kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дене тәрбиесі – спорт қызметінде қолданылатын тәрбие әдістері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі жағдайларда жеке адамды әлеуметтендіру үйренушілерде дене шынықтырумен ұдайы жүйелі шұғылдануға саналы қажеттілікті қалыптастыруды және оларда салауатты өмір салты әдеттерін тәрбиелеу ісінде оқу-тәрбие барысын қайта құруды бұлтартпай талап етуде. Әлеуметтік құбылыс есебіндегі дене шынықтыру жүйесін алдағы уақытта әрі қарай жетілдіру негізінде оқу-тәрбие барысын жеделдету, жеке және іскерлік тұрғыдан келу, дамыту мақсат-мұраттары болуы тиіс. Денені тұрақты жетілдіру мен салауатты өмір салтындағы белсенді іскерлік пен қажеттілікті өзіне біріктіретін, адамның дене тәрбиесін қалыптастыру өте өзекті мәселе. Оқу орнын бітіруші іргелі және арнайы дайындықтың негізінде кең көлемдегі және сан-салалы еңбек нарығының талаптарына сәйкес кәсіби қызметке дайын болуы тиіс. Қазіргі уақытта дене шынықтыру саласындағы еңбек нарығында тұрақтылық жоқ. Еңбек нарығы кең ауқымды және өзгермелі болып отыр. Осы мәселелерді шешу құралы есебінде оларды орнықты және кең көлемде дайындау қарастырылуда. Қазір білім беру жүйесінің кез келген буынындағы педагогикалық кадрларға түбегейлі жаңа талаптар қойылуда. Бұрын ақпарат жеткізуші ғана болған оқытушының бейнесі енді өткен шақ болуы тиіс. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дене тәрбиесі – спорт қызметінде қолданылатын тәрбие әдістері»

Сабақтың технологиялық картасы

Пән: Педагогика Сағат саны: 2

Топ:

303 «ә»




Мерзімі:

29.12. 2016ж.




Оқытушы: Кабимолдина А.К.

Тақырыбы: Дене тәрбиесі – спорт қызметінде қолданылатын тәрбие әдістері

Сабақтың мақсаты: Тәрбие әдістері туралы түсінік беру, ол әдістерді топтастыру ерекшеліктерін меңгерту. Дене тәрбиесі және спорт қызметінде қолданылатын тәрбие әдістері жайлы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Білім алушыларға тәрбие әдістері жайлы түсінік бере отырып, тәрбие әдістерін 4 топқа топтастыру ерекшеліктеріне тоқтала отырып, тәрбие әдістерінінің ішінде дене тәрбиесі мен спорт қызметінде қолданылатын тәрбие әдістері жөніндегі ұғымдарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Білім алушылардың тәрбие әдістерін жіктеу арқылы, әр білім алушының өз білімін толықтыруға, оқу-тәрбие үрдісінде оны қолдана алуға, мамандығын құрметтеуге тәрбиелеу. Білімге деген қызығушылықтарын оята отырып, білімділікке, өзіне жеке міндеттер қоя алуғы, шығармашылыққа деген көзқарастары мен дүниетанымын дұрыс қалыптастыруға бағыттау.

Дамытушылық: Дене тәрбиесі және спорт қызметінде қолданылатын тәрбие әдістерімен таныстыра отырып, білім алушылардың дене тәрбиесі бағытындағы жұмысына талдау жасауға бағыттау, әр топтағы тәрбие әдістерінің ерекшеліктерін салыстыруға, аналитикалық ойлау дағдыларын дамыту.

Сабақ типі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы

Сабақ түрі: дәріс сабағы

Оқыту әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, түсіндірмелі-иллюстративтік әдістер.

Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту, АКТ

Пән аралық байланыс: Тәрбие жұмысының әдістемесі. Спорт. Дене тәрбиесі.

Жабдықталуы: Кітап көрмесі. Слайд. Интерактивті тақта; Презентация.

Көрнекі құралдар: Тәрбие әдістері/ тірек-сызба

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Губашева С.Г., Отарбай А.Ж. Тәрбие жұмысының әдістемесі.А-2007

2. Жарықбаев Қ., Қалиев У. Қазақ тәлім – тәрбиесі. А.,1995

3. Есенбердиев Ж. Мектеп жұмысын жоспарлау.А1975,

4. Сейталиев.Қ.Б. Тәрбие теориясы. А-1986

5. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А.,1998

Сабақ құрылымы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Сабақ мақсатын қою

ІІІ. Білімді өзектілендіру

ІҮ. Жаңа білімді хабарлау

Ү. Бірінші бекіту кезеңі

ҮІ. Білімді жүйелеу

ҮІІ. Екінші бекіту кезеңі

ҮІІІ. Қорытындылау

ІХ. Оқушылар білімін бағалау

Х. Үй тапсырмасын беру

ХІ. Рефлексия

Сабақ жоспарының барысы:

І. Ұйымдастыру:

  • Білім алушылармен амандасу.

  • Білім алушылардың сабаққа қатынасын тексеру.

  • Сабаққа назарларын аудару.

ІІ. Сабақ мақсатын қою

Тəрбие əдістері - бұл тəрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тəсілдері. Мектеп тəжірибесіне орай əдістердің жəне бір анықтамасы – қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тəрбиеленушілердің санасына, еркіне, сезіміне жəне қылық-əрекетіне ықпал жасау тəсілдері. 

Əдістер түрі сан-алуан да шексіз көп. Ал оның нақты көрінуі өз шəкірттерінің білімдік күш-қуаты мен жалпы мүмкіндіктерін жете танып, оларды өтілетін материал сипатына байланыстырып жəне басқа да көп оқу жағдаяттарын зерделі саралай білген педагог əрекетіне тəуелді. Қай тұлға, қанша тұлға араласса, əдіс формасы да сондай əрі сонша - бұл заңдылық. Əлбетте, əдістердің бəрі бірдей тиімді деп айту қиын. Ол үшін сол əдістің түзілу, қолдану жағдайларын білу қажет. Нақты мақсатқа байланысты дайындалған көп əдістердің ішінен біреуі ғана тиімді болуы мүмкін. Тəрбие тəжірибесі алдымен ежелден келе жатқан дəстүрлі əдістерге арқа сүйегенді тəуір көреді. Алайда, көптеген жағдайларда олардың да тиімсіз болып қалатыны бар, сондықтан да тəрбиеші əрдайым тəрбиенің нақты шарттарына сай келер көздеген мақсатқа үлкен үнем жəне мол табыспен , жылдам жеткізетін жаңа əдістерді іздестіруге мəжбүр. Тəрбие əдістерін құрастыру, таңдау жəне дұрыс қолдану – педагогикалық шеберлік шыңы. 

Тəрбие тəсілі – жалпы əдіс бөлігі, нақты жақсаруға жеткізетін жеке əрекет. Көркемдеп айтатын болсақ, тəсіл- тəрбиешінің өз шəкірттерімен бірге мақсатқа тезірек жету үшін таптап өткен соқпағы. Егер осы тəсілмен басқа да тəрбиешілер пайдалана бастаса, тəсілдер уақыт озуымен даңғыл жолға - əдістерге айналады. Əдістер мен тəсілдер байланысының тығыз екені осыдан көрінеді.

ІІІ. Білімді өзектілендіру

Тəрбие құрал-жабдықтары. Тəрбие жеке ықпалдарды байқатса, құрал-жабдықтар тəсілдердің жиынтығынан құралады. Мысалы, еңбек - тəрбие құралы, ал көрсету, еңбекті бағалау, жұмыс қателігін білдіру- тəсілдер. Сөз (кең мағынада) - тəрбие жабдығы, ал ілікпе сөз, əзіл ескертпе, ескертпе теңеу - осы жабдық құрамындағы тəсіл. Бұл тұрғыдан кейде тəрбие əдісін көзделген мақсат үшін қолданылатын тəсілдер мен құрал-жабдықтар жүйесі деп те атайды. 

Əдіс баламалары өте көп. Олар арасынан мақсаттар мен нақты жағдайларға сай келетіндерін таңдап алу үшін оларды қандай да бір ретке келтіріп, топтастыру, яғни классификациялау қажет. Əдістер классификациясы дегеніміз қандай да белгісі бойынша бір топқа келтірілген əдістер жүйесі. Осы классификацияға арқа сүйеп, педагог барша жүйені анық білуімен бірге оның қажеті мен өзіне тəн сипаттарын тереңірек түсінеді. 

Тəрбие əдісі - көп өлшемді құбылыс, оның жүйелесуіне негіз болар белгілер сан-алуан. Солар арасында аса танымал болғандарын атап өтейік. Сипаты бойынша əдістер-сендіру, жаттықтыру, мадақтау жəне жазалау. Мұндағы «сипат» мəні-əдістің бағыт-бағдарын, қолдану аймағын, ерекшеліктерін, т.б. білдіреді. 




ІҮ. Жаңа білімді хабарлау

Дене тәрбиесі – тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың дене амуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Бұл анықтама дене тәрбиесінің салыстырмалы түрде даралық ерекшелігін көрсетеді. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек т.б тәрибелермен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесінде қоғамдық тәрбие мақсатын туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады. Дене тәрбиесі ұғымын жалпы тәрбие деген кең ұғмның бір саласы деп ұққанымыз дұрыс. «Дене тәрбиесі» атауы педагогикалық процесс. Ол тәрбиелік және білімділік міндеттері шешуге тиіс. Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелерден айырмашылығын айтатын болсақ біріншіден бұл процесті дене сапаларын дамытумен бірге тиімді дағды, әдет қозғалыстарын қалыптастыру арқылы дене жұмыскерлігін арттыру деп ұғынамыз. Қорытып айтқанда, «дене тәрбиесі» дегеніміз ол адам бойындағы морфофункционалдық қасиеттерді дамытатын, білімін байытып, шеберлігін, қозғалыс дағдыларын арттыру негізінде еңбек көрсеткіштерін жақсартумен бірге Отанымызды қорғауда жоғары жетістіктерге жетуге бағытталған педагогикалық процесс. «Дене тәрбиесі» ұғымының екі мағынасы болуы мүмкін. Біріншісі – дене жөніндегі білімділік, екіншісі – ден қасиеттерінің тәрбиесі. 

Мектептегі дене тәрбиесі – жалпы педагогикалық жүйенің басты бөлшектерінің бірі. Бұл тек мектеп қабырғасында жүргізілетін жұмыстарымен, дене тәрбиесі сабақтарында, дәрістерде шектелетіндігі айқын. 

Оқушылар ден тәрбиесі – мектепте, мектептен тыс жерлерде мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін әртүрлі жұмыстар.

Дене шынықтыру сабақтары процесінде баланы жан-жақты тәрбиелеу: адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек т.б.тәрбиелер дене шынықтыру сабағы процесінде баланың жеке басыынң жан-жақты үйлесімді дамуы баланың бойында адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық сезім мен қарапайым еңбек дағдыларын нысаналы түрде қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады. Дене шынықтыру сабағының ерекшелігі, балалар орындайтын жаттығу уақыты тәртібінің дәлдәгәнен көрінеді, мұныңөзі жалпыға бірдей қарқынды қимыл үйлесімін, саналықты, жинақылықты, ерік-жігер күшін, тәртіптілікті қалыптастырады.

Балалар үйренетін негізгі қимылдардағы жаттығу батылдық, табандылық, өзін-өзі билеуді және ептілік көрсетуді талап етеді. Бұл жатытғуларды орындау қорқыныш пен сенімсіздік сезімін жеңумен, ерік-жігер ширығуымен, мақсатқа жетудегі табандылықпен байланысты. Ережелі қимыл-қозғалыс ойындарында балалар ұстамдылық пен ерік-жігер, ойын жағдайының күтпеген жерден өзгеруіне тез реакция жасауды, сондай-ақ жолдастық, өзара көмек, әділеттілік, батылдық пен табандылық сезімін көрсете отырып жаттығады. Сабақта балаларыдң аталған қасиеттерді қайталануына және тәрбиешінің басшылығына қарай белсенділік көрсетуі біртіндеп күнделікті өмірге ауысады. Сабақ процесінде тәрбиеші балалардың бойында олардың адамгершілік қасиетіне лайық барлық нормалардың қалыптасуын бақылады. Ол қарапайым формада баланың өз қимыл-әрекеті мен жолдастарының әрекеттеріне қолайлы талдау жасауға, сын тұрғысында баға беруге үйретеді. Бұл орайда тәрбиешінің сөзі, балаларға ұсынылған тапсырманы тұжырымдаудың барынша айқындлығы, қимылды дұрыс орындағаны мақұлдацуы, кемшілік жөнінде ескерту жасауы, ойынды жігерлі түрде бейнелеп әңгімелеп беруі маңызды рол атқарады. Дене шынықтыру сабақтары баланың эстетикалық қабылдау қабілетін, талғамын, қоршаған өмірдің, сұлулықтың кейбір элементтерін қосуын дамытуға бағытталған эстетикалық тәрбиемен тығыз байланысты. Дене шынықтыру саласында оның ерекшелігіне байланысты эстетикалық қабылдау жоғары моральдық қасиетті, жан сұлулығын игерген, денсаулығы мықты, үйлесімді дамыған, күшті , ақ жарқын адамның бейнесінен басталады. Сырт көрінісі сымбпатты, сұлу тұлғаның әсемділігіне ең алдымен тәрбиеші сай болуы керек. Онымен тікелей күнделікті қарым-қатынас, оның өзін-өзі ұстау мәнерін, сөйлеу және қимыл мәдениетін, қайырымлыдық, кішіпейілдігін қабылдау балаларға игілікті әсер етеді, еліктеуге ынталандырады. Сабақ процесінде тәрбиешінің айтқан сөзі, балаларға үн қатуы зор тәрбиелік рол атқарады. Ойынның мазмұнын бейнелі, эмоциялы етіп әңгімелеп беру, тәрбиеші көрсеткен дене жаттығулары көрнекі үлгілері техникалық жағынан дұрыс болуы керек. Олардың асем, дәл орындалуы балалардың солай қайта жасауға қызығушылығын туғызады. Балалардың дербестігі мен шығармашылық белсенділігін, әсіресе ересектерін тобында нысаналы түрде қалыптастыру балаларды өз беттерінше жаттығуға және ойынға өзіндік ой қосуға, сондай-ақ өз ойларын ойлап үйретеді. 

Ү. Бірінші бекіту кезеңі

1. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері. (этикалық әңгіме; әңгімелесу;

пікірталас; лекциялар; өнеге; көндіру (суггестия).

2. Сананы қалыптастыру әдістерінің синонимі - сендіру әдісі. (Түсіндіру; Өнеге; Сендіру; Диалог)

3. Қоғамдың мінез-құлықты қалыптастыру және оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру. (Педагогикалық талап әдісі; Жаттығу әдісі; Ойын)

4. Тәрбие әдістерінің үшінші тобы: (Мадақтау; Жазалау; Жарыс)

5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.

ҮІ. Білімді жүйелеу

Қазіргі жағдайларда жеке адамды әлеуметтендіру үйренушілерде дене шынықтырумен ұдайы жүйелі шұғылдануға саналы қажеттілікті қалыптастыруды және оларда салауатты өмір салты әдеттерін тәрбиелеу ісінде оқу-тәрбие барысын қайта құруды бұлтартпай талап етуде. Әлеуметтік құбылыс есебіндегі дене шынықтыру жүйесін алдағы уақытта әрі қарай жетілдіру негізінде оқу-тәрбие барысын жеделдету, жеке және іскерлік тұрғыдан келу, дамыту мақсат-мұраттары болуы тиіс. Денені тұрақты жетілдіру мен салауатты өмір салтындағы белсенді іскерлік пен қажеттілікті өзіне біріктіретін, адамның дене тәрбиесін қалыптастыру өте өзекті мәселе. Оқу орнын бітіруші іргелі және арнайы дайындықтың негізінде кең көлемдегі және сан-салалы еңбек нарығының талаптарына сәйкес кәсіби қызметке дайын болуы тиіс. Қазіргі уақытта дене шынықтыру саласындағы еңбек нарығында тұрақтылық жоқ. Еңбек нарығы кең ауқымды және өзгермелі болып отыр. Осы мәселелерді шешу құралы есебінде оларды орнықты және кең көлемде дайындау қарастырылуда. Қазір білім беру жүйесінің кез келген буынындағы педагогикалық кадрларға түбегейлі жаңа талаптар қойылуда. Бұрын ақпарат жеткізуші ғана болған оқытушының бейнесі енді өткен шақ болуы тиіс.

ҮІІ. Екінші бекіту кезеңі

  1. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері. (ұғым, байымдау - пікірін айту, баға беру, сендіру):

  2. Сананы қалыптастыру әдістерінің синонимі - сендіру әдісі.

  3. Этикалық әңгіме; Этикалық әңгіменің жақсы өтуіне әсер ететін жағдайлар:

  4. Әңгіме тақырыбына байланысты техникалық құралдар қолданылады.

  5. Пікірталас; Түсіндіру; Өнеге; Сендіру;

  6. Қоғамдың мінез-құлықты қалыптастыру және оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

  7. Іс-әрекет; Бала іс-әрекетіне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:

  8. Жаттығу әдісі

  9. Тәрбие әдістерінің үшінші тобы: Мадақтау; Мадақтау түрлері: Оған қойылатын талаптар: Жазалаудың түрлері: Жарыс.

  10. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.

  11. Тәрбие әдістеріне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:
    ҮІІІ. Қорытындылау

Тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады, олардың бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етіп, балалардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады. Әдістермен бірге мұғалім тәрбиенің тәсілдерін және құралдарын қолданады.

ІХ. Оқушылар білімін бағалау

Х. Үй тапсырмасын беру: Дене тәрбиесі – спорт қызметінде қолданылатын тәрбие әдістерін толықтыру

ХІ. Рефлексия

Бір сөзбен, себебі:

Бүгінгі тақырып менің болашақ мамандығымыз үшін қажет. Өйткені:





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Дене тәрбиесі – спорт қызметінде қолданылатын тәрбие әдістері

Автор: Кабимолдина Айгуль Кайрбековна

Дата: 25.05.2017

Номер свидетельства: 418572

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Отбасы – адам ?шін е? жа?ын ?леуметтік орта "
    ["seo_title"] => string(46) "otbasy-adam-ushin-ien-zhak-yn-lieumiettik-orta"
    ["file_id"] => string(6) "156468"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421426271"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства