Просмотр содержимого документа
««Эстафеталы? ойындар» »
«Эстафеталық ойындар» Мақсаты: оқушылар мен ата - аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: нақыл сөздер 1. Спорт - денсаулық кепілі. 2. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. 3. Саулық - байлық негізі 4. Музыкалық аппаратура. Сабақта келесі әндер қосылды. 4. • Би 6 «А» сыныбы «Достар» әні
Барысы: 1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар қауымы! Бүгінгі «Денсаулық - әлеуметтік байлықтың негізі» дегендей бүгінгі «Эстафеталық ойындар» сайысына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Әр таңды бақытпенен атырамыз Өнерді ой көгінде бақылаңыз, Сайысқа қатысуға енді ортаға Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң Отбасыларымызды шақырамыз. 1. «Жеңіс» тобы 2. «Болашақ» тобы 3. «Бейбітшілік» тобы Жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер! 1. Мектеп директоры – 2. Тәрбие жұмысының орынбасары – 3. Мектеп кәсіподақ ұйымының төрағасы – Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады. Жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.Спорт – денсаулық кепілі десек, Ойнайық, ойнайық та ойлайық! Қатардан артта қалып қоймайық, Белсенді болайық ортада, Уақытты тектен - тек жоймайық!
Бүгінгі спорттық сайыс 8 кезеңнен тұрады. 1. Таныстыру. 2. Таңғы жаттығу. 3. Қаппен жүгіру 4. Кім жылдам? 5. Білімді кенгуру 6. Кішкентай қонжықтар 7. Сурет салу 8. Жеңіске жету.
Жүргізуші: Сайысқа арнайы 3тоб қатысады. Өнер қуып отбасы өтер дейміз, Бір басына өнері жетер дейміз. Сайысқа келген топтар кезектесіп. Таныстырып өздерін кетер дейміз. 1 турымыз бірінші бөлімі отбасымен таныстыру Ал, енді І «Таныстыру» кезеңін бастайық! (топтың атауы, эмблемасы, ұраны) - Топтың аты; - үй тапсырмасы (отбасымен таныстыру 3 - 5 минут, өздең таңдаған музыкаға таңертеңгілік жаттығуды отбасымен көрсету; Әр отбасы топтары өздерін таныстырып өтеді. 1. «Жеңіс» тобы Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз. 2. «Болашақ» тобы ұраны Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін! 3. «Бейбітшілік» тобы Біз әрқашан мықты Бәрін жеңіп шықты Сауығып айдай толасың. Спортты серік ете біл, Жақсы азамат боласың. 1кезеңнің екінші бөлімі таңертеңгілік жаттығуды көрсету. ІІ кезең: «Шынықсаң шымыр боласың» дене жаттығуларын жасаудан сайыс өткізіледі. Ойнайық, ойнайық та ойлайық! Қатардан артта қалып қоймайық, Белсенді болайық ортада, Уақытты тектен - тек жоймайық! Олай болса, екінші турымызға өтеміз. І тур. Қаппен жүгіру, ойынның шарты уақыт санағы басталды деген белгіден бастап алдымен оқушы - баламыз, кейін анасы, соңында әкесі аяғына қапты киіп, ойын залының арғы шетіне жетіп сол күйінде қайта жүгіріп келу. Сәт сапар, бастаймыз!
ІІ тур: «Кім жылдам?» (топ басшы допты жерге ұрып, келесі ойыншыға алып барады. Келесі ойыншы допты алып, шеңберге түсіру қажет /түсіргенге дейін тұрады/. Солай ойын жалғасады. ІІІ тур: «Білімді кенгуру» (оқушылар кезекпен допты тізеге қысып жасалған кедергілерден секіріп барып, математикалық бір - бір есепті шығару керек) /барарда және қайтарда осы іс - әрекет/
ІҮ тур: «Вогон жалғау».
( топ басшы жугіріп келіп екінші ойыншыны өзіне тіркеп жүгіреді сойтіп барлығын жалғайды) Ү тур «Сурет салу»
бір бала кедергілерден доппен өтіп, суретті бір бала салады, екіншісі айтып тұрады. Қайтарда екінші бала доппен қайтады. Сурет салатын баланың көзі байлаулы болады. ҮІ тур: «Жеңіске жету» сайысы. Оқушылар кезекпен - кезек кездескен кедергілерден өтіп, скакалкамен ту тұрған жерге жетіп, туды алып келеді де кезекте тұрғанға береді. Ол алып қайтадан орнына апарады. Және соңғысы алып келеді../ Кім жылдам, әрі бірінші алып келсе жеңіске жетеді.
Денсаулықтың әліппесін әрқашан жадында ұстанатын белсенді де білгір, денсаулығы мықты, спорт десе, ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшелік. Жарыс заңы ежелден Жеңімпазды анықтау Жеңімпаз болу шарты сол Еңбектену, жалықпау. Біреу озса сайыста, Біреу артта қалады. Бұл сайыстан ренжімей Тараса бізге жарады - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі. (Әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізеді)
Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік! «Толағай» отбасылар сайысы осымен тәмамдалады. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп - көп рахмет! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!