Оқушыларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Эстафеталық ойын жарысы»
Эстафеталық жарыстар
Мақсаты: Оқушыларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайту. Түрі: жарыс сабақ Қатысатын командалар: 7,8 сынып оқушылары, капитан командалары, сынып жетекшілері. Керекті құралдар: ту, қапшық, қарындаш, ұш шығарғыш, формат, доп секіретін жіп, т. б. Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. ІІ. Негізгі бөлім. Чемпион болу оңай ма? Шынықсаң шымыр боласың, Арман болған талайға. Сауығып айдай толасың, Болмасаң да ұқсап бақ, Спортты серік ете біл, Жарысқа түсіп қалайда.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Ұстазымыз және біз, спорт сүйер балғынбыз!» атты спорттық жарысқа қош келдіңіздер! Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» жолдауында «Қазақстан азаматтары мен балаларымыз құқығын қорғайтын борышын ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет. Біздің оқушыларымыз дені сау, саналы, білімді, өрісі биік, денсаулығы мықты болып өсуі тиіс» деп айтқан болатын. Әрбір Қазақстан азаматының алдына қойған басты мақсаты өз елінің, жерінің, халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Адам баласының спортпен шұғылдануы басты міндеттерінің бірі болу керек. Олай болса, бүгінгі өтетін «Ұстазымыз және біз, спорт сүйер балғынбыз!» атты эстафеталық ойындар жарысын көріп тамашалаңыздар! Сонымен ортаға жарысқа қатысқалы отырған оқушыларды шақырамыз. Әр таңды бақытпенен атырамыз, Сайысқа қатысуға ортамызға Спорт саңлақтарын шақырамыз. Жарысқа қатысқалы отырған сынып жетекшісі бастаған оқушылар. Қарсы алыңыздар: І топ – 1 сынып Құрметті халайық! ІІ топ – 2 сынып Жарысты байқап көріңдер. ІІІ топ – 3 сынып Әділ қазы алқасы IV топ – 4 сынып Әділ баға беріңдер. Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік. 1. Мектеп психологы – Сыбайбаева З 2. Дене тәрбиесінің мұғалімі - Абишев Е 3. Дене тәрбиесінің мұғалімі – Көкебаев Т Жарыстың шарттары: 1. Таныстыру / топ атын, ұранын таныстыру. 2. Өз туыңды тік! 3. Сурет салу. 4. Акробатика 5. Өз біліміңді тексер! 6. Кім шапшаң? 7. Паровоз 8. Қара жорға биі. Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт – сапар! 1. Таныстыру: Әр топ атын, ұранын таныстыру. 2. «Өз туыңды тік!» Ойын шарты: команда мүшелері қапшықпен секіреді, соңғы ойыншы қолындағы туды тігіп келеді. 3. «Сурет салу». Ойын шарты: 1. – ұш шығарғышты апару; 2. – қарындашты ұш шығарғышпен ұштау; 3. – қарындашты ұш шығарғышпен ұштау; 4. – қарындашты ақ қағаз қасына жеткізу; 5. – не салу керектігін ыммен түсіндіру; 6. – берілген суретті салу. Мұғалім барлық құралдарын жинап, қазыларға тапсыру. 4. «Акробатика» Ойын шарты: «Әр команда мүшелері гимнастикалық орындықтан секіріп өтіп, аунап түседі және жүгіріп келеді. 5.«Өз біліміңді тексер!» Ойын шарты: 1 - допты секіртіп апарып, тапсырма орындау, жүгіріп келу; 2 - аяқ арасына допты қыстырып, секіріп барып, тапсырма орындау, жүгіріп келу; 3 - допты аяқпен итеріп барып, тапсырма орындау және жүгіріп келу; 4 - допты қолмен демеп жермен апару, тапсырма орындау, жүгіріп келу; 5 - скакалкамен секіру, тапсырма орындау, жүгіріп келу; 6 - қос аяқпен секіріп, тапсырма орындау, жүгіріп келу. 6. «Кім шапшаң?» Ойын шарты: шведтік қабырғаға өрмелеп шығу және түсу. 7. «Паровоз» ойыны. Ойын шарты: команда ойыншылары ретсіз орналасып, қолтықтасып тұрады, осы тізбекпен кедергілер арқылы өту. 8. «Қара жорға» биін нақышына келтіріп билеу. Жар салып алты Алашқа, Әрбір қазақ баласы Қара жорға билесін, - дей отырып, соңғы бөлімді бастаймыз. ІІІ. Қорытынды бөлім. Өнерге биік сеніңіз, Думанға қызық келіңіз. Әділқазы ел сенген, Өнерге баға беріңіз! Құрметті қауым! Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды). Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа! Өмірде бақыттысың денің сауда. Денсаулық терең бақыт деген сөзді Ұрыс айтқан ұлы Абай атамыз да – дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.
«Қызылащы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»