К І Р І С П Е Б Ө Л І М І (12мин) | Сабақтың барысы. Дене бітімінің дұрыс дамуына арналған жаттығулар орындау Оқушылардың қозғалыс сапасын дамыту. Алдағы жүктемеге ағзаны дайындау. Мойын бұлшықеттерін дамыту. Иық бұлшықеттерін дамыту. Мықын бұлшықеттерін дамыту Аяқ бұлшықеттерін дамыту. | 1.Сапқа тұру. Сәлемдесу. Сабақ міндеттерін хабарлау. 2. Жүріс және оның түлері: а) өкшемен жүру; б) аяқ ұшымен жүру; в) аяқтың ішкі қырымен жүру. г) аяқтың сыртқы қырымен жүру. 3.Арнайы жүгіру жаттығулары: – тізені көтеріп; – аяқты артқа лақтырып; – оң жақ бүйірмен; – сол жақ бүйірмен; – Секіріс жүгіру; – артпен жүгіру. 4. Орында тұрып орындалатын жаттығулар: а)Бастарқы қалып. 1-4 – басты оңға бұру; 5-8 - солға бұру. б) И. п. - О. с. 1-Басты оңға айналдыру . 2-Басты солға айналдыру. в) Қолды иыққа қойып алға айналдыру 1-4 5-8 Қолды иыққа қойып артқа айналдыру. г) Қолды мықынға қойып: 1- оңға қисаю. 2-ортаға келу .3-солға қисаю. 4- Б.Қ. д ) Қолды алға ұстап: 1-2 денені оңға бұру, 3-4 денені солға бұру. е ) Аяқты иық кеңдігіндей қойып, қолды мықынға ұстап: 1-денені алға еңкейту. 2-Б.қ,3-артқа шалқаю.4-Б.қ. ж) Аяқты иық кеңдігіндей қойып, қолды алға созып: 1 – сол аяқты көтеріп оң қолға тигізу 2 – Б.қ.3-4 – оң аяқты көтеріп сол қолға тигізу з) оң (сол) аяқты алға созып, қолды тізеге қойып: 1-3 – созылмалы қозғалыс жасау; 4 – аяқты ауыстырып жасау | 30`` 1`30`` 2` 8` | Бір қатарға тұр! Оқушылардың сыртқы келбетіне назар аудару. «Түзел!», «Тік тұр!», «оңға бұрыл!» алға қадам бас! Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау Қате қозғалыс жасамау. Бас , арқа , қол тұрысына назар аудару. Алға артқа қисаймай , тік тұру. Ретпен орындау Оңға, солға ретпен бұрылу, айналдыру. Тізені бүкпей, денені тік ұстау. Денені тік ұстауды қадағалау Тізені бүкпей, денені тік ұстау Алға еңкейгенде тізені бүкпей қолдың ұшын еденге тигізу. Денені тік ұстауды қадағалау Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалау |
Н Е Г І З Г І (30мин) | Үстел үсті теннисінің негізгі техникалық ережелерін үйрету Допты сезінуді дамыту. Солға, оңға домалату техникасын үйрету. Допты сол жақтан және оң жақтан домалатуды үйрету. Допты беру, қабылдау техникасын үйрету | 5.Ракетканы дұрыс үстауды үйрету 6.Доппен шұғылдану: -ракетканың ішкі жағымен -ракетканың сыртқы жағымен. - ракетканың екі жағымен допты үздіксіз соғу 7.оңға (солға) домалату техникасын дамыту. 8. Үстелдің оң жағынан допты домалатуды қалыптастыру. 9. Үстелдің сол жағынан допты домалатуды қалыптастыру. 10.Допты оң жақтан домалатып және орап беру (оралып келген допты қабылдау) 11.Допты сол жақтан домалатып және орап беру (оралып келген допты қабылдау) 12.Жаттығу ойыны. | 3` 4` 5` 2` 2` 4` 4` 6` | Қателіктің алдын алып оңай әдістерді көрсету Қателіктің алдын алу (қол, аяқ қимылдарын қадағалау) Ұжымдық, жекелей жіберілген қателіктерді талдау Допты түсіріп алмай тура домалатуды қадағалау Дұрыс орындалуын қадағалау. Жаттығудың орындалу шапшаңдығын, ептілігін қадағалау |