Көтерілген көгінде көк байрағы,- деп ақындар жырлағандай еліміз еркіндік алып, өз алдына отау тігіп, ерікті ел, тәуелсіз мемлекет болғалы мінекей 20 жыл толғалы отыр.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсетілген
Ендеше деніміз сау болуы үшін не істеуіміз керек?
Дұрыс, үнемі құнарлы тамақ ішуіміз керек
Тазалықты сақтап жүруіміз керек
Сонымен қатар әрбіреуіміз спортпен шұғылдануымыз керек.
«Ана-сая болар бағың болса,
Әке-асқар тауың дейді қазақта.
Біркүн бар,жылатар күн, жұбатар күн
Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
«Отбасы» деген сөзді ұмытар кім?-дей келе
Бүгінгі отбасылық «ТОЛАҒАЙ» спорттық ойын бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіз!
ІІ Барысы
Бәйгенің аттарындай шабыстары,
Білімнің ұшқыр болсын табыстары
Қол соғып қошеметтеп отырайық
Топтарымызбүгін міне , сайысады.
Топты таныстыру
1 Ермеккалиевтер отбасы
2 Сагинтаевтер отбасы
3 Тулекешевтер отбасы
Құрметті ата-аналар, ұстаздар және 3 сынып оқушылары! Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі ойын жарысымыздың жүргізушілері ________________________________
________________________________
Кім жеңеді жеңісте үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік бар да.
Әділқазы алқасы атыңды ақта,
Жүйріктерге арман мен бақыт жолда.
-Сайыс болған соң жеңімпаздарымыз болуы керек, ал оны бізге анықтайтын әділ баға беретін әділ қазы алқасы бар.
Ия, Әке, Ана-бала- қандай қасиетті де, қадірлі сөз. Осы үш сөздің мағынасынан «Отбасы» құралады. Ата-ана өмірде өз перзентінің жақсы болып өсіп, өмірде саналы да, салауатты болып өсуі үшін барын салады. Адамның денсаулығы-қоғам байлығы. Салауатты өмірге тәрбиелеуді баланың сәби шағынан бастау керек. Баланың дене бітімінің қалыпты жетіліп, ой өрісінің дамуына ата-ана жауапты. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдауларың-салауатты, білімді өмір салтын таңдау. Сол себептен де біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «ТОЛАҒАЙ» деп аталмақшы.
Бүгінгі ойынымыздың жоспарымен таныстыру.
Таныстыру.
«Кенгуру»
«Кетті міне қояндар»
«Тастан-тасқа»
«Баскетбол» «
«Мерген»
Мақалды аяқта
Жағдаяттар.
Абырой жи әуелі,
Жемістей бол мәуелі.
Осы берген батадан,
Тисін септік әуелі.
Қызығатын қатарың,
Дәу азамат болып өс
Қадірлейтін Отанын.- деген тілекпен сайысымызды бастаймыз!!!
Таныстыру. (топтың аты, ұраны)
«Кенгуру»-(капты аяқтарына киіп алып, белгілі жерді айнала секіру)
«Кетті міне қояндар» (Секіртпемен секіріп тақтада берілген сөздердің әріптерін падалана отырып басқа сөз құрау)
«Тастан-тасқа» (шалшық судан аяғың ластанбасын десең, мына берілген тастарды кезек қойып өтіп, мәреге жеткен соң берілген есептің мәнін жазады)
«Баскетбол» Капитан командасы шелекті басына қойып тұрады. Қалған команда ойыншылары, допты шелекке салулары керек.
«Мерген» (тақтада іліңген шарларды жару)
Мақалды аяқта (Берілген мақалдарды аяқтау керек)Атадан балаға бөз қалмаған сөз қалған. Ұрпақтан ұрпаққа таза алтындай күйінде жетіп отырған. Сол қалған әдеби мұралардың бірі мақал
Атадан жақсы ұл туса
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса
Елінің малын жейді
Ағайын алтау, ана біреу
Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
ІІІ Қорытынды
Бүгінгі «ТОЛАҒАЙ» атты спорттық ойын-жарысымызды қадағалай отырып, әділ баға берушілерге сөз береміз
Ойынға жақсы араласқан балаларды мадақтау, марапаттау.
Бүгінгі тәрбие сағаты
Денсаулық жайлы сөз еткен,
Көп нәрсені ұғып алдық,
Кетпейтұғын мәнгі естен- дей келе қатысушыларға рахмет айта отырып, кездескенше сау болыңыздар демекпін!!!