kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кәсіби білім беруде оқытушылардың құзыреттілігін арттыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

        Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Елбасының осы алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар - әрине, жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы білім мен салауатты тәрбие беру қажет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кәсіби білім беруде оқытушылардың құзыреттілігін арттыру»











КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДЕ ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ


Оксикбаев Бакытжан Нуртаевич

Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің директоры



Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Елбасының осы алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар - әрине, жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы білім мен салауатты тәрбие беру қажет.

Еліміздің дамуының алғы шарты білім дедік, яғни «Үшінші мыңжылдықтың жастары қандай болмақ?» деген сұрақ туындайды. Жауапкершіліктің биігінен көрінуі де жас ұрпаққа берілетін білім сапасын мейілінше арттыруды қажет етеді. Ал, білім сапасын арттыру, оның деңгейін әлемдік білім кеңістігіндегі стандарттарға сай келтіру түптеп келгенде, оқытушының, оның кәсіби құзырлығына, әдістемелік біліктілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты болады. Жас ұрпаққа жоғары сапалы білім беру ісін тек қана көп мәдениетті, шығармашыл, жаңашыл, инновациялық тұрғыда ойлап, 
қызмет жасай білетін ұстаз ғана мүлтіксіз атқара алады.

Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама –қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті оқытушылардың әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды. Құзыреттіліктің түрлерін атап айтсақ: Арнайы құзыреттілік – өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті. 
Әлеуметтік құзыреттілік – кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті. Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. Құзіреттілік тәсіл идеясы – «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады» деген сұраққа жауап береді. Оқытушының құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.

Оқытушының басты рөлі – тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай,  құзыреттілікті нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінің сапалық критериі ретінде қарау, зерттеу, бүгінгі күн талабы болып табылады. Жаңа ақпараттық технологияларды кәсіптік білім беруде пайдаланудың тағы бір ерекшелігі – колледжіміздегі бітіруші түлектердің біліктілігін растау емтиханын ұйымдастыру және өткізу кезінде жиі қолданылуда. Атап айтсақ, дербес компьютерлерге арнайы тест бағдарламалары енгізіліп, бітіруші түлектер бітіру емтиханының тест сұрақтарына өз бетінше дайындалу мүмкіндігіне ие болды.

Құзыреттілік – білімалушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.

Білімалушылардың түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа  нәтижелер болып саналады. Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – білімалушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне  еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыруға негізделген. Басқаша айтқанда, бұл кеңістікке ең алғаш еніп, оны жүйелі және кәсіби бағытта енуін қамтамасыз ететін оқытушы. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде  жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.

«Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.

Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білімалушылар оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отырады. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай, жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілетті, нақты бағыт-бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы. Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ оқытушы - қазіргі білімалушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Кәсіби білім беруде оқытушылардың құзыреттілігін арттыру

Автор: Оксикбаев Бакытжан Нуртаевич

Дата: 16.03.2017

Номер свидетельства: 400830

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "БАСТАУЫШ СЫНЫП О?УШЫЛАРЫНЫ? ФУНКЦИОНАЛДЫ? САУАТТЫЛЫ?ЫН ?АЛЫПТАСТЫРУ"
    ["seo_title"] => string(73) "bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-funktsionaldyk-sauattylyg-yn-k-alyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "255663"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447959848"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Баяндама. Тақырыбы: «Қазіргі заман ұстазы-неге өзгеру керек?»"
    ["seo_title"] => string(68) "baiandama_tak_yryby_k_azirghi_zaman_u_stazy_nieghie_ozghieru_kieriek"
    ["file_id"] => string(6) "356861"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1478630495"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства