Просмотр содержимого документа
«"салауатты өмір салтын ұстануда дене шынықтыру пәнінің маңызы"»
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУДА ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МАҢЫЗЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан- 2030» багдарламысында біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңнің міндеттерін өзге келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтындығымыз,сонымен бірге жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеп,дене тәрбиесімен,спортпен айналысуга үгіттеп,еліміздің болашағы жастардың қолында екенін есте ұстауга тиіс екендігіміз айтылған.Бұдан егемен елімізде жас ұрпақтың дене тәрбиесіне айрықша көңіл бөлініп отырғаны көрінеді. Ол түсінікті де. Келешекте Азия барысына айналатын елдің іргесін нығайтатын да қазіргі жас ұрпақ. Сондықтан жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырып, денсаулықтарына аса зор көңіл бөлген абзал.Тұлғаны «әдемілік айнасы немесе зор денсаулық»- деп бекерден айтпаған .
Баланың тұлғасы мектептегі денешынықтыру тәсілдері мен амалдары және көптеген жаттығулар арқылы қалыптасады . Баланың жастайынан спортқа қызығушылық танытуы,келешекте оның дені сау тұлға болып шығарына мүмкіндік береді . Дұрыс жетілмеген тұлға көзге бірден түсіп , өз ортасында шектеліп қалады . Тіпті организмі дұрыс жұмыс істемей, кері әсерін тигізуі рас. Тұлғаның дұрыс қалыптасуы дененің бұлшық еттерінің бірдей дамуына байланысты . Омыртқаны ұстап тұратын еттердің әркелкі немесе әлсіз дамуы тұлғаны әрқилы бұзылуына , ал кейбір жағдайда тіпті омыртқаның қисаюына әкеп соғады. Бала тұлғасының бұзылуына әртүрлі аурулар (мешел,жұқпалы аурулар),бұған қоса табаны жалпақ болуы, сондай-ақ , күн тәртібін дұрыс ұйымдастырмау, дұрыс тамақтанбау сияқты себептер жатады. Тұлғаның қалыптасуын түзеуден көрі, оның алдын алған дұрыс. Бала өз тұлғасының дамуын өзі қадағалап тым жұмсақ емес, қайта тегіс, тығыз төсекте шалқасынан ұйықтағаны жақсы, бірақ үнемі бір қырынан ( бүктеліп жатып ) ұйықтамау керек . Тұлғаның бұзылуы мен омыртқаның қисық бітуінің басты себебі әдетте денені дұрыс ұстамауы, бүкірейтіп жүруі , иық пен бөксені қисық ұстап тұруы, орындыққа дұрыс отырмаудан болады. Баланың бірінші әрекіті – ойын, сондықтан да ойын мән-мәнісі ерекше. Ойын – адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы . Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: « Ойын ойнап , ән салмай , өсер бала бола ма ? » деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың әр түрлі қозғалысы ойындарына қатысуы . Гимнастикамен айналысуы . Бұлшық еттер мен көкірек қуысын дұрыс қалыпта дамытуға көмектеседі . Баланың дені сау тұлға болып қалыптасуына гимнастиканың әсері мол екенін жоғарыда айтып өткен едік . Кеңінен тоқталар болсақ , 3- 5 минут бір қалыпты жүгіріспен бастап , дененің бұлшық еттерін босатуға көмектесесіз, содан кейін тартылып , алға еңкейіп , артқа шалқайып , аяқты әрі – бері сермеп, секіру сияқты жаттығуларды орындауға дағдыланған баланың дене бітімі дұрыс қалыптасары сөзсіз , Балалардың бәрі дерлік күшті де епті болғысы келеді . Сондықтан , дене шынықтыру сабақтарында үйретілетін қимыл – қозғалыстарды мұқият орындауға талпынады. Дегенмен , дене шынықтыру сабақтарындағы жаттығулармен шектелу жеткіліксіз. Бұған қоса балалар күнделікті өз беттерімен дене жаттығуларын жасауы тиіс. Сымбатты тұлға кез – келген ортада жақсы әсер қалдырары анық . Сондықтан , жаттығуларды жүйелі түрде жасап өскен бала өз қатарластарынан ерте дамып , ойлау өрісі де кеңейіп , қабілетті де дарынды , сымбатты тұлға болып қалыптасары өмір заңдылығы . Сол себепті , мүмкіндігінше мына екі жаттығуды орындап отырған жан Біріншіден , денеңізді тік ұстауға дағдылану үшін төбеңе зат қойып жүру және қабырғаға арқамен тұрып жасайтын жаттығуларды игерген абзал . өйткені , төбеге зат қойып жаттығу жасағанда бас пен иықты дұрыс ұстауға көмектеседі. Ал қабырғаға арқанмен тұрып жасайттын жаттығудың пайдасы денені тұтасынан , басты , мойынды , иықты , арқаны , аяқты түзу ұстауға дағдыландырады. Оқушылардың сымбатты тұлғасын қалыптастыру үшін денені тік ұстауға көмектесетін бұлшық еттерін үнемі шынықтыру қажет . Сондықтан , мектетердегі дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері оқушыларға осы мәселелері жете түсіндіру үшін , алдымен өздері жаттығуларды жүйелі түрде жасап , басқаларына үлгі көрсетуі қажет . Сонда оқушының санасы оянып , дене шынықтыру сабағы тек қана доп қуу пәні еместігін ұғады . Спортқа қызығушылығы оянған әр баланың салауатты өмір салтын сақтап жүруге жетелейтін сөзсіз .