kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Спорт біздің досымыз" эстафеталық сайыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

балалар мен ата аналар мен эстафеталык жарыстар уйымдастыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Спорт біздің досымыз" эстафеталық сайыс»



Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№35 «Балдырған» бөбекжайы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.



«Бекітемін»

35 «Балдырған» бөбекжай директоры

________________М.М Кабдрахманова

« » 2019жыл






«Спорт-біздің досымыз»

(Ата-аналар мен тәрбиешілер арасында ойын-сауық)










Дайындаған: Дене шынықтыру мұғалімі

Төлегенова Г.Т

Өткізген: Дене шынықтыру мұғалімі

Төлегенова Г.Т







Ақтау қаласы

2018-2019 оқу жылы




Мақсаты: Бөбекжай бүлдіршіндері, ата-аналары және тәрбиешілері сұлу да сымбатты, денсаулығы күшті болу үшін денені шынықтыру, спортпен айналысуы қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Баланың ата-анаға деген құрметін, сүйіспеншілігін, адалдығын, сыйластығын үйрету және әрі қарай дамыту. Ата-ананың балаға деген қамқорлығын, сүйіспеншілігін, махаббатын ояту. Ұйымшылдыққа, ептілікке, икемділікке тәрбиелеу. Бірлесіп жұмыс жасауға, салауатты өмір салтын сақтауға, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиешілердің ата-анамен тығыз қарым-қатынаста болуы керек. Тәрбиеші мен ата-ана арасындағы, силастық, сүйіспеншілік, адамгершілік, балабақшаға деген жақсы көзқараста болуы.

1.Ата-аналарды бөбекжайда өткізілетін шараға белсене қатысуға баулу;

2.Ата-аналарды тәрбиешілермен бірге спорттық шараларға қатысуға жұмыстандыру;

3.Ата-аналарды спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру;

4.Ата-аналар мен тәрбиешілердің командалық рухын көтеруге баулу;

5.Ата-аналар мен тәрбиешілерді командалық сайысқа қатыса білуге, достыққа үйрету, баулу;

6.Ата-аналар мен тәрбиешілерді бірлесе отырып спорттық шараға қатысуға, салауатты өмір салтын ұстануға баулу;

Әдіс тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, мадақтау

Қолданатын құрал жабдықтар:

Жүргізуші: Армысыздар, ата-аналар, ұстаздар! Армысыздар! Болашақтың бастауы, балғын шақты балалар! Болашақ үшін қиындыққа қол созған соң, үміт күткен ел арманың қолдасын! Бүлдіршіннің жүрегіне жол тартқан, ізгі ниет жақсы өнерге тозбасын,-дегендей, бүгін «Спорт-біздің досымыз» атты тәрбиешілер, ата-аналар арасында ойын-сауыққа қош келдіңіздер!

Береке де-осында!

Мереке-де осында!

Болып жатыр той-думан!

Қырандардың қасында!

*****

Көңіл қойып қараңыз,

Жалындап тұр ғой ата-анамыз

Жарыссын кәне төрт топ,

Қол соғып қарсы аламыз!

демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік ететін тәрбиешілер, ата-аналарды ортаға шақырайық.

  1. «Жалын» тобы № 6 МАД топ

  2. «Қыран» тобы № 7 МАД топ

  3. «Ұлан» тобы №10 МАД топ

  4. «Тұлпар» тобы №11 ересек топ


Сайысты бастамас бұрын, сайысымызды бағалап, төрелік айтар әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

  1. Бөбекжай Директоры: Кабдрахманова М.М

  2. Бөбекжай тәрбиешісі: Айтбаева Қ.

  3. Бөбекжай тәрбиешісі: Жамантауова Б.Г


Жүргізуші: Бүгінгі өтетін эстафеталық сайысымыз 8 турдан тұрады.

  1. «Таныстыру»

  2. «Кім жылдам?» /ата-аналар, тәрбиеші/

  3. «Біз шапшаңбыз» /ата-аналар/

  4. «Жылдам-жылдам» /тәрбиешілер, ата-аналар/

  5. «Қайраттылар» /тәрбиешілер/

  6. «Төкпе-төкпе» /тәрбиешілер, ата-аналар/

  7. «Біз жүйрікпіз?» /ата-аналар/

  8. «Аяқтаймыз» /тәрбиешілер, ата-аналар/



Осындай тапқыр достар кез-келген де,

Жетсін-ау жарыстарда жеңгенге не?

Қарсылас болғанымен құрбысыңдар

Тілейміз ізгі тілек сіздерге де!-

ден бүгінгі сайысымызға қатысқалы келген қатысушыларымызды қолдап қошеметтеп отырайық.

Спорттық сайысымыз «5» балдық жүйемен бағаланады.


Жүргізуші: Сайыстың шарттарымен таныс болдық, әр сайысымызды әділқазылар «3»-«4»-«5» деген ұпаймен бағалайды. Ендеше сайысымызды бастайық.

  1. Таныстыру бөлімі.

Шарты: қатысушылар өз командасының төс белгілерін толық таныстырып өтеді. Жақсы таныстырған командаға жоғары ұпай қойылады.

Жүргізуші: Әділқазылар алқасы командалардың ұпайларын берсін



  1. Ойынның атауы: «Кім жылдам?» /ата-аналар, тәрбиешілер/

Ойынның шарты: Бұл ойынға тәрбиші мен ата-анасы қатысады. Қатысушылардың қолдары арттарына байлаулы болады. Мәреден кедергілер арасымен сөреге жүгіріп барады да сөреде үстел үстінде тұрған бос шарды бар демімен үруі керек үлкен етіп. Қай топтың тәрбиешілер мен ата-аналары шарды үлкен етіп үрсе сол топқа жоғары ұпай саны беріледі.



Жүргізуші: Әділқазылар алқасы командалардың ұпайларын берсін

  1. Ойынның атауы: «Біз шапшаңбыз» /ата-аналар/

Ойынның шарты: Әкесі мен анасын арқасына арқалап алып мәре сызығынан төрешінің ысқырығы бойынша сөре сызығына кедергілер арасымен бар күшімен жүгіріп барып кері жүгіріп келу.



Жүргізуші: Әділқазылар алқасы командалардың ұпайларын берсін


  1. Ойынның атауы: «Жылдам-жылдам» /тәрбиеші, ата-аналар/

Ойынның шарты: Бұл ойынға тәрбиеші әкесі анасы қатысады.. Мәреде тұрған анасы бастарына құм салынған қапшықты қойып денесін тік ұстап кедергілер арасымен сөреге барады. Ал әкелер немесе тәрбиеші қолдарындағы шығыршықты белдеріне киіп алып кедергілер арасымен мәреден сөреге үш рет жүгіріп барып үшінші жүгіргенде сөреде тұрған анасы мен баласын шығыршықтың ішіне салып мәреге келуі керек. Қай команда бірінші келсе сол командаға жоғары ұпай беріледі.



Жүргізуші: Әділқазылар алқасы командалардың ұпайларын берсін



  1. Ойынның атауы: «Қайраттылар» /Тәрбиеші/

Ойынның шарты: Балалар мәреден аяқтарына қапшықты киіп алып кедергілер арасымен сөреге қоянша секіріп барып кері секіріп келуі керек. Бірінші келген командаға жоғары ұпай беріледі.



Жүргізуші: Әділқазылар алқасы командалардың ұпайларын берсін


  1. Ойынның атауы: «Төкпе-төкпе» /тәрбиеші, әкелер, аналар/

Ойынның шарты: Әкесі немесе тәрбиеші ойынды бастайды, оң қолына үлкен су құйылған стаканды алады, мәреден сөреге дейін кедергілер арасымен сол қолындағы бос стаканға суды кезек-кезек құйып сөреге барып кері кедергілер арасымен жүгіріп келеді. Келесі ойынды анасы және тәрбиеші дәл осылай жалғастырады.



Жүргізуші: Әділқазылар алқасы командалардың ұпайларын берсін


  1. Ойынның атауы: «Біз жүйрікпіз» /ата-аналар/

Ойынның шарты: Әкесі мен анасы баласын қолына отырғызып алып мәре сызығынан төрешінің ысқырығы бойынша сөре сызығына кедергілер арасымен бар күшімен жүгіріп барып кері жүгіріп келу.



Жүргізуші: Әділқазылар алқасы командалардың ұпайларын берсін






  1. Ойынның атауы: «Аяқтаймыз, арқалаймыз» /тәрбиеші, ата-аналар/

Ойынның шарты: Тәрбиеші мен анасы қолдарын бір-біріне айқастырады да үстіне әкесі отырғызып кедергілер арасымен мәреден сөреге жүгіріп барып кері келеді.

Жүргізуші: Әділқазылар алқасы командалардың ұпайларын берсін

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау,

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста.

Біреу артта қалады

Жеңілгенднр ренжімей,

Тараса бізге жарады-олай болса, құрметті сайысқа қатысқан қатысушы тәрбиешілер, ата-аналар, сіздер бүгін өз күш жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңзіді дәлелдедіңіздер.


Таңданайық,спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып, қол соғайық

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық!-дей келе, сайысымыздың аяқталар сәтіне келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыстың әділ бағаларын беретін әділқазылар алқасына кезек берейік.


Жүргізуші: Құрметті тәрбиешілер ата-аналар, жүлделеріңіз құтты болсын! Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет. Қош сау болыңыздар!



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Спорт біздің досымыз" эстафеталық сайыс

Автор: Төлегенова Гүлнәр Төлегенқызы

Дата: 18.11.2019

Номер свидетельства: 527511

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) ""Мен т?уелсіз елді? спорт с?йер ?ланымын" спортты? сайыс 1 сынып"
    ["seo_title"] => string(67) "mien-t-uielsiz-ieldin-sport-suiier-u-lanymyn-sporttyk-saiys-1-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "288635"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454659999"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства