Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
«Баскетбол» секциясының жұмысы
Жан-жақты дамыған, ізгілікті тұрғыдан таза және рухани бай адам қалыптастыру мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Оқушы жастардың дене бітімі жағдайына, дене даярлығына республикамыздың саяси, экономикалық және идеологиялық болашағы тәуелді болып келеді. Сондықтан да, жастардың дене бітімінің дамуы, дене даярлығы және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды мәселелері мемлекетіміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, Үкіметіміз бен қоғам өкілдерінің тұрақты қамқорлығы аясынан табылады.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша соңғы жылдары аса маңызды құжаттар қабылданған: «Білім туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстанның Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасында Дене шынықтыру және спортты дамытудың Тұжырымдамасы мен бағдарламасы және басқа да құжаттарда дене бітімінің дамуы, дене дайындығы және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері мемлекеттік маңыздылыққа ие мәселелер екені атап көрсетілген.
Көптеген әдіс-тәсілдердің ішінде баскетбол алдыңғы орындардың бірінде болғандықтан, оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттырудың анағұрлым тиімді құралы.
Баскетболдан секция жұмысында мектеп бағдарламасына байланысты баскетбол ережелері мен әдіс-тәсілдері үйретіледі. Жаттығу кезінде оқушылар өзара бір-бірімен қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, әр оқушы өзіне көрсетілген әдіс-тәсілдерді толығымен меңгере отырып әрі қарай жетілдіре түседі. Үйірменің жұмысы әр оқушының салауатты өмір салтын ұстануына, баскетбол ойынының қимыл- қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулықтарына дұрыс қараудың қажеттілігін қалыптастыру, физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын, дене бітімін қалыптасуын дамытуға әсерін тигізеді. Оқушылардың денсаулықтарын нығайту, дене бітімдерін жақсарту, жалпақтабандылықтың алдын алу, дененің қимыл қозғалыс үйлесімділігін дамытады. Жеке гигиена, күн тәртібі, дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері, жұмыс істеу қабілеті мен қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту секілді қарапайым білім деңгейін қалыптастырады.
Секцияға қатысушы әр оқушының оқу-жаттығу кезінде үйренген әдіс-тәсілін іс жүзінде өз қарсыласына жасап, негізін қалыптастырады.
Оқушылар жалпы баскетбол ойыны туралы мағлұмат алып, оның басқа спорт түрінен ерекшелігі мен артықшылықтары туралы хабар алады.
Баскетбол секциясы жұмысының мақсаты: Жекеленген оқушының сан қырлы дамуын, оның рухани қажеттілігінің арта түсуін қамтамасыз ету. Сол арқылы спортқа деген соның ішінде баскетболға деген қызығушылығын арттыру.
Міндеттері:
Күтілетін нәтиже:
1. Баскетболдың әдіс-тәсілін жаттығуларды орындау барысында үйренеді.
2. Оқушы баскетбол ережесін толығымен үйреніп, сол ережелерді іс жүзінде толығымен көрсете алатындай баскетболдың негізін қалыптасыру.
3. Оқушының жарыс кезінде жеңіске жетуі және жүлделі орындардан көріне білуі.
4. Ең үздік шебер оқушыларды дайындау, аудандық, облыстық жарыстарда үнемі жақсы нәтижелер көрсетуі.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт