Просмотр содержимого документа
«Америка Құрама Штатының халқы»
Америка құрама штаттарының
халқы
Өткізген: география пәні мұғалімі А.М. Рахметова
Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы
Алтынды орта мектебі
Сыныбы: 11 “а”
Сабақ міндеттері:
Білімділік: АҚШ халқының нәсілдік топтары, ұлттық құрамы, орналасуы туралы білім беру.
Дамытушылық: Сабақта өз ойларын нақты, дәл жеткізе білуге, салыстыра білуге үйрету, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ жүргізу әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО элементтері.
Сабақ көрнекілігі: Дүниежүзінің саяси картасы, АҚШ экономикалық картасы, суреттер, оқулық, атлас 11 класс
АҚШ халқының жалпы саны (317,7 млн адам) жағынан дүниежүзінде Қытай мен Үндістаннан кейінгі үшінші орын алады. АҚШ көпұлтты ел. Ресми түрде ел азаматтары шыққан тегіне қарамастан америкалықтар деп аталатын біртұтас ұлтқа бірігеді. Нәсілдік ерекшеліктеріне қарай америкалықтар 3 топқа ажыратылады: еуропалықтар (халықтың 84%), африкалықтар (12%) және азиялықтар (4%)
Қазіргі кезде АҚШ-ның халқының негізгі бөлігін сырттан келгендер құрайды
Еуропалы қтардың отарлауынан пайда болған Америкадағы жаңа нәсілдер