Табиғат кешендеріне сипаттама бере отырып, Оңтүстік Американың табиғат зоналарына жеке-жеке тоқталу. Оқушылар 3 топқа бөлінеді.Әр топтың көшбасшысы сайланады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Оңтүстік Американың табиғат зоналары» 7- сынып»
Сабақтыңтақырыбы: § 41-42 Оңтүстік Американың табиғат зоналары Сабақтың мақсаты: І Білімділік: Табиғат кешендеріне сипаттама бере отырып, Оңтүстік Американың табиғат зоналарына жеке-жеке тоқталу. ІІ Дамытушылық: Оқушылардың картамен, оқулықпен, атласпен, кестемен, топтасып, жеке жұмыс жасауын одан әрі дамыту. ІІІ Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздылыққа баулуға, тындай және сөйлей білу мәдениетін арттыруға эстетикалық тәрбие беру. Көрнекіліктер:Слайд, атлас, Оңтүстік Американың табиғат зоналары картасы, таратпа материалдар Сабақ типі: Аралас сабақ Әдіс-тәілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап,СТО, пысықтау. Сабақ жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі Сәлемдесу, сыныпты түгендеу -Балалар қуаныш шеңберін құрайық, бір-бірімізге қуанышты сөздер немесе жақсы тілек айтайық. Балалар мен сендерге сәттілік тілеймін, сабақтарыңызды жақсы оқыңдар.(Балалар бір-біріне тілек айтады) Өте жақсы бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл – күймен бастаймыз. Балалар үш топқа бөлінеміз. І топ -Орман, ІІтоп - Саванна, ІІІтоп – Пампа. Топтық жұмыс әр топтың көшбасшы сайланады . Бағалау парағы арқылы(жақсы сөз арқылы өте жақсы, жақсы, жарайсың) бір- бірін бағалайды.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру § 40 Ішкі сулары (Оңтүстік Америка материгінің) «Миға жабуыл»
Оңтүстік Американың өзендерін атаңдар
Оңтүстік Американың өзендері қандай алаптарға бөлінеді?
Материктің өзендерінің көбі қандай алапқа құяды?
Амазонканың ерекшелігі неде?
Материктің көлдерін атаңдар
Неліктен Атакама шөлінде кей жылдары мүлде жаңбыр жаумайды?
Оңтүстік Американың жер бедері қандай?
Оңтүстік Американың шеткі нүктелерін атаңдар
Оңтүстік Американы қандай мұхиттар шайып жатыр?
Оңтүстік Американы қандай климаттық белдеулер кесіп өтеді?
Дұрыс. Климатқа байланысты топырақ, өсімдік, жануарлар әр климаттық белдеуде бөлек болады, яғни бүгін біз табиғат зоналармен танысамыз. ІІІ. Негізгі бөлім А) Жаңа сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру Ә) Жаңа сабақты түсіндіру Оңтүстік Америкада географиялық орны мен климаттық жағдайларына сәйкес ормандар кең таралған. Оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары ажыратылады: 1. Ылғалды экваторлық ормандар (гилея); 2. Ауыспалы ылғалды (муссонды) ормандар; 3. Саванналар мен сирек ормандар; 4. Субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар; 5. Жалпақ жапырақты ормандар; 6. Субтропиктік дала (пампа); 7. Шөлейт және шөл; 8. Анд тауларындағы биіктік белдеулер.
Тақырыбымыз күрделі болғандықтан бүгінгі сабақта біз ылғалды экваторлық ормандар (гилея); ауыспалы ылғалды (муссонды) ормандар; саванналар мен сирек ормандар; субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар; жалпақ жапырақты ормандар; субтропиктік дала (пампа) табиғат зоналарын сипаттаймыз. Ал шөл, шөлейт, биіктік белдеу табиғат зоналарын келесі сабақта өтеміз.
Б) Топтық жұмысІ) Оқулықпен жұмыс істеу.
№ 1 ТАПСЫРМА Оқулықтағы мәтінді оқып, кестеге сәйкес жауап бересіңдер. І топ –Орман тобы сендер ылғалды экваторлық ормандар (гилея) мен ауыспалы ылғалды ормандар (сельвас) табиғат зонасына сипаттама бересіңдер кесте бойынша.
№ 2 ТАПСЫРМА (үлестірмелі тапсырмалар)
Оқулықтағы мәтінді оқып, кестеге сәйкес жауап бересіңдер.
Табиғат зонасы
Табиғат жағдайы
Топырақ
Өсімдіктер
Жануарлар
Ылғалды экваторлық ормандар (гилея) мен ауыспалы ылғалды ормандар (сельвас)
ІІтоп - Саванна тобы саванналар мен сирек ормандар Ориноко саваннасы – льянос, Бразилия саваннасы – кампос табиғат зонасына сипаттама бересіңдер кесте бойынша.
№ 1 ТАПСЫРМА Оқулықтағы мәтінді оқып, кестеге сәйкес қорғау.
Табиғат зонасы
Табиғат жағдайы
Топырақ
Өсімдіктер
Жануарлар
Субтропиктік дала (пампа)
ІІІтоп – Пампа тобы субтропиктік дала (пампа) табиғат зонасына сипаттама бересіңдер кесте бойынша.
№ 1 ТАПСЫРМА Оқулықтағы мәтінді оқып, кестеге сәйкес қорғау.
Табиғат зонасы
Табиғат жағдайы
Топырақ
Өсімдіктер
Жануарлар
Субтропиктік дала (пампа)
Әр топ өз жұмысын тақтаға шығып қорғайды
І топ –Орман тобы
ІІтоп - Саванна тобы
ІІІтоп – Пампа тобы
ІІ) Атласпен картамен жұмыс істеу.
І топ –Орман тобы
№ 2 ТАПСЫРМА(үлестірмелі тапсырмалар)
Атласпен жұмыс істеу. Табиғат зоналарының орналасуымен танысу, картаға шығып көрсету.
Ылғалды экваторлық ормандар
Мекендейтін жануарлардың атын жазып, стикермен картаға жапсыру.
ІІтоп - Саванна тобы № 2 ТАПСЫРМА
Атласпен жұмыс істеу. Табиғат зоналарының орналасуымен танысу, картаға шығып көрсету.
Ауыспалы ылғалды ормандар (сельвас) картадан көрсету
Осы зонада өсетін өсімдіктердің атын жазып, стикермен картаға жапсыру
ІІтоп - Саванна тобы № 2 ТАПСЫРМА
Атласпен жұмыс істеу. Табиғат зоналарының орналасуымен танысу, картаға шығып көрсету.
Саванналар мен сирек ормандар зонасын картадан көрсету
Кампоста өсетін өсімдіктің атын жазып, стикермен картаға жапсыру
ІІІ) Стикерде берілген тапсырманы орындау. Жауаптарын стикерге жазып «Оңтүстік Америка табиғат зоналары» картасына сәйкес зонаға жапсыру. (Әр бір топқа бір үлестірмелі тапсырма жануарлар мен өсімдікке қатысты)
ІV) Жеке тапсырмаға жауап беру
(Әр бір оқушыға үлестірмелі тапсырмалар)
Қызыл – сары ферраллитті топырақ қай табиғат зонаға тән?
Гевея қай табиғат зонада өседі?
Капибарадан қай табиғат зонада мекендейді?
Қай табиғат зонада топырақ жамылғысы ферралитті қызыл топырақтан қызыл – қоңыр топыраққа ауысады?
Бөтелке ағаштары қай табиғат зонада өседі?
Нанду түйеқұсы қай табиғат зонада кездеседі?
Қамыс қай табиғат зонада өседі?
Оцелот қай табиғат зонада мекендейді?
Құнарлы шымды қызғылт топырақ қай табиғат зонаға тән?
Ла – Плата жазығын қай табиғат зона алып жатыр?
Ориноко саваннасы қалай аталады?
Бразилия саваннасы қалай аталады?
Ғаламшардың «өкпесі» деп қай аймақты атайды?
В) Сематикалық картамен жұмыс істеу.
Г) Терминдер сөздермен жұмыс
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Бүгінгі сабақта қандай табиғат зоналарымен таныстық?
Ғаламшардың «өкпесі» деп қай аймақты айтады?
Льянос пен кампостың қандай айырмашылығы бар?
Құнарлы шымды қызғылт топырақ қай табиғат зонаға тән?
Ла-Плата жазығын қандай табиғат зонасы алып жатыр?
Бөтелге ағаштары қай табиғат зонасында кездеседі?
Әлемдегі ең кішкентай құс?Бүна
V. Үй тапсырмасын беру.лармен таныстық
§41-42 мазмұндау және Оңтүстік Америкада сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер туралы мән жазба жазып келу. Атластағы табиғат зоналарымен жұмыс жасау, кестені толықтырып келу.
VІ. Бағалау.
Балалар бүгінгі сабақта сендер бір- біріңізді жақсы сөзбен бағалайсыңдар.