Тақырыбы: Географиялық алаң
Мақсаты: 1. Оқушылар дүниетанымын кеңейту;
2. Жаңаны білуге қызықтыру;
3. Картамен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру;
4. Тез ойлана білуге үйрету;
5. Географиядан алган білімдерін ортага салу.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта «ActivInpire»
бағдарламасымен.
.
Ойынның жүру барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды топтарға болу, белгіленген
орындарына отырғызу, әділ-қазылар алқасын
белгілеу,барлық қатысушылардың назарын
аудару.
ІІ Кіріспе бөлім
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ойынның мақсаты мен шарттарымен, ойынға қатысатын топтар мен әділ- қазылар құрамымен таныстыру.
ІІІ Негізгі бөлім
1 тур: «Біздің әлем» топтардың тұсаукесер рәсімі әр топ өздерін таныстырады.
2 тур: «ИӘ, ЖОҚ» ойыны
Әрбір топқа 7 сұрақ беріледі, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Жауап тез -тез берілу керек.
І топтың сұрақтары
1.Қазақстанның шекарасы 2 724,9 мың км Иә
2.Таулар биіктігіне қарай 4-ке бөлінеді Жоқ
3.Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама Анхель Иә
4.Қазақстан 6 елмен шектеседі Жоқ
5.Өскемен -Шығыс Қазақстан облысының орталығы Иә
6. Қазақстанда 5 экономикалық аудан бар Иә
7. Мұнайды экспортқа шығаратын елдерді
ОПЕК ұйымына мүше елдер деп атайды Иә
ІІ топтың сұрақтары
1.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы
тәуелсіз мемлекет болып жарияланды Иә
2. Тау жыныстары пайда болуына қарай 2-ге бөлінеді Жоқ
3. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен -Ніл өзені Иә
4. Қазақстан оңтүстігінде Тәжікстанмен шекараласады Жоқ
5.Петропавл -Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Иә
6. БҰҰ-ның штаб пәтері Вена қаласында орналасқан Жоқ
7. Испания -Пиреней түбегінде орналасқан Иә
III топтың сұрақтары
1.Италия мемлекеті Апеннин түбегінде орналасқан Иә
2.Түркияның астанасы- Стамбул Жоқ
3. Ең ежелгі материк Гондвана Жоқ
4.Қазақстанда 16 облыс бар Жоқ
5.Иранның астанасы-Ереван Жоқ
6. Ең ежелгі мұхит –Тетис Жоқ
7.Дүние жүзі бойынша аумағы жөнінен 1 орынды алатын ел Ресей ме Иә
3 тур: " Географиялық ассоциация"
Оқушыларға әр түрлі ұғымдар беріледі , соларды саралап карап қандай географиялық ұғымды білдіріп турғанын табулары керек.Ойлануға
30 секунд, әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай
1.Толқын,қауіп-қатер,жылдамдық, апатты құбылыс,жер сілкіну.
Цунами
2. Хан-Тәңірі, Мак-Кинли,
Биік шыңдар
3. Ессентуки, Анталия, Майами.
Курортты жерлер
4.Москва, Дели, Мадрид, Вильнюс, Осло.
Астаналар
5.Теңіз, көл, өзен.
Су қоймалары
ІІ топқа:
1. Мұхит, мұз, тау, "Титаник", қауіп-қатер.
Айсберг
2.Тау, су, гүрілдеу, ғажайып көрініс, жыра
Сарқырама
3. Самум, бриз, тайфун, муссон, ураган.
Желдер
4.Гвинея, Бискай, Парсы.
Шығанақтар
5. Гоби, Сахара, Такла-Макан, Тар
Шөлдер
ІІІ топқа
1. Ганг, Евфрат,Колумбия, Хуанхэ, Дунай
Өзендер
2. Игуасу, Анхель, Виктория
Сарқырамалар
3. Мариана, Ява, Пуэрто-Рико.
Шұңғымалар
4. Гренландия, Отты Жер, Мадагаскар, Хонсю
Аралдар
5. Атлас, Аппалач, Декан, Анд, Карпат.
Таулар
4 тур. Әр топ өздері үйден дайындап келген көріністерін көрсетеді
5 тур. Капитандар сайысы әр топ капитандары үйден дайындап келген сұрақтарын бір-біріне жасырады.
Қорытынды бөлім
Сайыстың қорытындысын шығару;
Әділ қазыларға сөз беру;
Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.
Атамекен әні