Сабақтың тақырыбын таныстырмас бұрын оқушыларға жаңа сабақ туралы мағлұматтар беру. 1.Оқушылардың өздеріне бұрыннан таныс акробатикалық жаттығу түрлерін естеріне түсіру. 2. Акробатикалық жаттығуының адам денсаулығы үшін қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. (Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушыларды сұрақ қою арқылы сабаққа тарту. Слайдтағы суреттерге қарай отырып тақырыпқа байланысты ой өрбіту. Акробатика жаттығуы туралы түсініктерін жетілдіру) 3. Халықаралық түрлі сайыстарда гран при жүлдесін жеңіп алған, көркем гимнастика шебері Әлия Юсупованың спорт өміріндегі жетістіктерін таныстыра отырып жаңа сабаққа қызығушылықтарын арттыру (Көркем гимнастика шебері Әлия Юсупованың спорт өміріндегі жетістіктерін слайд арқылы таныстыру) Бүгінгі сабағымызда акробатикалық жаттығуларды үйренеміз. Жаттығуларға тоқталып олардың негізгі әдістері мен элементтерін орындауымыз керек. «Алға домалау» әдісі. «Жауырынға тұру» әдісі «Қарлығаш жасау» әдісі. Тепе-теңдікті ұстауға жаттығу. Бұл жаттығуда қарлығаштың бейнесін жасаймыз. Жаттығу төрт кезеңнен тұрады: 1.Б.қ. тұру. 2.Қолды жанға созып,тура алға қарау. 3.Бір аяқты көтере алға не артқа(оң немесе сол аяқ) алға еңкейеміз. 4.Тепе-теңдікті сақтап іштей бес (секунд) санап тұру. 4. «Қолды тіреп басқа тұру» әдісі. Гимнастика сабағының қауіпсіздік ережелері: 1. Секіру кезінде секірушінің екпіндей жүгіретін жолында және оның секіріп түсетін жерінде тұруға болмайды. 2. Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш атта, бөрене керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т.б. жаттығу орнында) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек. 3. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолмен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек. 4. Акробатикалық және гимнастикалық құралдарда орындалатын жаттығуларды мұғалімнің рұқсатынсыз орындауға болмайды. 5. Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек. Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды. 6. Сабақта, үзіліс кезінде мұғалімнің ақыл – кеңесінсіз күрделі жаттығулар орындауға болмайды. 7. Гимнастика сабағында арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды Оқушыларды екі топқа бөле отырып, мұғалімнің орындап көрсеткен жаттығу элементтерінің түрлерін мұқият бақылап, тыңдауын қадағалау. Көмек беру арқылы жаттығуды орындату | Оқушылардың ойын дамыту Слайд арқылы түсіндіру,қызығушылығын арттыру. Акробатикалық жаттығулардың әдемілігін, үзіліссіз жасалуын бақылау. Практикалық сабақты жүргізбес бұрын оқушыларды ережемен таныстырып алу. Гимнастика сабағынын қауіпсіздік ережесінің оқушылар арасында сақталуын қадағалау. Сабақ барысында қауіпсіздік ережесіне тоқталып еске салу қажет. |