Халық ойындарын дене тәрбиесінің көп салалы құралы ретінде пайдалану
Халық ойындарын дене тәрбиесінің көп салалы құралы ретінде пайдалану
Халықтық ойындар адамның ой - өрісінің , өмірге қөзқарасынның дамуына, сана - сезімнің өсіуне мол мүмкіндіктер туғызумен қатар, адамның дене дамуына және рухын көтеруіне көмектеседі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Халық ойындарын дене тәрбиесінің көп салалы құралы ретінде пайдалану»
Халық ойындарын дене тәрбиесінің көп салалы құралы ретінде пайдалану.
Халықтық ойындар адамның ой -өрісінің,өмірге көзқарасынның дамуына,сана-сезімнің өсуіне мол мүмкіндіктер туғызумен қатар,адамның дене дамуына және рухын көтеруіне көмектеседі.
Қазақтар ойын әрекеті кезінде,ойнап жүрген балалардың қимылдарыңда табиғатта кездесетін әртүрлі уақиғаны байқаған.Ойын түріне қарап алдағы уақытта ол баланың кім болатын анықтаған.
Халықтық ойындарда адамгершіліктің,мінез-құлықтың нормасына бағыт беру – басты міндет.Олар осы ойынға қатысушылардың мінез-құлқына,әрқайсысының ерекшеліктеріне,адамгершілік принциптеріне бағытталған.Ойынға қатысушылардың ойын ережесін қалай түсінетініне байланысты,олар ойынның адамгершілік нормасының қоғамға,ал керісінше ойынға бағытталуында.Халықтық ойынның құндылығы :ойын кезінде адамгершілік мінез-құлық,өзара сыйласу,татулық,ұжымда бір-бірімен тіл табысу сияқты мінездер қалыптасады.Жарыс ойындары кезінде алдына жеңуге мақсат қойып,сол мақсатқа жетуге құлшынады.Ол үшін ойын ережелерін сақтау,бұзу кездері және ойынға қатысушылар арасында бәсекелестік те кездеседі.
Қоғам өміріндегі жоғары адамгершілік және мінез-құлық нормалары халық ойындарын дамытуда қосымша нормалар мен ережелер тудырады.Олар өзара сабақтасу арқылы ойын этикасын тудырады.Ойын кезінде көптеген шешілмеген қиын мәселелер,сондай – ақ,ойынға қатысушылардан мінез-құлықтың беріктігін,адамгершіліктің тұрақтылығын талап ететін кездер де болады.Бұл талаптың барлығы ойыншыларда жасөспірім кезінен қалыптасып,халықтық ойын этикасында анық көріне бастайды.
Этика ережелерінің бұзылуы,яғни өтірік,әділетсіздік,бәріне рұқсат ету,кешірімділік,менсінбеушілік, т.б. келеңсіз жағдайлар ойынның сәтті өтуіне кедергі жасайды.Сондықтан халық ойындарының этикасында ойынға қатысушылардың жас ерекшеліктеріне,жынысына,топтардың бөлінуіне,жеке жас пен топтардың өзара қарым-қатынасына ерекше мән беріледі.
Көптеген әдет-ғұрыптар,мерекелер,спорттық жарыстар,халықтың көңіл-күйін көтеру,этикалық дамуын арттыратындықтан,жас өспірімдердің этикалық тәртіп нормаларының қалыптасуына өте қолайлы.Сондай ойындар түріне «алтыбақан»,»тоғызқұмалақ»,»асық»,»көкпар»,»қыз қуу».
Эстетикалық тәрбиеде әсіресе ән мен күй ерекше орын алады.Бұл ойындар әннің түрін,мәнін жете түсінуге көмектеседі.Қозғалмалы сазды ойындарда ойынға қатушылардың шығармашылық мүмкіндігі қалыптасады. Бұл ойын түрлері әсіресе, жас өспірімдер мен жастар арасында көп дамуда. Ондай ойын түрлері «айгөлек»,» алтыбақан»,» қыз бен бала« және т.б.
Эстетикалық қарым-қатынастың дамуының көп тараған түрі – халықтық ойындар.Көңіл көтеру ойындары тәжірибе түрінде жастарды тәрбиелеуде адамгершілік және эстетикалық ережелерді біріктіреді.Сондықтан да халықтық ойындарда ән,күй,тақпақ,би кеңінен пайдалынады.
Қазақтарда жасөспірімдерді тәрбиелеу тәжірибесінде халықтық ойындар балалар мен жасөспірімдердің жоғары адамгершілік және дене шынықтыру қабілетін дамытудағы негізгі құралы болып табылады.Халықтық ойындарда көптеген тәсілдер жүйесі,үйрету мен тәрбиелеу әдістері жинақталған.
Олар ұрпақтан-ұрпаққа таралып,әдет-ғұрып,салт-сана білімдерінің жиынтығы ретінде халық өмірін жан-жақты түрлендіруде.
Мортық орта мектебі КММ
Баяндама :
«Халық ойындарын дене тәрбиесінің көп салалы құралы ретінде пайдалану«.