Сабаққа керек құралдар: доп, секундомер, эстафеталық таяқша, секіртпе жіп, қап, кубиктер, ысқыруық, метр.
Білім негіздері: Шынығу жаттығуларының денсаулықтың нығаюына, қозғалыс тірегінің қалыптасуына, ақыл-ой және жұмыс қабілетінің артуына әсері. Жүргенде, жүгіргенде тыныстау.
Дайындық бөлімі: (кететін уақыт 13-15 минут)
Сапқа тұру. Балаларды тізім бойынша тексеру. Сабақтың мақсатын айту. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Сапта орындалатын жаттығулар. Оңға, солға бұрылу; тік түру, түзеліндер, сап түзеу. Алға қадам басу
Негізгі бөлім
25-27 минут
1.Жүру, жүгірудің түрлері
А) қолды созып аяқтың ұшымен
Ә) қолды белге қою және өкшемен жүру
Б) аяқтың сыртқы қабатымен жүру
В) аяқтың ішкі бөлігімен жүру
2. Жүгірудің түрлері
- оң жақ, сол жақпен жүгіру, арқамен жүгіру
- қолды белге қойып, аяқты лақтырып жүгіру
- қолды артқа аяқты алақанға тигізе отырып жүгіру
- қолды аяққа қарғылап жүгіру
3. Саптағы жаттығулар
4. Орнындағы жалпы дамыту жаттығулары
1) жерде қолмен қозғалып, стенге дейін барамыз да қайтқанда жүгіріп қайтамыз
2) доппен жүгіріп барып, стенге тигіземіз де кері жүгіріп қайтамыз
3) кедергілердің арасынан доппен барып қайтамыз
4) доппен барып шығыршыққа доп тастаймыз
5) алға домалап қабырғаға дейін жүгіріп барып қайтамыз