Просмотр содержимого документа
«Допты төменнен қабылдау әдісі»
Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кенті№40 орта мектеп» МКМ
Сабақ тақырыбы:
Допты төменнен қабылдау әдісі
Сынып:8
Сабақтың түрі:жарыс сабақ
Пән мұғалімі:Кусалиев Сұлтанмұрат Матыкулович,
дене тәрбиесі пәні мұғалімі.
2016-2017 оқу жылы
Сыныбы: 8 Өтілетін күні: 17.03.2017ж Сабақтың тақырыбы: Допты төменнен қабылдау әдісі (Волейбол) Мақсаты: 1. Оқушыларға волейбол орнында допты төменнен қабылдау әдісін толық меңгерту, үйрету арқылы волейбол ойынына деген қызығушылықтарын арттыру. 2. Оқушылардың қимыл – қозғалыс әрекетін қалыптастыру, дамыту. 3. Оқушыларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Керекті құралдар: Ысқырық,доп, көрнекі суреттер. т. б. Өтетін орын: Спорт зал. Түрі: Жаңа сабақ Әдісі: Түсіндірме, практикалық. І. Ұйымдастыру бөлімі: 1. Сапқа тұру 2. Мәлімдеме қабылдау, түгендеу 1. Саптық жаттығулар орындау ( Оң және солға бұрылу, кері бұрылу) 2. Алаңда жәй жүру және жүгіру жаттығулары арқылы денені қыздырынатын жаттығулар жасау 3. Орындарында орындалатын әртүрлі гимнастикалық жаттығулар орындау 4. Үй тапсырмасын барлық оқушыға көрсету арқылы, допты үстінен қабылдау жаттығуларын жасау – Допты жоғарыдан қабылдау әдісі. Даярлық бөлімі: 15минут
ІІ. Негізгі бөлімі: 20 - 25 минут • 1. Сапқа тұру • 2. Жаңа сабақты түсіндіру, тақырыппен, мақсатымен таныстырып өту. • 3. Көрнекілік суреттер арқылы түсіндіру, практикалық түрде орындап көрсету. • 4. Оқушыларға жаңа сабақ жаттығуларын түсіндіру, практика түрінде орындату. • 5. Екіжақты ойын: «Волейбол» 6х6 Қысқаша жаңа сабақты түсіндіру: Жасөспірімдер 13 - 14жастағылар 15 - 16жастағылар 17 - 18жастағылар Ер балалар Қыз балалар 2м 20см
2м 10см 2м 35см 2м 20см 2м 43см 2м 24см Волейбол торының еденнен биіктігінің өлшемін көрсету. Волейбол ойыны – еліміздегі ең көп таралған ойындардың бірі. Ойын ережесінің жеңілдігі, қажетті – жабдықтардың өте күрделі болмауы, тартымдылығы оны бұқаралық сипатқа ие етеді. Онымен барлық жастағы адамдар айналыса алады. Волейбол олимпиадалық ойындар бағдарламасына 1964 жылдан кіргізіліп келеді. Қазақстан волейбол командасы 1966 жылыдан бері сенімді ойын жолына көшкен.
Жаңа сабақты практикалық түрде түсіндіріп, орындату: 1 - жаттығу Волейбол добын төменнен қабылдау әдісі. (Қолды төменнен қою арқылы, алақанды бір – біріне жинау бағытымен допты қабылдау кезі)
2 - жаттығу Допты қабылдаудағы негізг іәдіс. (Допты беру үшін бастапқы қалып негізінде тұрысын орындайды)
3 - жаттығу Допты қайтару әдісі, соғу. (Допты, екі қолды біріктіре отырып, жоғары қаратылған күйде соғу керек)
4 - жаттығу Допты төменнен қабылдау кезіндегі жоғары көтере отырып шығарып жіберу әдісі. (Бұл жерде допты келесі жаққа шығарып жібереді)
5 - жаттығу Допты төменнен еңкейе қабылдау, аяқты бүгу арқылы орындалатын әдісі. Келесі кезекте: Сынып екіге бөлу арқылы волейбол ойынын жаңа сабақпен байланыстыра отырып жеңілдетілген түрін көрсетеді.
6х6 Екі жақты ойын: «Волейбол»
ІІІ. Қорытынды бөлімі: 5 - минут 1. Сапқа тұру 2. Денені қалыпқа келтіру жаттығулары 3. Үйге тапсырма “Волейбол: допты төменнен қабылдау әдісін орындап келу” 4. Бағалау