Сабақтақырыбы:Баскетбол техникасы. Ойын кезінде допты қолдана білу | Мектеп:Ш.Уалиханов орта мектебі |
Күні: 13.04.2018 жыл | Мұғалімнің аты-жөні: Қуанышбеков.М.Қ |
Сынып: 5 | Қатысқандар:20 | Қатыспағандар: 0 |
Осы сабақта қолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме) | 5.3.4.4. Денсаулықты нығайту жаттығулары барысында техникасынан хабардар болу. |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: |
| Баскетбол ойыны техникасы туралы мағлұматты біледі. Баскетбол ойынның адам денсаулығына қандай пайдасы бар екенін біледі. Ойын кезінде допты қолдана білу. |
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: |
Доппен және допсыз қозғалудың қарапайым жаттығуларын орындай алады. Ойын кезінде допты қолдана біліп менгереді, оқушы жақсы істейді. Баскетбол ойынның шығу тарихы туралы біледі. |
Кейбір оқушылар орындай алады: |
Берілген уақыт ішінде доппен әр түрлі жаттығуларды нақты орындай алады. Ойын кезінде допты қолдана біледі. |
Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен жасалынған іс-әркеттерді көпшілігі дұрыс орындайды. Нақты сөйлеу арқылы,үйренген жаттығуларын көрсете алады. Бір қолмен иықтан пас беру, кедергілер арасымен өту әдісін меңгере алады. Допты себетке лақтыра алады. Допты оң және сол қолмен алып жүре алады. |
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: |
| Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: |
Баскетбол тарихын,фол,алаң,ұпай,зона,термин сөздердің мәнін түсіне алады. |
Диалог құруға/шығарма жазуға/ арналған пайдалы тіркес: Доп лақтыру,қимыл-қозғалыс,кедергілер арасымен жүгіру,допты себетке т.б. |
Талқылауға арналған сұрақтар: -Спорттың қай түрінде доп қолданылады? -Жүгіруден кейін тыныс алуды қалай қалпына тез келтіруге болады? -Көңіл күй нашарлығын қандай белгілерден білеміз? |
Не себепті ... деп ойлайсың? Баскетбол дегеніміз не? Баскетбол алаңы қандай болады? Баскетбол ойынын қанша адам ойнайды? Ойыншы допты қолында қанша секунд ұстап тұруға болады? Төзімділікті арттыруға арналған жаттығу маңызды ентігу болады. Команда мүшелерінің бірлігі керек. |
Жоспарланған уақыт: | 40 минут |
Алдыңғы оқу: | Бір-біріне допты қос қолдап лақтырып беру |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы 3 минут 8 минут | Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу.Денсаулықтарын анықтап алу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру. Жалпы дене жаттығулары: Жүру бағытында орындалатын жаттығулар -екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүру -екі қол белде өкшемен жүру -қол желкеде жартылай отырып жүру -қол тізеде толық отырып жүру Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар -тізені жоғары көтеріп жүгіру -өкшені жамбасқа лақтырып жүгіру -аяқтың басын алға сілтей жүгіру -сол, оң қапталмен қолды айналдыра жүгіру | Жаттығулар көрсетілімі. немесе видео материалдар. Сергіту сәті, денені қыздыру. |
Сабақтың ортасы 2 минут 12 минут 10минут | Cергіту сәті Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тлейік.Слайд арқылы қысқаша баскетбол және баскетбол добын алып жүру туралы ақпарат беру Ойыншының қозғалыста допты алып жүруі – баскетбол ойыныңдағы негізгі тәсілдің бірі. Допты бір қолмен алып жүреді. Допты алып жүру допты кідіртпей еденге соғып отыру арқылы орындалады. Буынынан ашылған саусақтар арқылы допты төмен итеріп алып жүреді, итеріс күші шынтақтың бүгіліп жазылуына байланысты болады. Допты алып жүруде ойыншы аяғын сәл бүгіп қозғалады, жан – жанжағында болып жатқан жағдайды бақылау үшін денені тік ұстайды. Қозғалыс жылдамдығы допты еденге бағыттау және допты қайтадан қабылдап алғандағы биіктікке байланысты болады. Оқушыларды сапқа тұрғызып екі командаға бөліп кезекпен допы алып жүруді орындату. Допты алып жүруді жақсы орындаған оқушыны қайталатып алып жүргізіп көрсету. Ара-қашықтығы 2 метрден қойылған кеглилердін арасымен допты кезекпен алып жүру. Оқушыларды сапқа тұрғызып санату арқылы екі командаға бөліп ережесімен баскетбол ойнату. | Баскетбол доптары; Кеглилер,себеттер, ысқырғыш, |
Сабақтың соңы 5 минут | Дескриптор арқылы бағалау Ептілік, жылдамдығы. Допты дұрыс соғу Допты дұрыс алып жүруі Оқушылар өзін-өзі балдық жүйемен бағалайды. Бағалау парақшасы арқылы. Допты дұрыс алып жүруі Жоғарғы көрсеткіш 3-бал Орташа көрсеткіш 2-бал Төменгі көрсеткіш 1-бал Әр оқушыға көрсеткішіне қарай балдық сандар жазылған доптың бейнесі секілді парақшалар таратылып соңында қосынды бал бойынша қорытынды қойылды. Оқушыларға өз қабілеттерін бағалату. Ол үшін оларды шеңбер бойымен тұрғызамын да теннис добын бір-біріне лақтырып бергізіп, сөйлемдерді толықтыруды ұсынамын: Мен..........(нені) үйрендім? Мен.........(не) істей алдым? .................(не) менің қолымнан келеді? Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау. | Теннис добы Смайликтер «Ағаш шығармашылығы» Жапырақтар, гүлдер, жемістер. |
Қосымша ақпарат |
Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қаблетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі). |
Қаблеттілігі төмен оқушыға жеке дамытушы жаттығу тағайындаймын. Орта деңгейдегі оқушыға дене мүшелерін қозғалыс динамикасына үйлестіру жаттығуларын жасатамын. Қабілетті оқушыға баскетбол добын оң және сол қолмен жерге соғып алып жүреді. | Баскетбол добын кедергілердің арасымен алып өту. Допты құрсауға лақтыру. Екі қолменен допты кеудеден беру. Бір қолменен иықтан беру. . | Биология,қазақ тілі; Видеокөрсетілім «Баскетболда допты алып жүру» Жеке тұлғаны құрметтеуді үйрету. |
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен окуға қатысты) Оқушылардың топтық, командалық ойынында белсенділік танытты. Оқушылар еркін допты алып жүруі, ойындарың түрлері мен танысуы, оқыту мен бірге үйрену нәтижеге жетті. Денсаулықты сақтауға, көңіл көтеруге, ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар екенін біледі. Баскетбол ойыны техникасы туралы мағлұматты біледі. Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. Қозғалыс ойындары кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды іс жүзінде көрсету арқылы жүзеге асыруы ықпалын тигізеді. 2. Әдіс –тәсілдерді түрлендіру арқылы сабақ өзінің мақсатына жетті. Осы сабақтың барысында барлық сынып немес жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болу мүмкіндігіне қандай ақпаратты білдім? 1. Дене тәрбиесі сабағында қозғалыс ойындары барысында қауіпсіздік ережелерін қадағалау және ептіліктің, көбіне қажеттілігін түсіндім. 1. Командалық ойындардың оқыту мен үйрету үдерісінде көбірек қолдануды жөн көрдім. Бірден –бір себебі бауырмалдық пен ұйымшылдық оқушының бойында қалыптасады. Оқушылармен тиімді кері байланыс орнату. Тақырыптың мақсатына жетуі, іс-әркет арқылы зерттеп дискрипторларын шығарып «бағалау парақшасы» арқылы қалыптастырушы баға қойдым. |
Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
допты қолдана білу.