kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Эстафеталык сайыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка урока составлялась с учётам учащихся со среднем уровнем развития и физической подготовлености. Все упражнения составлены для выполнения цели урока с расчётам на время выполнения. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Эстафеталык сайыс»

Пәні : Дене тәрбиесі

Уақыты:

Сынып: 5 «А»

Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық сайыс

Сабақтың мақсаты: 1) Қимыл – қозғалыс ойындары арқылы оқушыларды сергектікке,

тапқырлыққа, шешім қабылдауға үйрету

2) Оқушылардың икемділік, күш, жылдамдық, төзімділік, сергектік

қасиеттерін дамыту.

3) Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке,

инабаттылыққа, сымбаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: эстефеталық жарыс


Сабақты оқыту әдісі: Сабақ екі топқа бөлінген оқушылармен ойын түрінде жүргізіледі.

Сабақта сөздік, көрнекілік әдістер қолданылады.

Сабаққа керекті құралдар-жабдықтар: Доптар, найзашалар, шарлар,шеңберлер(обруч),

карточкалар, ысқырық..


Қолданылған әдебиеттер: Тайжанов С., Құлназаров А. Дене тәрбиесі 6-сынып Алматы, 2002ж.

Ю , Тілеуғалиев, Қ.Адамбеков, С. Қасымбекова Дене тәрбиесі

Алматы, 2003жыл.


Сабақтың мазмұны

Уақыт мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар

І Дайындық бөлім

7мин


1

Сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Сабаққа қатысқан оқушыларды түгендеу. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Сабақтың мақсатын таныстыру. Саптағы «Оңға!», «Солға!», «Кері айнал!» «Алаңды айналып алға бас!» жаттығулары

2 мин


Арнайы киімдеріне сабаққа даярлығына және берілген бұйрықтың орындалуына назар аудару. Ара қашықтықты сақтау.

2

Жүру бағытында орындалатын жаттығулар

Алға жүру:

1.Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру

2.Қол белде өкшемен жүру.

3.Қол желкеде жартылай отыр жүру.

4.Қол тізеде, отырып жүру, секіру.

2 мин


Қолды бүкпеу, денені тік ұстау.

Кеудені тік ұстау.

Кеуде тік, басты көтеріп ұстау.

Жоғары секіру.

3

Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулары:

1.Жеңіл жүгіріс

2.Тізені алға көтеріп жүгіру.

3.Қолды артқа қойып, аяқты артқа сермей жүгіру.

4.Аяқтың басын алға сілтей жүгіру.

5.Оң қапталмен қолды алға айналдыру.

6.Сол қапталмен қолды артқа айналдыру.

3 мин



Ара-қашықтық сақтау.

Тізені алақанға тигізу.

Аяқты алақанға жеткізу.

Барынша жоғары секіріп, қолды толық айналдыру.

4

Тыныс алу жаттығулары,сапқа 2 қатарға тұрғызу.



5

Үй тапсырмасын тексеру:

8 мин


Жалпы дамыту жаттығулары



1

БҚ қол ұстасып, бір-біріне қарама-қарсы тұру. Бір қолды екі жаны арқылы жоғары көтеру, сол аяқты артта ұстау.

2.БҚ

3.Екінші аяқпенен де осылай жасау.



4-6 рет

Барлық оқушылардың бірдей жасауын қадағалау.






2

БҚ қолдарын төмен ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады.

1.Сол аяғын ұшымен жанға қояды, оң қолды жоғары көтеріп, солға еңкейеді.

2.БҚ Екінші жаққа да осылай жасау.

6-8 рет

Аяқты бүкпей түзу жасауын қадағалау.








3

БҚ Бір-бірінің иықтарынан ұстап, алға еңкейіп, қарама-қарсы тұрады. Аяқтардың арасы алшақ ұсталады.

1.Алға қарай серіппелі түрде еңкею

2.Солға бұрылу. Екінші жаққа бұрылыс жасай, осылай істеу.

6-8 рет

Аяқты бүкпеу керек.






4

БҚ қолдарын жоғары көтеріп ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады.

1.Сол аяқпен ілгері аттау, артқа шалқаю.

2.БҚ екінші аяқпен де осылай жасау.



8-10 рет



Қолдарын жібермеуін қадағалау.









5

БҚ Қолдарын шынтақтан іліп алып, бір-біріне арқаларын беріп тұру.

1.Жартылай отыру.

2.БҚ келу.


10-12 рет



Арқаларын түзу болу керек.






6

БҚ серіктерінің иығына қолды салып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады.

1.Сол аяқты алға-оңға қарай сілтеу.

2.БҚ келу. Екінші аяқпенда осылай жасау.

10-12 рет


Аяқтарын түзу көтеруін қадағалау.



7

БҚ табандарын тіреп, аяқтарын тізеден бүгіп, қолдарынан ұстасып, гимнастикалық төсеніште қарама-қарсы отыру.

1.Сол аяқты жоғары көтьеріп, созып ұстайды.

2.БҚ

3-4 Оң аяқпен де осылай жасау.

6-8 рет

Аяқтарын түзу


ұстауын қадағалау.

8

БҚ табандарын тіреп аяқтарын алшақ қойып бір-біріне қарама-қарсы отыру, оң қолдарымен ұстасады.

1.Біреуі алға еңкейсе, екіншісі шалқайды.

2.БҚ

3.Екінші жаққа еңкейіп шалқаю.

4.Бұл да сондай, бірақ сол қолмен ұстайды.

6-8 рет

Аяқтарын түзу ұстауын қадағалау.

9

БҚ арқаларын бір-біріне беріп, аяқтарын тіке жазып отырады. Қолдарын көтеріп басынан ұстайды.

1.«А» алға еңкейеді. «Б» аяқтарын бүге, табанмен еденге тіреле «А»- ның иығына жатады.

2.БҚ

3.Қайталау.

6-8 рет

Бір жаққа құламай қолдарын басынан ұстауын қадағалау.

ІІ Негізгі бөлім

25 мин.


6

Құрметті оқушылар бүгінгі сабақты екі топқа бөлініп, эстафеталық сайыс түрінде өтейік. Сонымен екі топ екі тізбек бойынша орналассын.


Бірінші сайыс. Серіктесіне доп беру

Тізбектегі ойыншылар ту сыртындағы серіктесіне қапталдан және жоғарыдан доп беру,ал тізбектегі соңғы тұрған ойыншы допты жерге соғу арқылы тізбектің алдына келіп ойынды қайта жалғастырады.

Бағалау: Бірінші келген топқа екі ұпай есептеледі,ережені бұзған топтан бір ұпай шегеріледі ал соңғы келген топқа ұпай есептелмейді.


Екінші сайыс. Тапқырлар

Белгіленген қашықтыққа жүгіріп барып ондағы сұраққа жауап беріп, қайта орнына жүгіріп келу.

Бағалау: Бірінші келген топқа екі ұпай, әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.


Үшінші сайыс. Мергендер

Найзашаны бес метр қашықтықтағы шарға тигізу

Бағалау: Сайысты бірінші аяқтаған топқа екі ұпай, әрбір тигізген шарға бір ұпай беріледі, ал ережені бұзған топтан бір ұпай шегеріледі.


Төртінші сайыс. Жел аяқтар

Белгіленген қашықтыққа екі ойыншыдан шеңбер (обруч) ішінде жүгіріп барып, жүгіріп қайту.

Бағалау: Сайысты бірінші аяқтаған топқа екі ұпай есептеледі, ережені бұзған топтан бір ұпай шегеріледі, ал соңғы келген топқа ұпай есептелмейді.


Бесінші сайыс. Секіргіштер

Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Командаларға бір-бірден доп беріледі. Ойын басқарушысының берген белгісінен кейін команданың ойыншылары допты тізесіне қысып алаңдағы белгіленген мәреге дейін секіріп барып қайтуы керек.Содан соң өзінен кейінгі тұрған серіктесіне доп беріліп, ойын жалғастырылады.






7 мин.













6мин.







4мин.








4 мин












4 мин

Эстафеталық сайыстағы жалпы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.







Қимыл-қозғалыстың ережеге сәйкес орындалуын қадағалау.













Топтық серіктесіне белгіленген сызыққа келіп қолын тигізуін қадағалау.

Қойылған сұраққа оқушылар жауабының дұрыстығын қадағалау жәнә ойын ережесінің сақталуына көңіл бөлу.





Оқушыларға найзашаны ұстау тәсілдерін және қауіпсіздік ережелерін еске салу.

Найзашаны лақтыру барысында ойын алаңына найзаша лақтырушыдан басқа адамдардың

болмауын қадағалау.





Шеңбер ішіндегі қимыл – қозғалыс қауіпсіздігін қадағалау









Қимыл-қозғалыстың ережеге сәйкес орындалуын қадағалау.


ІІІ Қорытынды бөлім

4 мин


7

Оқушыларды сапқа тұрғызып. Сабақты қорытындылау. Мадақтау. Бағалау. Қателік жіберген оқушыларға ескертіп түзеу.


Тыныс алуын қалпына келтіру.


8

Үйге тапсырма: Жалпы денені дамыту жаттығуларын

орындау (20 минут).

1 мин












Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен


Бекітемін

Мектеп директоры С.Б.Сулыбекова






Ашық сабақ



Тақырыбы: «Көңілді эстафета»








Пәні Дене тәрбиесі


Пән мұғалімі Изимхан Т.И












2016-2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Эстафеталык сайыс

Автор: Изимхан Тимур Изимханулы

Дата: 03.04.2017

Номер свидетельства: 406190

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) ""Спорт біздің досымыз" эстафеталық сайыс"
    ["seo_title"] => string(38) "sport_bizdin_dosymyz_estafetalyk_saiys"
    ["file_id"] => string(6) "527511"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1574077281"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) ""?оз?алмалы ойындар", Эстафета ойындар "
    ["seo_title"] => string(38) "k-ozg-almaly-oiyndar-estafieta-oiyndar"
    ["file_id"] => string(6) "175272"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424255891"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства