Ученики начальных классов с любовью вспоминают утрениики в школе, их неприменно порадует выступление Деда Мороза, Снегурочки и различных сказочных героев. Новый год был проведен форме спектакеля, в нем принимали участие все ученики класса.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
1-жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2-жүргізуші: Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдырығын ашуға рұқсат етіңіздер!
Би: Ортаға «Айналайын» бишілер тобын шақырамыз. Қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші: Құрметті жамағат « Жақсы сөз-жарым ырыс!»-деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, Аппасов Бейсенбай Қинаятұлына береміз.
2-жүргізуші: Келесі құттықтау сөз бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы ...................................... беріледі.
1-жүргізуші: Армысың, аманбысың жаңа жылым,
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
«Қой» жылы келгенде, сый ғып тартып,
Атқарайық әнменен көңіл сырын.
Ән: Жаңа жыл әні.
Желаяқ: Сүйінші, сүйінші! Мен сіздерге жақсы жаңалық әкелдім. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын. Осы мерекеге сіздер Аяз атамен Ақшақарды күтіп отыр екенсіздер. Мені сіздерге Аяз ата жіберді. №15 мектепке меннен мына хабарламаны апар деді. Біздің барар жолымыз алыс, талай асулардан өткенше біраз уақыт өтеді. Олар бізді күтіп қалған болар. Желаяқ, сен бізден гөрі жылдам жетесің ғой деп жіберді.
/жүргізуші хабарламаны оқиды/.
2-жүргізуші:Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешінде сайгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.
1-жүргізуші:Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар
2-жүргізуші:Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
1-жүргізуші:Аяз ата келеді Ақшақармен,
Бірге:Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар! /осы кезде музыкамен Аяз ата мен Ақшақар ат-шанамен келеді де асықпай шанадан түседі. Бәрі қошеметтеп қарсы алады/.
Аяз ата:Ассалаумағалейкум, жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
1-жүргізуші:Ассалаумағалейкум, Ата!
Аяз ата: Уағалейкумассалаум, балам!
Ақшақар: Жаңа жылмен құттықтап, Ойнап-билеп, күлуге келдік міне, балалар!
2-жүргізуші:Армысыз, Ата! Армысың Ақшақар.
Аяз ата: Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым?
1-жүргізуші:Ақмешіттей киелі елге келдіңіздер.
Аяз ата: Бәрекелді балам! Ақмешіттің топырағы киелі деп естігенім бар. Дұрыс айтасың. Ақмешіт ауылының тұрғындары өте жақсы адамдар екен. Балалар бәрі жиналып бізді көп күтіп қалған екен. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?
2-жүргізуші:Әрине ата. Мұңбұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.
Аяз ата: Рұқсат, шырақтарым, рұқсат.
Ақша қар: Аяз ата қарашы, балалардың киімi қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті. Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық.
Бірге: Кәне шырша таңырқат
Шамдарыңды жарқырат
(барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады).Шыршаны жағатын бала дайындау
Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне , шыршаны айналып ән шырқайық.
Шырша жанында ән.
Хоровод: Ән «Аппақ, аппақ жапалақтап».
1-жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар. «Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл жарылқасын» демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер «Жылқы» жылы келе жатқан көрінеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көтеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?
Аяз ата: -Бәрекелді қарақтарым! Келсін, жылқы келсін..... /Жылқы жылы ортаға шығады/.
Жылқы: -Тарих қойнауына. Осы жерде қой бауырыма жолығып кетейін деп келдім.
2-жүргізуші: Мен уақытқа қарасам Жаңа жылдың келетін уақыты жақындап қалыпты. Қарсы алайық Жаңа Жылды. Қой жылы келеді қарсы алайық, Көңілденіп күлейік шаршамайық.
Қойлардың да құрметін бөлісейік, Қойлардың да міндетін атқарайық. Міне, Жаңа Жыл да келді. /Бәрі қошеметтеп қарсы алады/.
Жаңа жыл: Ассалаумағалейкум ағайын!
Ассалаумағалейкум Аяз ата!
Ассалаумағалейкум Жылқы аға! Армысың, Ақшақар.
Аяз ата: Бар бол, балам.
Жылқы: Уағалейкумассалам, сен бала қоймысың?
Жаңа жыл: -Дәл өзімін.
Жылқы: Айналайын келші, таңауынан бір иіскейін. Ал қойжан! Кімдер даттап, кімдер мақтайды, өзі білсін. Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым, білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Айта кетсем, Ақмешіт ауылының №15 орта мектеп оқушылары. Биылғы жылы мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушылары міне алдында. Осы оқушыларға денсаулық тілеймін және болашақта сабақтарын тек қана жақсы оқысын демекпін.
Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырамын қарағым.
Жаңа жыл: -Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.
Жылқы: -Ал мен жылжиын, ағайын!
Келген жылдарың құт береке сыйласын! /қоштасып кетеді/.
1-жүргізуші: Қош, өткен жыл!
Қош келдің Жаңа жыл. Жаңа Жыл: Айтқаныңыз келсін апай, Мен-дағы бір қонақпын. Он екі айда оралар, Үлкендерден ақ ниет, Тілек айтсын балалар. Уа құдайым оңдасын, Қызыр бабам қолдасын. Келіп жатқан сағынта, Жаңа жыл бізді жарылқа! Ойға болып санамыз, 5-тік болсын бағамыз, Баласындай бір үйдің, татубосын арамыз. Жамандыққа баспайық, қиындықтан қашпайық, Еркеліктен аулақ боп, жаңа бір іс бастайық. Күнделікке жолатпай екіліктен қашайық. Мықты болып деніміз, сатылмасын жеріміз, Жауқазындай жалынды, өркендесін тіліміз. Күйге толып төріміз, ашық болсын көгіміз. Келген Жаңа Жылымыз ақ тілекпен осындай. Ар болып үйге кіріңіз! Әумин. Жаңа жылдың құрметіне «Жаңа Жыл» әні орындалады.
1-жүргізуші: Ар бол Жаңа Жыл, бар бол Жаңа Жыл! Қадамың Құтты болсын, Жаңа Жыл! Бейбітшілік жылы бол, Жаңа Жыл! Құт береке жылы бол, Жаңа Жыл! Аяз ата: Ал айналайын, Жаңа Жыл. Келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, бір өзіңе аманат. Жақсы жыл бол, дария нұр бол. Жаңа Жыл: Айтқаныңызды орындаймын, атажан!
Аяз ата: Асулармен алысқан, Асау желмен жарысқан. Аталарың сендерге, Шаршап келді алыстан. Өздеріңе оралдым, Бар сыйлығым жоралғым. Керемет бір ән тыңдап, Келіп тұр-ау демалғым. 2-жүргізуші: Олай болса, Ақшақар екеуіңіз шыршаның түбінде отырып демалыңыздар. Ал біздің балалар сіздерге арнап дайындаған сый-сияпатын көрсетпекші. 1-сынып: 1.Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
2.Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
3.Келді тағы жаңа жыл,
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын жаңа жыл,
Құттықтаймыз сіздерді.
4.Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
5.Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
6.Тауда туып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға.
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Ән: «Аяз ата»
Ақша қар: өнерлерің керемет екен.
Мен балалармен ойын өткізгім келіп тұр. Балар менімен ойнайсыңдар ма?
Қазір менің артымнан қайталайсыңдар
-Біз көңілді балақаймыз
Ойынға да біз тоймаймыз.
Шапалақ та ұрамыз
Аяқпен де соғамыз.
Құлақты да қалқитып,
Басымызды шайқаймыз.
Ұртымызды үрлейміз
Ұялуды білмейміз.
Он, жиырма, қырық
Түріміз біздің қызық-дегенде бәріміз қызықты түрге еніп қатып қалуларың керек. Ең қызықты түрге енген баланы таңдап оған Аяз ата кәмпит береді. /Бірнеше рет ойнау/.
Аяз Ата: -Мына балалар тамаша ойнайды екен. Менің шаршағаным басылып өзімнің ойнағым кеп кетті. Кәне менімен ойнайсыңдар ма? Менің ойынымның шарты былай. Менің немерем Ақша қар қазір осы залға мынадай қағаздар тастайды. Мұнда әртүрлі суреттер салынған. Сендер тез-тез тек кәмпиттің суреті бар қағаздарды жинап алуларың керек. Кім қанша кәмпиттің суретін жинаса, мен сонша кәмпит беремін. /Ойын ойналады/.
2-сынып: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
***
Жылдың әнін бастайын, Аяз- Ата кеп қалды. Майысады жас қайың, Көтере алмай көп қарды.
Бақша іші мереке, Ойын күлкі асқақ ән. Жақсы әпкелер жаңа кеп, Мерекені бастаған.
Жаңа жылды қарсы алдың, Мініп алып күймеге. Мен де бүгін ән салдым, Араластым биге де.
Оралдың өлкеме, Жаңа жыл армысың. Оранды ақ көрпеге, Асқар тау, қарлы шың.
Ақ қырауға малынған Сақалы да мұрты да. Аяз ата сағынған, Сәлем бepді жұртына.
Безендіріп шыршаны Жыл қуантты баршаны. Той-маскарад басталды, Аяз оны басқарды.
Аппақ тонға оранып, Базарлықты мол алып. Келді алыс сапардан, Аяз ата оралып.
Қалып едік сағынып, Kүтіп алдъқ жабылып. Жолын қойдық жарық қып, Шыршаларға шам іліп
Аяз Ата ойды қырды Аралап жүр түгел шолып. Қарсы алғалы жаңа жылды, Ол да көптің бірі болып. Қайда қызық болса думан, Аяз Ата сонда болды. Күндіз үйде ойнап бізбен, Балалармен бірге болды.
Тілеймін мен бар әлемге Дос көп болсын жаңа-жыл Ата-әже, ата-әже Құтты болсын жаңа жыл
Жаңа жылым мол болсын Басқан қадам оң болсын Төрле, төрле жаңа жыл Бізге құтты жол болсын.
***
Аяз –ата ақ сақалды, Ақ таяқты паң ата, Асып өтіп асқар тауды Жеттің бізге таң ата
Жапалақтап ақша қар Жауды күнде қайталап Қырға шықты балалар Шаңғыларын арқалап.
Қайда қызық думан болса, Аяз ата сонда болды. Балалармен бірге ойнап Балалармен бірге қонды.
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
Аяз ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы Жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
Ән: «Аққала»
Сиқыршы-Сағындық: Құрметті Аяз ата. Сіздердің ойындарыңызға қарап мен қызығып кеттім. Мен де балалармен бір ойын ойнайыншы.
Аяз Ата: -әрине ойна.
Сиқыршы: -Ол үшін барлықтарың сапқа тұруларың керек. Сосын мен «Жер» десем сендер бір рет алға секіресіңдер, «Су» десем артқа секіресіңдер. Кім шатасып калады ол бала ойыннан шығып отырады. Ең соңында тез әрі шатаспай секірген балалар Аяз атадан кәмпит алады. Ал кәне ойнайық.
Аяз ата: -Ал енді сендердің де маған арнап дайындаған өлеңдерің мен тақпақтарың бар шығар. Мен тыңдап, кәмпитімнен берейін. /Балалар тақпақтарын айтады/.
3,4-сынып:
Аяз келді қаһарлы Айналаны қар жапты. Ақ тон киіп орман тұр Дәл атамдай салмақты.
***
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
***
Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
Аяз ата келіп тұр,
Бизге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны-ай
Кесіп алсам шіркін-ай!!!
Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке - шеше
Құтты болсын Жаңа жыл
Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Ән: «Жаңа жыл»
Ойын ойнату
1-жүргізуші:Құрметті халайық! Құрметті Аяз ата, Ақшақар! Бүгінгі жаңа жылдық кешімізді жалғастырамыз.
Екінші бөлім: «Ертегілер әлемі»
Музыка ойналып, екі бала залға кіреді.
2-жүргізуші:Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар, халайық!
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
1-жүргізуші:Ертегі әлемі
Қандай өзі әдемі,
Жасыл шырша жанында,
Барлық достар жиналды.
/Саз әуені ақырын жүріп тұрады/. 1-жүргізуші: Бүгін өткелі отырған «Ертегілер әлемі» атты сахналық қойылымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі сахналық қойылымымызды ашық деп жариялаймыз. 1-жүргізуші: Келесі көретіндеріңіз «Түлкі мен Қоян» ертегісіне сахналық қойылым /3,4-сынып/. Автор: Бір хандықта ну орманның ішінде түлкі мен қоян дос болыпты. Олардың достығы сонша, тіпті олар екеуі бір-бірімен көрші болып тұруды ұйғарады. Содан түлкі өзіне мұздан, ал қоян ағаштан үй салады екен.
Қоян: Түлкі, міне көптен күткен Жаңа жыл мерекесі де келді. Біз ормандағы барлық аңдарға жар салып, Жаңа жылды бірге қарсы алайық. Мен хабарлама ілейін. Аяз атаны да шақырайық. /хабарландыру жазып іліп қояды/.
Түлкі: Дұрыс айтасың, тойласақ тойлайық. Бірақ сенің үйіне шақырайық, себебі сенің үйің менікінен қарағанда үлкен, әрі жайлы. Жылы деуге де болады. Менің үйім болса, әншейін мұздан салынған ғой.
Қоян: Жарайды келістік. /Екеуі қоянның үйін безендіріп, дастархан жаяды . Ормандағы барлық андар сыйлықтарын алып келеді.Аяз ата бірге келеді/.
Аяз ата: Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жылды жақсы қарсы алайық. Ән айтып, би билейік.
/Таппақ, ән айтып, би билеп көңіл көтеріп, тарқасады/.
Автор: Жылдар жылжып, күндер өтеді. Қыс өтіп көктем де келеді. Түлкінің мұздан жасалған үйі су болып еріп кетеді, сосын түлкі қулық жасап, қоянның үйіне кіріп алмақ болып қоянға келеді. Түлкі: Қоянжан, біз екеуміз дос едік қой, менің үйім мұздан жасалған еді, міне күн жылынып мұз да су болып еріп кетті, екеуіміз бірге тұрайықшы... Қоян: Жарайды біз доспыз ғой бірге тұрсақ тұрайық. Жүргізуші: Сөйтіп түлкі қоянның үйіне кіріп алып, қоянды далаға қуып шығады. Қоян жылай бастайды. Сөйтіп қоян жылап отырғанда Қасқыр кездеседі. Қасқыр: Қоянжан сен неге жылап отырсың? Қоян: Мен жыламағанда қайтейін, түлкі екеуміз дос болып, көрші тұратынбыз, түлкінің үйі мұздан жасалған, ал менің үйім ағаштан жасалған болатын. Күн жылынып түлкінің мұздан жасалған үйі еріп кетіп, менің үйіме кіріп алып мені үйімнен қуып шықты. (Жылайды) Қасқыр: Қоянжан сен жылама, мен саған көмектесемін. түлкіні сенің үйіңнен қуып шығамыз. Қасқыр: Түлкі, түлкі шық үйден! Түлкі: Мен қазір пештен секіріп түсіп, тырнақтарыммен сендерді тырнап, тістеріммен тістеп аламын Автор: Қасқыр қаша жөнеледі. Қоян одан да бетер жылай бастайды. Сөйтіп қоян жылап отырғанда Аю кездеседі. Аю: Қоянжан сен неге жылап отырсың? Қоян: Мен жыламағанда қайтейін, түлкі екеуміз дос болып, көрші тұратынбыз, түлкінің үйі мұздан жасалған, ал менің үйім ағаштан жасалған болатын. Күн жылынып түлкінің мұздан жасалған үйі еріп кетіп, менің үйіме кіріп алып мені үйімнен қуып шықты. (Жылайды) Аю: Қоянжан сен жылама, мен саған көмектесемін., түлкіні сенің үйіңнен қуып шығамыз Автор: Сөйтіп аю қоянның үйіне, қоянмен бірге еріп келеді. Аю: Түлкі, түлкі шық үйден! Түлкі: Мен қазір пештен секіріп түсіп, тырнақтарыммен сендерді тырнап, тістеріммен тістеп аламын Аю қаша жөнеледі. Қоян одан да қатты жылай бастайды Қоян жылап отырғанда, оған Әтеш кездеседі. Әтеш: КУ-КА-РЕ-КУ, Қоянжан сен неге жылап отырсың? Қоян: Мен жыламағанда қайтейін, түлкі екеуміз дос болып, көрші тұратынбыз, түлкінің үйі мұздан жасалған, ал менің үйім ағаштан жасалған болатын. Күн жылынып түлкінің мұздан жасалған үйі еріп кетіп, менің үйіме кіріп алып мені үйімнен қуып шықты. (Жылайды) Әтеш: КУ-КА-РЕ-КУ, Қоянжан сен жылама, мен саған көмектесемін біз түлкіні сенің үйіңнен қуып шығамыз. КУ-КА-РЕ-КУ? Уәзір: Әтеш пен қоян үйіне, қоянмен бірге еріп келеді. Әтеш: КУ-КА-РЕ-КУ, қолымда шалғым бар, түлкінің басын шауып аламын, түлкі, түлкі шық үйден! Түлкі: Қазір мен пештен түсіп жатырмын. Әтеш: КУ-КА-РЕ-КУ, қолымда шалғым бар, түлкінің басын шауып аламын, түлкі, түлкі шық үйден! Түлкі: Қазір мен киініп жатырмын. Әтеш: КУ-КА-РЕ-КУ, қолымда шалғым бар, түлкінің басын шауып аламын, түлкі, түлкі шық үйден! Түлкі: Қазір мен шығып келемін. Автор: Түлкі әтештерден қорқып, үйден жүгіріп шығып қаша жөнеледі. Сөйтіп қоян түлкінің кеткеніне қуанып, әтештерге рахметін айтады. Қоян: Рахмет сендерге, сендер менің үйімнен түлкіні қуып жібердіңдер.
Аяз ата: Балалар, мен біраз дем алдым. Арқа – басым кеңіп, ашу- аязым кеміп барады. Бүйте берсем мен Аяз емес, тамыз болып кетемін. Сендерге көп рахмет. Алыс- алыс ауылдар, өздеріңдей қауымдар күтіп отыр біздерді. Дорбамдағы базарлықты сендерге таратып берсем балалар. Сендермен қоштасатын сәт туды. Қош сау болыңыздар, балалар.
«Үйшік» ертегісінен көрініс /2-сынып/
«Жеті лақ» ертегісінен көрініс /2-сынып/
«Шалқан» ертегісінен көрініс /1-сынып/.
Аяз ата: Ал енді бүгінгі мерекеге баршаңыз тамаша киіммен келіпсіңдер. Сол үшін беретін сыйлығым бар. Қазір әрқайсысың жеке-жеке ортаға шығып не боп киінгендеріңді айтыңдар, ал мен сендерге сыйлық беремін.
/Аяз ата бәрекелді, жарайсың, ой тамаша екен, қандай керемет киім сияқты марапаттау сөздерін айтып тұруы керек. Ата-аналар дайындаған қорап кәмпиттерді тарату/.
Аяз Ата: -Қазіргі мына жаңа заманда енді әрине бәріміз фотоға түспейміз бе? Кәне менің жаныма жиналып естелікке суретке түсейік иә қызым – деп немересіне бұрылады.
Ақшақар: -Иә ата Бұл балалармен суретке түсіп қалайық.
Аяз ата: Балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер. Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, басқа да ауылдар мен қалаларда сендер сияқты балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар!
Ақшақар: Сау болыңдар, балалар, Аман – есен болыңдар. Әр таңды қуанышпен Қарсы алып тұрыңдар!
1 жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақарды бәріміз хормен шығарып салайық!
Балалар: Сау бол Аяз ата, Сау бол Ақшақар! (Аяз ата мен Ақшақар шығып, кетеді)