Просмотр содержимого документа
«"Эстафеталы? ойындар" »
А.Быкованың басшылығымен баспадан шыккан «Физическое воспитание в детском саду» кітабында балабакшаның әр тобында жас ерекшелігіне карай өткізетін қарым-қатынас ойындарын ұйымдастыру және оны өткізу әдістері, т.б. мәселелер қарастырылган. Мысалы, қозгалып ойнау барысында алғашқы күннен бастап балаларды өзін-өзі тежеуге үйрету, сонымен қатар барлык баланың кабылдау кабілеті бірдей емес екендігі, яғни белсенділер мен жайбасар әлсіз балалар арасындағы тепе-теңдікті сактау қасиеті, оларды әр түрлі ойынға тарту аркылы шыңдау, ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды ойнату барысындағы баланың физиологияльқ өзгерісімен катар психологиялык тұрғыдан сенімділігінің артуы ғылыми еңбектің құндылығын жоғарылатады.
Еліміздіц егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар мәселесіне баскаша сын козбен қарауды талап етеді. Осы орайда сонғы жылдары бiздiн қарастырып отырган ізденіс тақырыбымызга орай бірнеше ғылыми еңбектер жарық көрді. Е.Мұхиддинов қазақтьң ұлттық ойындарын дамыган коғамдағы әлеуметік-экономикалык құрылыммен байланысты қарастырады. Дене шыныктыру пәнінің теориялық дәлелдемесін қазақтың ұлттық ойындарының тәжірибелік жағымен
бiртұтас алып қарайды.
А. Құралбекұлы мен С.Әкімбайұлы жалпы білім беретін қазақ мектептерінің дене шынықтыру жүйесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарына, оның ішінде халық шығармашылығы мен ұлттық ойындарды тиiмдi пайдаланудың ғылыми тeopиялык-әдicтeмeлiк негіздеріне сүйене отырып талдау жасаса, А.Айтпаеваның ғылыми еңбегінде орыс тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу құралы ретінде қазақ халқының ойындарын пайдаланудың, теорияльқ-әдітемелік негіздеpi жасалып, олардың тәpбиeлiк мүмкіндіктepi айкындалған.
Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде.
Алматы облысы Жамбыл ауданы.
ЭСТАФЕТАЛЫҚ ОЙЫН
Р.Р. Оспанов
Семей қаласы. №3 орта мектеп.
Тақырыбы: Салауатты өмip салтын ұстанайық!
Мақсаты:
1. Жасөспірімдердің дене шынықтырумен айналысуының ең басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау. Отбасымен мектеп арасындағы байланысты нығайту;
2. Оқушымен ата-аналарга спорттық ойындарды орындата отырып, спортка деген кызығушылықтарын арттыру;