Волейбол ойыны- еліміздегі ең көп таралған ойындардың бірі. Ойын ережесінің жеңілдігі, қажетті-жабдықтардың өте күрделі болмауы, тартымдылығы оны бұқаралық сипатқа ие етеді. Онымен барлық жастағы адамдар айналыса алады. Волейбол олимпиадалық ойындар бағдарламасына 1964 жылдан кіргізіліп келеді. Қазақстан волейбол командасы 1966 жылыдан бері сенімді ойын жолына көшкен.
Жаңа сабақты практикалық түрде түсіндіріп, орындату:
1-жаттығу
Волейбол добын төменнен қабылдау әдісі.
(Қолды төменнен қою арқылы, алақанды бір-біріне жинау бағытымен допты қабылдау кезі)
2-жаттығу
Допты қабылдаудағы негізгі әдіс.
(Допты беру үшін бастапқы қалып негізінде тұрысын орындайды)
3-жаттығу
Допты қайтару әдісі, соғу.
(Допты, екі қолды біріктіре отырып, жоғары қаратылған күйде соғу керек
4-жаттығу
Допты төменнен қабылдау кезіндегі жоғары көтере отырып шығарып жіберу әдісі.
(Бұл жерде допты келесі жаққа шығарып жібереді)
5-жаттығу
Допты төменнен еңкейе қабылдау, аяқты бүгу арқылы орындалатын әдісі.
Келесі кезекте: Сынып екіге бөліу арқылы волейбол ойынын жаңа сабақпен байланыстыра отырып жеңілдетілген түрін көрсетеді.
6х6 Екі жақты ойын: «Волейбол»
ІІІ. Қорытынды бөлімі: 5-минут
1. Сапқа тұру--1мин
2. Үйге тапсырма “Волейбол: допты төменнен қабылдау әдісін орындап келу”-1мин
3. Бағалау—2мин
Сабақты қортындылау
Үйге тапсырма “Волейбол: допты төменнен қабылдау әдісін орындап келу”.—1мин
Бағалау—2мин
Ғ.Мұратбаев мектеп гимназиясы
АШЫҚ САБАҚ
Тақ: Волейбол ойыны.Допты төменнен қабылдап беру әдістері