананың ауысуы болды. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Қазақстан жолы» атты еңбегінде астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдамас бұрын ұзақ ойланғанын, барлық қадамдарын есептеп, тарихшылармен, саясаттанушылармен, мәдениеттанушылармен ақылдасқанын, басқа елдердің астаналарын көшіру тарихымен танысқанын айта келіп, астананы ауыстырудың негізгі себептерін былайша түйіндейді:
Біріншіден , астананы ауыстыру Қазақстанды геосаяси жағынан күшейтудің қажеттігінен туындады. Сондықтан елдің бас қаласының орнын анықтауға ерекше көңіл бөлінді. Астана өзіне еуропалық және азиялық озық дәстүрлерді сіңіріп отырған Еуразия құрлығының орталығы болып табылады.
Екіншіден , бұл шешімді қабылдағанда қауіпсіздік мәселесі де еске алынды. Тәуелсіз мемлекеттің астанасы, мүмкіндігінше, сыртқы шекараларынан жырақта және елдің ортасында орналасуы тиіс.
Үшіншіден , астананың орнын ауыстыру Қазақстанның экономикасын сауықтыру қажеттігінен де туындады. Ол елдің экономикасы үшін тиімділікті қамтамасыз етті. Облыс орталықтары дами бастады, экономиканың құрылыс материалдары өндірісі, жол төсеніштері, энергетика және машина жасау сияқты салалары аяғынан тік тұрды. Тұрғын үй құрылысы бұрын-соңды болып көрмеген қарқынмен дамуда
Төртіншіден , астананы көшіре отырып, құрамы жағынан көп ұлтты біз, тұрақты полиэтникалық мемлекетті құру, Қазақстанды мекендеп отырған халықтардың арасындағы достықты сақтау бағытын да есте ұстадық .
1832 жылы Есіл өзенінің жағасы Қараөткел шатқалында Ақмола бекінісі салынды. 1863 жылы 16 шілдеде Ақмола қаласы аймақтық қала болып ресми түрде бекітілді. 1960 жылдың желтоқсанында Ақмола Қазақстанның барлық тың игеретін облыстарының орталығы болып жарияланды.
Қала 1961 жылға дейін Ақмола, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, 1992 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола деп аталды.
1998 жылы Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланған соң, қала атауы Астана деп өзгертілді. Қала Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан. Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталық.
Қызықты мәліметтер
1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Астана қаласын «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді.
Астана – Азия елдерінің ішіндегі солтүстікте орналасқан қала.
Әлемдегі екі елдің астанасы Солтүстік Мұзды мұхит бассейнінде орналасқан. Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласы Енисей, ал Астана Есіл өзенінде орналасқан.
Қала жобасымен атақты жапон сәулетшісі Кисе Курокава айналысты .
Мәтіммен жұмыс I- топ Жер бедері Табиғаты және табиғи қоры II – топ Климаты III –топ Су қоры IV- топ Тарихы және Өзін-өзі басқаруы
Сабақты бекіту
Блум таксономиясы бойынша
Шұғыл есте сақтау
Жылдар
Блум таксономиясы
Нені білдім
Нені түсіндім
Шұғыл есте сақтау
Елтаңбаларды зерттейтін ғылымды геральдика , туларды зерттейтін ғылымды виксикология деп атайды.
Қазіргі Астана қаласының шетінде, Есіл өзенінің солтүстік алқабында ерте орта ғасырларда Бозақ аталатын қала болған. Бұл тарихи ескерткіш Бозақты көлінің шығыс жағалауын алып жатыр.
ІІ-ші түрі
Елтаңбаларды зерттейтін ғылымды ..............., туларды зерттейтін ғылымды .............. деп атайды.
Қазіргі ................. қаласының шетінде, ........... өзенінің солтүстік ............... ерте орта ғасырларда ............ аталатын қала болған. Бұл тарихи ескерткіш Бозақты көлінің ........... жағалауын алып жатыр.
Жылдар
1830 жылы-
1862 жылы-
1950 жылы-
1961-1992 жылы -
1992 жылы -
1997 жылы -
1998 жылы -
1999жылы -
2017 жылы -
Жылдар
1830 жылы-Ақмола бекінісі
1862 жылы –Ақмола қаласы
1950 жылы-тыңайған жерлерді игеру
1961-1992 жылы- Целиноград
1992 жылы -Ақмола қаласы
1997 жылы - Ақмола қаласы ҚР астанасы
1998 жылы –”Астана” атауы берілді
1999жылы-ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана қаласына медальмен Бейбітшілік атағы берілді.
2017 жылы –ЭКСПО халықаралық көрме
« Көршісін тап» ойын ы .
Бұл ойын арқылы берілген сөздерді сөздердің орналасу тәртібімен сөйлем құрастыру керек.
1 . Республиканың, әкімшілік, бас қала, мәдени, саяси, орталығы Астана –, Қазақстанның.
2. дамып жатқан, Астана, белсенді, айналды, сөресіне, қоғамның.
3. дамыған, өткен сайын, қызмет, жыл, Астана, көрсету саласы,