kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тоғызқұмалақ-бабаларымыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тарихын жоғалтпаған сан егесте,

Халқымның ой өнері әлі есте.

Есеппен қамал соғып, шеп құраған

Тоғызқұмалақ ойынның нары емес пе?

Ә. Ақшораев

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тоғызқұмалақ-бабаларымыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі»

Тоғызқұмалақ-бабаларымыздан қалған асыл

мұраларымыздың бірі


М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің дене тәрбиесі пән оқытушысы: А.С. Мырзахметов


Тарихын жоғалтпаған сан егесте,

Халқымның ой өнері әлі есте.

Есеппен қамал соғып, шеп құраған

Тоғызқұмалақ ойынның нары емес пе?

Ә. Ақшораев


Тоғызқұмалақ – 4мың жылдық тарихы бар, қазіргі уақытта әлемге әйгілі зияткерлік ойындардың ішінде ерекше маңызға ие ата – бабаларымыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі.

Ойының мәні – адамға үйлесімді тәрбие беру, кез-келген жанның ақыл – ойын шыңдау, ми қызметін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру. Бұл ойын - ең жетілген спорт түрлерінің бірі ретінде адамзатты жаңа шыңдарға жетелейтін ойын кең, рухы биік, саналы тұлғаларды тәрбилелеудің қуатты құралы бола алады.

Өткен ғасырдың 60 – жылдарында Орталық Комитетке ашық хат ұйымдастырып, тоғызқұмалақ ойынының ұрпақ үшін қажет екенін дәлелдеп, араша түскен зиялы қауым өкілдері К.Каукетаев, Р.Абдуллин және осы өнерді серік еткен М.Әуезов пен Қ.Қуанышбаевтар ойынының қазіргі заманға жетуіне зор еңбек сіңірді. Тоғызқұмалақ қазақтың ұлы ақыны Абай мен қазақтың заңғар жазушысы Мұхтардың сүйіп ойайтын ойындарының бірі болған. Ұлы тұлғалар тоғызқұмалақ ойнының дамуына, халық арасында таралуына да өз заманында ұйтқы бола білген. Сол бабалар таратқан тоғызқұмалақ ойыны бүгінде жалғасын табуда.

2000 жылы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде алғаш рет қалалық деңгейде орта және жоғары оқу орындары арасында командалық жарыс ұйымдастырылды. Колледжімізде тоғызқұмалақ арнайы пән ретінде 2001 – жылдан бастап оқу бағдарламасына енгізілген. Колледж студенттері БЖС және ЖОБ мектептерде оқу – іс – тәжірибеден өтіп, теориялық білімін практикамен ұштастыруда. Колледжіміздің студенттері тоғызқұмалақ ойынын электронды нұсқасы бойынша ойындар ойнатылады.

Колледж директоры Шағангүл Алдамжарқызының басшылығымен оқу орнында ұлттық ойынның дамуына барлық мүмкіндіктер жасалған. Колледж ғимаратында жыл сайын қалалық жарыстар ұйымдастырылып, жоғарғы деңгейде өткізіледі. Жыл сайын өткізілетін жарыста колледж командасы бірнеше дүркін жеңімпаз атанып жүр.

Қалалық, облыстық, республикалық жарыстарғаколледжімізде арнайы ұйымдастырылып, өткізіліп отыратын «Тоғызқұмалақ» үйірмесінің жекелей ойыншылары жылма – жылқатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Облыстық жастар арасындағы жарыстың жеімпаздары, спорт шеберлігіне үміткер С. Сабеков, М. Елеуов, Д. Қасықбаева, М.Алдажарова, Э. Какимова есімдерін құрметпен атауға болады.Облыстық халықтар ойынына қатысқандар қатарында Искакова Э, Даутбек А, Султангалиева А, Кеңесқазиев Е., М. Темірбек.

Республикамыздың әр түкпірінде ұлттық ойының дамуына үлес қосып, болашақ ұрпақты тәрбиелеуге еңбектеніп жүрген М.О.Әуезов атындағы колледж түлектері: Құрманов К, Какимова Э, Султангалиева А, Темірбек М, Нугыманова З. Колледжіміздің ұстаздар құрамасы қалалық, аймақтық жарыстардың жүлдегерлері. Биылғы жылы тоғызқұмалақ ойынынан 2013 жылы шыққан «Тоғызқұмалақ қағидасы мен ережесі» оқулығы негізінде, пән оқытушысы ретінде көп жылғы тәжірибемді жинақтап, авторлық оқу бағдарламасын құрастырдым, ол колледждің әдістемелік кеңесі мен облыстық әдістемелік бірлестік отырысына қарауға ұсынылды. 2016 жылы Семей қаласының тоғызқұмалақ ойынының ұлттық дәрежедегі төрешісі М.Оқасовпен «Математика және логикалық ойындар» атты әдістемелік құралды бірлесіп жарыққа шығаруым – ұлттық ойынға деген құрмет, ұлттық спортқа деген сүйіспеншілігім мен жанашырлығым.

Қазіргі таңда республика бойынша қазақтың төл ойыны – тоғызқұмалақпен шұғылданушылардың саны 100 мың адамнан асады. Тоғызқұмалақпен тек шетелдегі қазақтар ғана емес, сонымен бірге Англия, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттерінде де жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артуда. Ұлтымыздың ұмыт болып бара жатқан салт – дәстүрін дәріптеп қастерлеу, оның асылын тарихтың рухани көш – керуенін ілестіріп отыру әр қайсымыздың парызымыз болса керек.



Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Ө. Сұлтанов., Мұхтар Әуезов және спорт өнері /Семей, 2007 ж.

  2. Ә.С. Ақшораев., Тоғызқұмалақ даналығы /Тараз, 2000 ж.

  3. Тоғызқұмалақ қағидасы мен ережесі /Астана, 2013 ж.

  4. Колледж мұрағаты құжаттары






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Тоғызқұмалақ-бабаларымыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі

Автор: Мырзахметов Айдын Садыбекович

Дата: 06.03.2017

Номер свидетельства: 398122

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "?аза? хал?ыны? ?ол?нері.   «Бесік жасау». "
    ["seo_title"] => string(42) "k-azak-khalk-ynyn-k-olonieri-biesik-zhasau"
    ["file_id"] => string(6) "178427"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424836739"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства