Қатынасатындар: №7-№9 мектеп алды даярлық топтары.
Мақсаты: Балаларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайту. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті балдырғандар, спортшылар! Сіздерді «Достық» атты эстафеталық жарысқа қатысуға шақырамыз! Сіздерге зор денсаулық «жарыста» сәттілік тілейміз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Эстафеталық сайыс "Достық".»
Эстафеталық жарыс « Достық»
Өткізілетін орын: Спорт зал
Қатынасатындар: №7-№9 мектеп алды даярлық топтары.
Мақсаты: Балаларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайту. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті балдырғандар, спортшылар! Сіздерді «Достық» атты эстафеталық жарысқа қатысуға шақырамыз! Сіздерге зор денсаулық «жарыста» сәттілік тілейміз.
Жүргізуші:
Дүбірле бақшам, дүбірле,
Жақсылық болсын үйіңде.
Қуаныш толып жүзіңде
Арнаулы жолдан сүрінбе
Жарыста нағыз мықтылар,
Жеңіске жетер түбінде
Ортаға жарысқа түсетін екі топты шақырамыз:
№9топ -«Табиғат қамқоршысы» командасы- ақ жейде
Ұшақтан да ұшқырмыз, Желден озған жүйрікпіз. Жарысуға сендермен, Келіп тұрған мықтымыз.
№11топ -«Бірлік» командасы- көк жейде
Қатар өскен құрдасқа, Жарыс ұнап тұрмас па. Қуып жету жақсы ғой, Озып шығу бір басқа. Жүргізуші: Құрметті балдырғандар, спортшылар бүгінгі сайысымыз 6-сайыс түрінен тұрады.
Құрсаулардан қос аяқпен секіріп барып, қолындағы допты корзинкаға дәлдеп түсіру.
Мәреге дейін доппенен секіріп бару.
Кім жылдам және тапқыр (математикалық сұрақтар)
Тәрбиешілер сайысы (жасырылған сөзді балаларға ымменен түсіндір)
Қараңғы қапастан өту.
Бір сөзбен ата. (шешендік тапқырлық)
Арқан тартыс ойыны
Жүргізуші:
Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сараптарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.
Бүгінгі жарысымызда әділ баға беріп төрелік ететін әділқазылар алқасымен танысайық.
Балабақша әдіскері Фатима Елебаевна апай
Ән-саз жетекшісі Бериккалиева Айнұр апай.
Жүргізуші:
Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке-жеке команда.
Ал балалар, өздеріңді танытыңдар,
Естелік, мықтылық, батылдық, көрсетіп табанды
«Ура» деген ұранды ортаға біз тастаймыз,
Жарысымызды бастаймыз!
Ал енді сайысымызды бастайық.
1-сайыс -Құрсаулардан қос аяқпен секіріп барып, қолындағы допты корзинкаға дәлдеп түсіру. (4-құрсау қойылады, сол құрсаулардан балалар қос аяқпен секіріп өтіп, қолындағы допты кәрзеңкеге дәлдеп салу керек)
2-сайыс Мәреге дейін доппенен секіріп бару.
(белгі берілгеннен кейін балалар ауа толтырылған үлкен допқа отырып,мәреге дейін секіріп,барып және секіріп кейін қайту керек)
3-сайыс Кім жылдам және тапқыр
(математикалық сұрақтар :тақтаға есептер ілінеді, сол есептердің нәтижесін дұрыс және жылдам табу керек)
Жүргізуші:
Қалма жұрттың соңында,
Қажет болса мың атта.
Аздық етер оныңда,
Жету үшін мұратқа.
4-сайыс Тәрбиешілер сайысы
(жасырылған сөзді балаларға ымменен түсіндіріп және соның жауабын балалар дұрыс айту керек)
Жүргізуші:
Біздің балалар ақылдылығы, тапқырлығымен қатар жүрек жұтқан батырлар десек те болады. Өйткені келесі сайысымыздың өзі солай екендігіне тікелей себеп болмақшы.
5-сайыс Қараңғы қапастан өту.
(Туннельден қолында ойыншық су шелекпен қорықпай өтіп барып, табақтағы судан толтырып алып, өз тобының шелегіне әкеліп құю) қай топ бірінші келеді сол топ жеңіске жетеді.
6-сайыс Бір сөзбен ата
Бұл ойынға суреттер көрсетпей-ақ сөзбен айтуға да болады. Ойын жүргізуші бірнеше заттардың атын атайды да, бір ойыншыдан бір сөзбен қалай атауға болатынын сұрайды.