Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Астанада өткен тез шахмат пен блиц чемпионатының ашылу салтанатында «Шахмат адамдарды тез ойлатады, шешім қабылдатады және қадам жасатады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Шахматтан үйірме жоспары»
Бекітемін
Мектеп директоры: Р.О.Ұзақова
«Мамай атындағы негізгі орта мектебі»КММ
Шахмат үйірме жоспары
2019-2020 оқу жылы
Үйірме жетекшісі:Ш.К.Тайтөлеуов
Сабақтың мақсаты:
Шахмат ойынының тарихы туралы түсінік беру.Ойын кезіндегі тәртіппен,ережесімен таныстыру. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, есте сақтау, салыстыру, танымдық ой-өрісін жетілдіру. шахмат сабағы арқылы шығармашыл, дарынды жеке тұлға жетілдіруге жағдай жасау.
Сабақтың тәрбиелік мәні:
Айналасына ұқыптылықпен қарау, жеке қасиеттерін жетілдіруге ұмтылдыру; ·
Өзін тәртіпке салуға тәрбиелеу;
Еріктілік қасиеттерін жетілдіруге және өзін өзі бағалай білуге.
Бұл бағдарламаны игеру барысында оқушылардың пәнді игеруімен қатар ұжымда жұмыстана білуі қалыптасады.
Түсінік хат
Қазіргі ақпараттандыру технологиясының кең дамыған кезінде оқушылар үлкен ауқымды ақпараттарды тез қабылдап, сараптап, логикалық қорытындылар жасай білулері керек. Логикалық және жүйелі ойлауды қалыптастыруда шахматтың алатын орны зор. Ол оқушылардың аз уақытта ойларын шоғырландыруына, туған жағдаятты сараптауға және шешім шығаруға үйретеді және алдына қойған мақсатына жетуге, төзімділікке тәрбиелейді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Астанада өткен тез шахмат пен блиц чемпионатының ашылу салтанатында «Шахмат адамдарды тез ойлатады, шешім қабылдатады және қадам жасатады. Мен бүгінгі таңда Қазақстанның көптеген балаларының спорттың осы түрімен айналысатынына қуаныштымын» деген болатын. Сонымен қатар мектептердің оқу жоспарларына шахмат сабақтары енгізіліп отыр.
Шахмат – екі тұлғаның көрнекі түрде сайысу түрі. Ол бізге адамның шығармашылық дәрежесін анықтауға қажет. Шахмат ойнаушының үнемі жетілуінен, жүйелі түрде дайындық сағаттарын жүргізуден кейін нәтиже күтуге болады. Сонымен қатар шахматты үйретудегі жаттықтырушының шығармашылық деңгейінің жоғары болуы қажет.
Шахмат ойыны – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибиені қалыптастыруға арналған жағдайлар негізіндегі іс-әрекет-тің бір түрі.
Сондықтан, адам баласының дүниетанымы кеңейеді, сөздік қоры, ойлау қабілеті дамиды, білім сауаттылығы математика, физика, химия сияқты пәндерге көп септігін тигізеді. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.
Бағдарламаның тиімділігі – уақыт талабымен сәйкес. Жеке тұлғаны жетілдіру қиын мәселе болғандықтан, шахматты үйретудің құрылымы мен мазмұны мақсатқа бағытталған мінез қалыптастыруға тәрбиелейді. Сабақтан тыс білім беру жүйесінде шахматты үйрету жүйесі оқушылардың жеке қабілеттіліктерін айқындап, жетілдіре отырып оның тұлға ретінде жалпы жетілуі мен тәрбиесіне бағытталады
Бағдарламаның ерекшелігі балаға даралап білім беруге бағытталғандығында. Ол бағдарламаға енгізілген және екі негізгі бағыт алады. Алдымен әр шахмат ойнаушының тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеуде, екіншіден әр тәрбиеленушінің өмірге көзқарасы, жағдаяттарды шеше білуі есепке алынады. Баланың жеке қасиеттерін табиғи, физикалық және психологиялық қасиеттерін білуді талап етеді.
Бағдарламаның жаңалығы мұғалімнің сабақтарда қолданатын, балалардың жеке және жалпы логикалық ерекшеліктерін жетілдіретін дидактикалық материалдарын (карточкалар, шахматтық этюдтар және тапсырмалар) әзірлеуінде, зерттеу әдісін қолдануында (шахматтың шығу тарихы туралы рефераттар мен баяндамалар жазуында), мектептің материалдық жағдайын ескере отырып оқу-тақырыптық жоспарын құруда.
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар
«Шахмат» (34 сағат)
№
Тақырыбы
Сағат саны
Өтетін күні
1
Кіріспе
1
6.09
2
Шахмат ойыны туралы аңыз
1
13.09
3
Шахмат ойынының тарихы
1
20.09
4
Әлем, Қазақстан чемпиондары
1
27.09
5
Шахмат ойынының мақсаты
1
4.10
6
Ойын ережесі
3
11-18-25.10
7
Аттың жүрісі
1
8.11
8
Тұраның (ладья) жүрісі
1
15.11
9
Уәзірдің (ферзінің) жүрісі
2
22-29.11
10
Шахмат тақтасы
1
6.12
11
Пілдің жүрісі
1
13.12
12
Пешканың жүрісі
2
20-27.12
13
Ойын басындағы тастардың бастапқы жайғасымы, орналастыру тәртібі.