Білім беру саласы: Денсаулық
Оқу іс-әрекеті: Денешынықтыру
Тақырыбы: Кім жылдам
Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайтып,ептілікке, жылдамдылыққа тәрбиелеу, денешынықтыруға деген қызығушылығын эстафеталық ойындар арқылы дамыту. Адымдап секіруге үйрету, қысқа секірпемен секіру түрлерін жетілдіру. Дұрыс дене бітімін қалыптастыру, алға жылжып секіруге жаттықтыру. Тепе-теңдік сезімдерін дамыту, ептілігін, зейінін, релакция жылдамдығын дамыту.
Іс-шараға қажетті құралдар: Ұсақ ойыншықтар Секіртпелер
Оқу іс-әрекеті кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
I. Ұйымдастыру кезеңі
Балаларға шаттық шеңбер құрғызу
Кел балалар ортаға,
Үлкен шеңбер құрайық.
Қол ұстасып бәріміз,
Әрқашан дос болайық.
Қолдарына қысқа секіртпелерді алып, алаңды айнала ілгері, онан соң кері байыптап жүгіріп, қарама-қарсы келіп, шеңбер жасап тұрып, жан-жақты дамытатын жаттығулар жасайды.
Балалар қол ұстасып шеңбер құрады.
Жаттығулар жасайды.
Ұйымдасты-
рушылық ізденістік
Балалар біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде екі топқа бөлініп эстафеталық ойындар ойнаймыз.
Эстафеталық ойындар дегеніміз
1 Еңбектеу
2 Секіртпемен секіру
3 Бір аяқпен секіру
4 Шашылған ойыншықты жинау
Ойынның шартын түсіндіру:
1 жаттығу:Қазір мен әр топтын алдына белгілі қашықтықта ойыншықтар қоямын, ал сендер сол ойыншыққа дейін еңбектеп барып, бір ойыншықты алып қайтадан еңбектеп қайтуларың керек
2 жаттығу: Мына секіртпеге отырып белгілі жерге дейін секіріп барып қайтадан секіріп қайтуларың қажет.
3 жаттығу: Белгілі жерге дейін бір аяқпен секіріп барып қайтадан секіріп қайтулары қажет.
4 жаттығу: Ұсақ ойыншықтарды екі топтыңда алдына шашып қояды, екі топқа екі себет береді, балалар мына ойыншықтарды әр топ өз себетіне жинауы тиіс, қай топ жылдамырақ әрі көбірек ойыншықтарды жинаса, сол топ жеңімпаз атанады.
Ал балалар ойынды бастаймыз.
Сергіту сәті
Оңға, солға бұрылдық,
Алға, артқа иілдік.
Тіземізді бүктіріп,
Қолды создық тік тұрып.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.
Ойынның шартын түсініп алады.
Балалар екі топка бөлініп эстафеталық ойынды ойнап жарысыды.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Рефлексиялық түзетушілік
Қорытындылау
Балалар сендерге бүгінгі өткен оқу іс-әрекеті ұнадыма?
Біз қандай ойындар ойнадық?
Топ арасындағы жарыс ойындарды қандай ойын деп атайды?
Балаларды мақтап, жеңімпаз топты марапаттау.
Ия ұнады.
Жарыс ойындар ойнадық.
Эстафеталық ойындар деп атайды.
Күтілетін нәтиже
Біледі: Эстафеталық ойындарды.
Игереді: Жарысқанда бір біріне кедергі жасамауды.
Меңгереді: Ойын жаттығуларының атаулары мен орындау ережелерін.