Сабақтың тақырыбы: Гимнастика
Сабақтың мақсаты: 1. Акробатикалық жаттығулар алға артқа домалау. Арыста орындалатын жаттығуларды үйрету.
2. Акробатика жаттығуларын меңгерту
3. Арқанға өрмелеуді меңгерту.
4. Дене еттерінің күш - қуатын және төзімділікті, шапшаңдылықты дамыту.
Сабақта өтетін орны: Мектептің спорт залы.
Құрал жабдықтар: Ысқырық, гимнас. төсеніш, арқан, т. б
Сабақ бөлімі
Кіріспе дайындық бөлімі 10 мин
Негізгі бөлім 30 мин
Қорытынды бөлім 5 мин
Сабақтың мазмұны
Кіріспе дайындық бөлімі 10 мин
1. Сыныпты сапқа тұрғызу кезекшінің мұғалімге рапорты.
Сапқа тұрып жаттығулар орындау.
Оңға, солға, айнал.
Қозғалмалы бой жазу жаттығулары.
- Қолды жоғары ұстап аяқтың ұшымен жүру.
- Қол белде өкшемен жүру.
- Аяқтың сыртқы қырымен жүру.
- Жай жүгіру.
- Тізені жоғары көтеріп жүгіру.
- Оң, сол иықпен адымдап жүгіру.
- Арқамен алға қарай жүгіру
- Екі қол белде жартылай отырып жүру
- Толық отырып жүру
- Қос аяқпен секіру