kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шахмат фигуларының жүрістері

Нажмите, чтобы узнать подробности

                  Тақырыбы:Шахмат фигуларының жүрістері

Сынып- 4

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға шахмат ойынының мақсатын, ережелері мен фигуралардың жүрістерін, атауларын және шахмат тақтасы туралы мағлумат беру.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды жинақылыққа, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдауға, тапқырлыққа үйрету.

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың шахмат ойынына деген қызығушылықтарын арттыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Түрі: сайыс сабақ

Әдісі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, шахмат тақтасы, шахмат фигуралары, дорба, алтын теңге, презентация, видеоролик.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару. Жұмбақ жасыру арқылы оқушыларды 2 топқа бөлемін.

Жұмбақ: 1. Ешкім де жемейді,

Сарғайып кетеді,

Тәтті екен демейді.

Үзіліп түседі /жапырақ/

2. Қорықпайды күшті аңнан,

Қорқады тек тышқаннан. /піл/

I.топ- « Шах» тобы /ақ түс фигуралар/

II.топ- «Мат»тобы /қара түс фигуралар/

Психологиялық дайындық кезені.

-Балалар, биыл ұлы ақын Абай атамызға 171 жыл толуда. Оны өздерің де білесіңдер. Бұл мерекелік датаны бүкіл Қазақстан халқы тойлауда. Олай болса, Абай атамыздың қандай өлеңдерің білесіңдер? Абай туралы мағлұматтар.

-Абай Құнанбайұлы 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында тұған. Ол-ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы. Өлеңдерін жатқа айту.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

  • Балалар, біз өткен сабақта қандай тақырыпты өттік? Үй тапсырмасын сұрауда «Кім жүйрік?» ойыны ойнатылып, әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Төрт бұрыштың ішіндегі сандарды басу арқылы сұрақтарға жауап береді.
  1. Шахмат ойыны қай мемлекетте және қай ғасырда пайда болған? /5 ғасырда, Индия/
  2. «Шах және мат» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? /«Шах» билеуші, «мат» жеңілді, ұтылды/
  3. Шахмат фигуралары /король, ферзь,піл, ат, тура, пешка/
  4. Шахмат фигураларының түстері қандай? /ақ және қара/
  5. Шахмат тақтасында қанша шаршы бар?/64/
  6. Шахмат тақтасында қандай әріптер мен сандар бар?//12345678-ABCDEFHG/
  7. Ең әлсіз фигура қандай /пешка/
  8. Шахмат ойынының мақсаты қандай /корольге мат қойып, ойынды аяқтау/
  9. Шахмат ойынынан басқа қандай ойындарды білесің?/ тоғызқұмалақ, дойбы, және т.б/
  10. Шахмат фигураларының саны /111116,16,32/

II I. Үй тапсырмасын бекіту. «Кім жылдам?» тест тапсырмалары арқылы бекітіледі.

 IV. Жаңа сабақ. Ой қозғау.

  • Балалар, біздің бүгің өтетін сайыс сабағымыздың тақырыбы шахмат фигураларының жүрістері болмақ. Олай болса, бүгінгі күннің ретін дәптерімізге жазып алайық.

Шахмат ойыны- жоғары интеллектуалдық спорт түрі. Шахмат- адамның ақыл- ойының дамуына ықпал етеді. Шахмат ойыны балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Сонымен қатар, ол кеңістікті бағдарлай алу қабілетін дамытуға, ойлаудың аналитикалық және синтетикалық жолдарын, ой тұжырымдарын жасау, есте сақтау, қорытынды жасай алу қабіілетін, алдына мақсат, қорытынды жасай алу қабілетін, алдына мақсат қоя білу қабілетін дамытуға көмектеседі.

1966жылдан бастап 20 шілде- « Халықаралық шахмат күні» ретінде тойланып келеді. Бұл мереке 1924 жылы құрылған Әлемдіе шахмат федерациясы шешімімен бекітілген.

Дәптермен жұмыс.

  • Жаңа сабақа қатысты термин сөздермен таныса отырып, оны  дәптерімізге жазып алайық.
  • -Партия- ойыншылардың ойнаған әрбір ойыны.
  • Стратегия-ойынның жоспары
  • Тактика-  айла-тәсіл
  • Дебют- ойынның басталуы, яғни, алғашқы 10-15 жүріс.
  • Миттельшпиль-ойынның ортасы, шахматтың ең бір қызық кезеңі.
  • Эндшпиль- ойынның аяғы, шахматтың соңғы кезеңі.

Шахмат тақтасында фигуралар 3 түрлі жолмен жүре алады. Олар- вертикаль жолдар, горизонталь жолдар және диагональ жолдар.

Фигуралардың атауы:

  1. Король- ең маңызды фигура
  2. Ферзь- корольдің оң қолы, ең күшті фигура
  3. Ладья- Ферзьден кейінгі күшті фигура
  4. Ат-басқа фигураларды аттап өте алатын бірден-бір фигура
  5. Піл-Атпен күшті бірдей фигура
  6. Пешка- ең әлсіз ойыншы

Фигуралар екіге бөлінеді.

  1. Ауыр фигуралар: Ферзь,Ладья
  2. Жеңіл фигуралар: Ат пен Піл
  3. Шахмат фигураларының  жүрістері туралы мағлұматтар беріу: Шахмат фигураларының жүрістері- Патша жүріс.Тура жүрістер, Пір Жүрістер, Уәзір жүрістер, Ат жүрістер, Пешка жүрістері.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шахмат фигуларының жүрістері»

Сабақ тақырыбы: Мағынасы қарама-қарсы сөздер.
Сабақ мақсаты: 1. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді меңгерту және сөз мағынасына мән беруді үйрету,түсіндіру.
2. Оқушылардың есте сақтауын және тілін,сөздік қорын дамыту.
3. Тез ойлауға,дұрыс шешім қабылдауға,бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Халық педагогикасын дәріптеуге үйрету.
Түрі: дәстүрлі емес сабақ
Типі: жаңа білімді меңгеру
Әдістері: сұрақ-жауап,түсіндіру,ойын,баяндау
Көрнекілік: интерактивті тақта,слайдтар
Технология: дамыта оқыту

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Балалар, бүгінгі сабағымыз бұрынғыдан ерекше болмақ. Өйткені, қазір біз « Жеті ата»ауылына саяхат жасаймыз.
Саяхатқа шығу үшін өзімізге көлік әзірлеп алайық. Бұрын ата-бабаларымыз техника дамымаған,машина болмаған кезде көлік ретінде нені пайдаланған?
- Атты,түйені,өгізді
- Сендер соның қайсысын қалайсыңдар?
- Атты.
- Жарайды,атты жолға әзірлейік.
- Атты шанаға жегу үшін қандай жабдықтар керек?
- Қамыт,доға,делбе,шана,ершік т. б.
Сұрақтарға жауап бере отырып,атамыздың ауылына келіп қалыппыз.

1 «Ата»ауылы сендердің білімдеріңді тексермекші екен ,мынадай тапсырмалар дайындапты.
«Сынақ дорбасы»
● Сөз мағынасының түрлерін ата.
● Мағынасы жуық сөздерге мысал келтір.
● Мағынасы қарама-қарсы сөздерге мысал келтір.
● Дыбысталуы бірдей,мағынасы әр басқа сөздерге байланысты сөйлем ойла.
● Дидактикалық ойын. (Мағынасы қарама-қарсы сөздерді айт). Жұптық жұмыс
Жуан – сұлу -
Арзан – еріншек -
Ал балалар,жер тайғақ,құлап қалмайық. (бәріміз жөнделіп отырайық). Алдымызда көрінген қай ауыл?.

2 «Әке» ауылы.
Көркем жазу.
Жоңышқа,мұржа,жәшік

Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер.

3 «Бала» ауылы.
Бұл ауылда «Поэзия минутын» өткіземіз.
7-жаттығу
Қызғалдақтың қасына
Ісіп кетті бас,шекем.
Балы тәтті болғанмен,
Тілі өзінің ащы екен!

Енді тимен оған мен,
Қойып едім қондырмай,
Бізін сұғып басыма
(Қадыр Мырза Әли)

● Өлеңді мәнерлеп оқы.
● Мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап.
Тәтті - ащы

4. Ал балалар,үш ауылға саяхат жасап,шаршаңқырап қалған болармыз. Енді «Немере» ауылына келдік. Бұл ауылда «Сергіту сәтін» жасап алайық.
● Мақалды жатқа жазу
1. Мейірімді алғыс алса
Мейірімсіз қарғыс алар.
2. Ақылды іс тындырады,
Ақымақ тіс сындырады.

5. Кәне,балалар шанаға жөнделіп отырайық. Әлі де баратын ауылдарымыз бар,уақыт болса жақын қалды.
Көзді ашып жұмғанша «Шөбере» ауылына келіп қалыппыз. «Сиқырлы сандық» әзірлепті.
● Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап.
Мейірімді-
Жуас-
Қымбат-
Сұйық-
Қашық-

6. «Шөбере» ауылынан шығып,«Шөпшек» ауылына бет алдық. Міне,
«Шөпшек» ауылына келдік. «Шөпшек» аулы сендерге мынадай тапсырма дайындапты.
10-жаттығу.
● Тек мағынасы қарама-қарсы сөздер жұбын теріп жаз .
● Кестені пайдаланып,пікіріңді дәлелдеп үйрен.

Дәлелдеу үлгісі:жақсы және жаман сөздері - мағынасы қарама-қарсы сөздер,өйткені екеуінің мағынасы бір-біріне қарама-қарсы,әрі екеуі де сын есімге жатады.
● Өзің қалаған сөз жұптарымен сөз тіркесін жаз.

7. Ал,балалар,соңғы ауылға келіп жеттік. Бұл қандай ауыл? «Немене»ауылы
«Немене» ауылы сендерге ішінде қарама-қарсы сөздері бар мақал-мәтел не жұмбақ жазыңдар деп тапсырады.
3. Сабақты қорыту.
Бүгінгі сабақта не істедің,не үйрендің?
4. Бағалау.
5. Үйге тапсырма. 12-жаттығу







Қазақ тілі 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сан есім.

Сабақтың мақсаты:Сан есім жайлы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:1.Оқушыларды сөйлем ішінен сан есімдерді табуға, сұрақ қоя білуге үйрету.

2.Сөз таптарын ажырата білуге жаттықтыру,ойлау қабілеттерін ,тілдерін дамыту.

3.Оқушыларды тапқырлыққа ,қамқорлыққатәрбиелеу.Адамгершілікке баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі:түсіндіру,сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі : Ойын сабақ.

Көрнекілігі:жұмбақтар,ребус,тірек сызба,сөзжұмбақ,слайд

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

-сабаққа әзірлік

Психологиялық дайындық:

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Баршаңызға құрметпен

Бас иеміз біз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Кіріспе әңгіме:


  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?


  • Көктемде қандай өзгерістер болады?


  • Көктемде күн қандай болады?


  • Ендеше балалар,бүгін біздің күніміздің бетін бұлт басып қалыпты. Күнімізді бұлттан құтқарайық. Ол үшін бұлтты алу үшін ішінде сын есімі бар сөйлемдер айту керек екенбіз.Бізге үйге қандай тапсырма берілді.


  • Қане, күнді бұлттан құтқарайық.


Балалар сөйлемдерін оқиды.Күннің көзі ашылады.Күннің сендерге сыйлығы бар екен. Жұлдызшалар. Бұл жұлдызшалар сабаққа жақсы қатысып, тәртіпті оқушыларға беріледі. Кім көп жұлдызша жинаса сол жақсы баға алады.

ІІІ. Өткенді еске түсіру.

Өткен сөз таптарын,олардың ережелерін,сұрақтарын еске түсіру .


Кім? Не? Қанша? Неше? Нешінші?

Сөз табы

Кімдер? Нелер?


Зат есім Сан есім


Етістік Сын есім


Не істеді? Қайтті? Қандай? Қай?

Не қылды?


  • Балалар сендер нешінші сыныпта оқисыңдар?


  • Жылдың неше мезгілі бар?


  • Бір айда қанша күн бар?....


  • Балалар мен сендерге қандай сұрақтар қойдым.


  • Қанша? Неше? нешінші?


  • Ендеше сан есім осы сұрақтараға жауап береді.


Қане, балалар сан есімнің ережесін қорытып шығарайық.

Қызығушылықты ояту.

Жұппен жұмыс. «Сөздің әрбір дыбысынан сөз тудыру жұмысы». Парақтардағы сөздердің әрбір дыбысынан сан жазып шығу.

І жұп ІІ жұп ІІІ жұп

тоқсан жеті бір


Түс сегіз Жас сексен Бет екі


үш алты төрт

Әр жұптан бір оқушыға оқытып,тапсырманы тексеремін.

ІҮ. Мағынаны ашу.Оқулықпен жұмыс.


  • Балалар бүгін бізге ертегі кейіпкерлері қонаққа келіпті. Қане, кімдер келді екен?




Әр кейіпкердің тапсырмасы бар екен.Соны орындайық.Ұнаған кейіпкерді таңда.


  • Ендеше бәріміз оқулығымыздың 162 бетін ашайық.


1 тапсырма 498- жаттығу. /Ауызша/.

Әр оқушыға оқытып, ерекше жазылған сөздерге сұрақ қойғызып,қай сөз табына жататынын сұраймын.


  • Екі көзің не үшін керек?


  • Жақсыларды көру үшін.


  • Екі қолың не үшін керек?


  • Елге көмек беру үшін.(Қадыр Мырза Али)


2 тапсырма сан есімге мысал келтіріңдер.

Ереже еске түсіру. Өздеріне мысал келтірту.Сөйлемдер айту.



Балалар шарша-

дыңдар ма?
. Сергіту сәтін жасайық.

IV.Сергіту сәті.

3- тапсырма 499- жаттығу.Жұмбақ жасыру./Көркем етіп,дәптерге жазады/

Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қояды.

4- тапсырма 500-жаттығу .Ребусты шешіп,сол сөзді қатыстырып сөйлем құрау . /Өздіктерінен жазбаша орындайды/. Жүз екі.

1-2 сөйлем тақтаға жазады.



5- тапсырма 501-жаттығу.Берілген сөздердің сан есім екендігін делелдеу. /Ауызша/

Бес, тоғыз, жетінші,отызыншы Бұл - сан есім, өйткені



Сөз жұмбақты

шешіңдер


VI.Сөзжұмбақ шешу.Ой қорыту

С


А

Н

Е

С

І

М

1)Жанды сағат,

Айғай салады.(Есек)

2).Қанаты бар ұшпайды,

Су астында қыстайды.(Балық)

3)Жерде туып,көкте өледі. ( Түтін)

4) Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ қашады. (Жел)

5) Жылт-жылт етеді,

Жылғалардан өтеді. (Су)

6) Дегендей ешкім тимесін,

Алыпты қадап инесін. (Кірпі)

7)Өзі жап-жас мұрты бар

Ет пен сүтке ұмтылар.(Мысық)

-Ортасында қандай сөз шықты? Сан есім жайлы не білдік?

VII. Сабақты қорытындылау.

Бүгін не істедіңдер? Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?

VIII. Бағалау.

Жинаған жұлдызшаларға қарап бағаланады.

IX.Үйге тапсырма.

502- жаттығу.162 бет ереже жаттау









Сабақтың тақырыбы: Мағыналары қарама-қарсы сөздер

Сабақтың мақсаты: Мағыналары қарама-қарсы сөздер жайында түсінік беру. Антонимді меңгерту.

САбақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты флипчарттар

Сабақтың әдіс-тісілі: Дамыта оқыту және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сабақтың құрылымы мен мазмұны:

  1. Бағдарлау- мотивациялық кезең.

а) Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. «Мектептегі қызықты сәттер. Ата тілегі»

Топтарға бөлу және таныстыру.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

204- жаттығу.

Қос жарау ат жегілген шанамыз тақтайдай тегіс жолмен сынаптай сырғып келеді. Екеу ара жалғыз пар қолғапты Нұрлыбек ағам киді. Біз белеске шыға бергенде салт атты екі кісі қарсы кездесті. (қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір)

Сұрақтар:

1. Сөз мағыналары жөнінде не білеміз?

2. Синонимдер деген не?

3. Мысалдар келтір.( батыр, ынтымақ)

Сабақты бекіту. Кенгерудың қалтасындағы сөздерді синонимдік қатарына орналастыр.

Қағілез Әдемі Бет Алғыр Батыр

2. Операциялық- орындаушылық кезең. Жаңа тақырыпқа өту.

Салыстыру

Күн - түн, еңіс- өр, есік - төр, жарық- қараңғы, ақ- қара, жомарт- сараң, биік- аласа, ұзын- қысқа, адал-арам, бейнет-зейнет.


Антоним деген не?

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздерді антоним дейміз.

Көркем жазу

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Жұмбақ.

Ұлы ақын Абай ақылды, тапқырлықты қажет етеді және өте қызық ойын деп жұмбақты жақсы көріпті. Өзі де жұмбақ шығарыпты. Соның бірі мынау:

- Баяғыдан бері сегіз батыр кезек жығысып келе жатыр. Түбінде қайсысы жеңері тағы белгісіз. Сол сегіз батыр кімдер?

Шешуі:

Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп,

Жақсылық пен жамандық - болды сегіз (Абай)


Сөз мерген ( мақалдар бойынша тапқырлық сайысы)


Дұрыс ойла!

Жастайыңнан еріншек бол. Еріншектік бәрін де жеңеді. Еріншектік адамды қуанышқа бөлейді. Ол адамды қорқақ атандырады.

Жатқа жаз

Жомарт дос көбейтеді,

Сараң мал көбейтеді.

Суреттерге қатысты антоним ойла!


3. Рефлексиялық –бағалау кезеңі. Сабаққа қорытынды жасау.

Данышпандар кітабы

Біз жасап тұрған өмір қарама-қарсылықтан тұрады. Күн мен түннің ауысуы, ыстық пен суықтың болуы табиғи болса, бейбітшілік пен соғыс адамның жақсы, жаман әрекетімен байланысты. Адам баласы көңіліне ақылды көп түйсе, білгір болатыны ал аз түйсе надан болатыны анық. Адам өзінің оңы мен солын кішкене кезінен осылай таныса, әрине, оның жас шағы кемелдене отырып, ардақты кәрілікке жеткізітіні белгілі.

( мәтіннен антонимдерді тапқызу)

Бағалау парағы бойынша топ басшыларының бағасын қорытындылау.



Үй жұмысы

1. 208-жаттығу.

2. Ереже жаттау.


















1 Алға мектеп-бақшасы



Қазақ тілінен ашық сабақ

Тақырыбы: « Мағыналары қарама-қарсы сөздер»








Өткізген: Муханова А.А.


2009-2010 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөз тауып айта білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың байланыстырып сөйлей алу қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын кеңейту.
Тәрбиелік: Өз бетімен қорытынды шығара алуға, алған білімін қолдана алуға, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық тапсырма, түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, дидактикалық материалдар т.б.
Сабақтың жүрісі
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

ІІ Психологиялық дайындық
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
(Ж. Молдағалиев)
Үй тапсырмасын тексеру
а) «Сиқырлы сандық» ойыны ұйымдастырылады.
Сандықша ішіндегі сөздерді оқы. Әр сөздің нені білдіретінін айту.
Оқушылар шығып, сандықшадан қағаздарға жазылған сөздерді алады.
Тау – сұрағы не? Заттың атауы
Оқушы – сұрағы кім? Заттың атауы
Қызыл – қандай? Сапаның атауы
Күлу – не істеу? Қимыл атауы
Ұялшақ, түйе, он жеті, жығылу, тапқыр, жүйрік, алтау

ә) Үй тапсырмасын қорытындылау
Сөз дегеніміз не?
Сөз дегеніміз қандай да бір заттың, не қимылдың, не сапаның, не санның атауы.
Сөз неден құралады?
Сөз дыбыстан құралады
Сөз нені білдіреді?
Сөз мағынаны білдіреді.


IV Жаңа сабақ

Дәптерді ашу, бүгінгі күннің жадын жазу
Көркем жазу
Мысалдар келтіру:
Үлкен-кіші, биік-аласа, қымбат-арзан, ақ-қара, күн-түн.
Сызбамен түсіндіру, суретке қарап сөйлем құрастыру.
Жаңа сабақты қорыту
Сөз мағынасының қандай түрлері бар?
Мағынасы қарама-қарсы, мағынасы жуық, дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздер.

V Сабақты бекіту
а) Оқулықпен жұмыс
2-жаттығу. Озған-мұрат,
Қалған-ұят.
Игіліктің ерте-кеші жоқ.
3-жаттығу. Бірінші қатардағы сөздерге екінші қатардан қарама –қарсы мағыналы сөздерді тауып жаз.
Тар
Жас
Қалың
Кіру
Көшу
Жұмсақ
Ұзын

Қону
Қатты
Қысқа
Жұқа
Кәрі
Кең
Шығу

4-жаттығу
Жазғы киімі-жасыл
Қысқы киімі ақшыл.
(жер)
Күндіз білінбейді
Түнде күлімдейді
(ай)

Сергіту сәті (өлеңмен)

ә) Шығармашылық тапсырма
*Көп нүктенің орнына сол сөзге мәндес сөздерді тауып жаз және сөйлем құра.
Сұлу, … (әдемі, көрікті, ажарлы)
Атақты, … (әйгілі, белгілі, көрнекті)
Суық, … (мұздай, салқын)

*Сөздердің мағынасын ашып жазу
Түс (түс көру, қызыл түс, арбадан түс)
Бас, алма, үй, шаш, нан.

∆ Қарама-қарсы мағынасын тап.
Биік – Адал – Ашық –
Ақ – Қатты – Арзан –
Ұзын – Өтірік – Ыстық –
Жоғары – Жақсы – Батыр –

«Қай сөз артық» ойыны
Ас, тамақ, тағам, асаба, дәм
Аспан, көк, шарықтау, әуе
Үлгілі, өнегелі, тәрбиелі, тәртіпті, өнеге
Айтқыз, сөйлеткіз, сөйлеттір, айтқыш
Мәтіндермен жұмыс
5-жаттығу орындалады

VI Сабақты қорыту
Оқушылар өз бетімен ізденуіне берілген тапсырмалар

*Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздердің тобын ОМОНИМДЕР деп атаймыз. Мысалы: қара шаш, тақтаға қара
арық ат, су ағатын арық

* Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы СИНОНИМДЕР деп аталады.
Синонимдерге тән белгілер:
а) Сөздің дыбыстарында өзгешелік болады;
ә) Сөздер бір ғана ұғымды білдіреді;
б) Сөздер бір ғана сөз табына қатысты.
Мысалы: күшті, мықты, әлді, қарулы, қайратты, қажырлы

*Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер АНТОНИМДЕР деп аталады.
Мысалы: үлкен – кіші, суық – жылы, ескі – жаңа, қатты – жұмсақ

VII Үйге тапсырма
6-жаттығу
VIII Бағалау

Кері қайту

Материал рейтингісі:

  • 0

барлық дауыс бергендер: 0

Ілмек сөздер: Қазақ тілі, 2-сынып, бастауыш, сабақ жоспары, қарама-қарсы мағыналы сөздер Жариялаған Botagoz_92   Оқылды



Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау.
Сабақтың мақсаты: Мәндес, Қарама - қарсы, Әр түрлі мағыналы сөздерді тереңірек ұғындыру.
Білімділігі: Сөйлемдердің ішіндегі сөздердің мағынасын дұрыс анықтай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: Сауатты, көркем жазуға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Сөзді өз орнында қолдана білу дағдыларын, сөздік қорларын дамыту.
Міндеті: Оқушыларды топтасып жұмыстандыру.
Мазмұны: Сөздердің мағыналары туралы жалпы мағлұмат беру.
Түрі: Бекіту сабағы
Әдісі: СТО, ойын элементтері, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Интерактивті тақта (слайдтар), топ аттары, диплом.

Жүру барысы
І. Қызығушылығын ояту.
- Шаттық шеңбері
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. 5 - жаттығу (ауызша) Тапсырмасы: Суретте не бейнеленген? Осы көкөніс атауымен бірдей дыбысталатын заттың атын тауып, сөйлем құрастыр.
2. 2. Әр түрлі мағыналы сөздердің ережесін айту, мысал келтіру.

ІІІ. «Сиқырлы сандар» ойыны:
23+7 ----- І
56+4 ----- ө
50 - 2 ---- к
100 - 50 - н
43+4 ----- д
13 - 9 ----- т
30+10 ---- е

13 - 8 ------ у
12+45 ----- п
93 - 13 ---- с
63+25 ----- ы
16 - 9 ------ а
15+6 ------- қ

ІІ. Мағынаны тану
Сөздер

Мәндес сөздер (Синоним)
Әр түрлі мағыналы сөздер (Омоним)
Қарама - қарсы мағыналы сөздер (Антоним)

1. Ережесін қайталау.
2. Мысал келтіру.

ІІІ. Ой толғаныс.
1. Дәптермен жұмыс
Тақырып жазу.
Әр топқа ат беру: І топ Синоним
ІІ топ Антоним
ІІІ топ Омоним
1. Оқулықпен жұмыс
1 - жаттығу
Шақта, кезде; Шама, әл;

«Үндемес» ойыны (Қимыл іс - әрекетпен көрсету. Келесі топ табады).
І топ Нәресте
ІІ топ Ұзын - қысқа
ІІІ топ Бұрыш

2 - жаттығу.
Қайталау, пысықтау; жығылу, құлау; дымқыл, ылғалды; болашақ, келешек;
Бес жол өлең құрастыру
І топ ---------- ІІ топ ----------- ІІІ топ
Сәби ---------- Жаз ---------- Нан

3 - жаттығу (Ауызша) Тапсырмасы: Қарамен жазылған сөздерге қарама қарсы мағыналы сөздер тап. (Мәтінді түсіндіру.)

Семантикалық карта
Сөздер ----------------------------------- үй ---- ащы -- ағайын --- үй -- туыс --- тұщы
Мәндес сөздер
Қарама қарсы мағыналы сөздер
Әр түрлі мағыналы сөздер

4 - жаттығу
Жасықтар қорқақ атанған,
Намысы аз ғой өйткені.
Батылдар қорғайды Отанды,
Отанды қорғау абырой.
«Қай сөз артық» ойыны
1. Күшті, мықты, әлді, қарулы, қайратты, қажырлы, аласа.
2. Үлкен – кіші, суық - жылы, ескі - жаңа, биік – үлкен, қатты - жұмсақ.
3. 1) Бір адамды мадақтау.
2) Ас атасы – нан
3) Анасы баласының сөзіне нанды.

6 - жаттығу. (Ауызша) Тапсырмасы: Жақ сөзінің отты жақ деген мағынасынан басқа бұл сөздің қандай мағыналарын білесің?

«Байланыстыр» ойыны
1. Мәндес сөздер
2. Қарама қарсы сөздер
3. Әр түрлі мағыналы сөздер

бұрыш
ағайын
ұзын
арзан
нәресте
сәби
қысқа
бұрыш
қымбат
туыс
7 - жаттығу
1. Қаз – суда жақсы жүзетін, мойны ұзын жабайы және үй құсы.
Қаз – жерді бір нәрсемен ою, шұңқырлау.
2. Қазан – тамақ пісіруге арналған ыдыс.
Қазан – күз айларының бірі.

V. «Адасқан әріптер» ойыны
І топ м с и н и о н
ІІ топ м а н т о и н
ІІІ топ м о н о и м
(Синоним, антоним, омоним)

VI. Үйге тапсырма
V. Бағалау, мадақтау




Тақырыбы: Қарама - қарсы мағыналы сөздер
Мақсаты:
1. Оқушылардың сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдете түсу. Мағынасы қарама - қарсы сөздер туралы жалпы түсінік беру;

2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, алған білімдерін қолдана білуге, өз оқу әрекетін саналы түрде ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру;
3. Шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, зейінділікке тәрбиелеу.
Түрі: Ойын аралас сабақ
Көрнекілігі: Слайд, топшама, геометриялық фигуралар.
Пәнаралық байланыс: математика, тіл дамтыту,
Әдісі: түсіндіру, жинақтау

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
- Қазақстан туралы өлең тыңдау
- Тәуелсіздік туралы айта кету./мәндес сөз табу/

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
*5 - жаттығу
*Жедел сұрақтар

ІІІ: Жаңа сабақ.
Қ. МырзаӘлінің “Қырсық”өлеңімен сабақты ашу.
Сен оған:- Аласа - десең,
Ол саған:- биік,- дейді.
Сен оған:- Кіші ғой!- десең,
Ол саған:- Үлкен!- дейді...

**Өлеңде қандай сөздер кездеседі?
**Оқушылар өздері ереже шығарады.

ІҮ. Жаңа ақпарат
Тілімізде мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер болады. Ол сөздер қарама - қарсы мағыналы сөздер деп аталады.
Мыс: алыс - жақын, Ащы - тұщы т. б.

Ү. Оқулықпен және дәптермен жұмыс.
Жаттығуларды орынадату. /Орындаған оқушыларды жетондармен бағалау/

ҮІ. Сергіту сәті:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.

ҮІІ. Бекіту:
1. Ойын: “Мұғалімдер мен оқушылар”
Шарты:
Екі топ кезектесіп мұғалім мен оқушы болып қарама - қарсы сөздер айтады.
2. Суретпен жұмыс:
Геомтриялық фигураларды орналастырып, қарама - қарсы сөздерді табу.
3. Анаграмма шешу.
Рісте, зутү, сыжақ.
4. Сонымен балалар антоним сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?

5. Венн диаграммасы:
мәндес сөз
қарама - қарсы сөз

6. Төрт жолды өлең құрау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: *5 - жаттығу
*Ережелерді қайталау
ІХ. Бағалау.
Оқушыларды мадақтау




Қарсы мағыналы сын есім

Жарияланды 5-04-2013, 23:50 Категориясы: Бастауыш сынып 

Сабақтың тақырыбы: Қарсы мағыналы сын есім
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Оқушыларға мағынасы қарама - қарсы сын есімдер туралы түсінік беру,
сын есімдерді сөйлеу кезінде қолдана білуге жаттықтыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелігі: Сабақ барысында ана тілін құрметтеуге, сөздік қорын молайтуға, сауатты жазуға, білімділікке тәрбиелеу.
Технология түрі: Сын тұрғысынан ойлау әдісі
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: саяхат
Сабақтың әдісі: ой қозғау, түсіндіру, шығармашылық жұмыс,
сұрақ - жауап, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты слайдтар, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:
І. Бағдарлау - мотивациялық кезең.
Ұйымдастыру
Психологиялық жаттығу
Біз жайнаған гүлдейміз.
Шуағын шашқан күндейміз.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Қызығушылығын ояту.
1) Ақ, көк, сұр, құла, күрең.
2) Биік, кіші, тар, ұзын, қысқа.
3) Жақсы, жаман, сараң, тентек, алғыр.
4) Ащы, тұщы, қышқыл, тәтті, жұмсақ.
5) Тасты, балалы, білімді, көтеріңкі, қысқы.
Бұл сөздер заттың несін білдіреді?
Сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақ қойылады?
Ереже: Заттың сынын, сапасын, сипатын, түр - түсін, көлемін білдіріп, қандай? қай? Деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын сын есім дейміз.

Құрамына қарай түрлері
Сын есім
негізгі туынды дара күрделі
Мысалдар келтіру:
Қара шалбар, таза дәптер (негізгі сын есім)
Кешкі ауа, өнерлі жігіт, көшпелі ел (туынды сын есім)
Көк, көкшіл, көкпеңбек (дара сын есім)
Көк ала, қара ала (күрделі сын есім)
Суреттер көрсетіп, олардың аттарын атату.
Оны немен атап тұрмыз? (сөзбен)
Сөз деген не? (зат)
Ол заттың мағынасының не екенін білесің бе?
Сөз мағынасының түрлері туралы не айта аласың? Мысал келтір.
Мағынасы жуық сөздер. (мейірімді, қайырымды, иманды)
Мағынасы қарама - қарсы сөздер. (жас - кәрі, сулы - құрғақ)
Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер.
Сызбаны көрсете отырып толық мағлұмат беру.
Үлкен – кіші
Бұл мағынасы қарама - қарсы сөздер, өйткені олар бір сөз табына жатады.
Мағынасы мәндес сөздер – олар бір сөз табына жатады, бұл сөздер мағыналары жуық, бірінің орнына бірін қолдануға болады.
Бұлар көп мағыналы.

ІІ. Операциялық - орындаушылық кезең. Жаңа тақырыпқа өту. Ал, балалар, қазақ тілі сабағы болғандықтан және тіліміздің сөздегі мағынасына мән беріп жатқанда тіліміздің тұңғиығына бойлау үшін қазақ елі атамекеніміз Қазақстан Республикасы туралы айтпай өте алмаймыз.
- Қазақстан қандай ел?
- Елбасымыз кім?
- 1 желтоқсан қандай күн?
- Қазақстанның болашағы сендер, қандай азамат болып өсулерің керек?
- Бай
- үлкен
- көп
- тату
- білімді
Осы сөздерге керісінше қандай сөздер келтіре аласыңдар?
- кедей
- кішкентай
- аз
- араз
- сауатсыз
Міне осы сөздер жаңағы сөздерге қарама - қарсы мағынадағы сөздер болып табылады. Оларды салыстыру арқылы таба аламыз, арасына сызықша қойып жазамыз. Мысалы: бай - кедей, үлкен - кіші, т. с. с.
Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы болып келетін сөздерді антоним дейміз.
Антоним - грек тілінен шыққан.
anti - қарсы, onota - атау дегенді білдіреді

ІІІ. Сызба арқылы мағынасы қарама - қарсы сөздерді көрсет.
Қысқа жең -----ауру
Алыс ---------қымбат
Арзан ---------жеңіл
Ауыр -----------аласа
Жаз -----------ыстық
Суық --------жақын
Биік ------ұзын жең
Сау-------------- қыс

ІҮ. Көркем жазу
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Көркем жазуды өздері бағалау (төмендегі сигналды карточкалар бойынша)

! Мен өзімнің жұмысма қанағаттанамын
+ Мен өзімнің жұмысыма қанағаттанбаймын, менде қателіктер бар
- Мен жиі қателестім

Ү. Жұмбақ шешу Ұлы ақын Абай ақылды, тапқырлықты қажет етеді және өте қызық ойын деп жұмбақты жақсы көріпті. Өзі де жұмбақ шығарыпты. Соның бірі мынау:
- Баяғыдан бері сегіз батыр кезек жығысып келе жатыр. Түбінде қайсысы жеңері тағы белгісіз. Сол сегіз батыр кімдер?
Шешуі:
Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп,
Жақсылық пен жамандық - болды сегіз (Абай)
Жұмбақтар:
Асты тігілген, үсті сөгілген (қап)
Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар. (тасбақа)
Түнде бар, күндіз жоқ(жұлдыз)

ҮІ. Оқулықпен жұмыс №14, 138 бет
ҮІІ. Сергіту сәті (Музыкалық)
Сөз мерген ( мақалдар бойынша тапқырлық сайысы)
«ЖАҚСЫ» сөзіне қатысты мақал - мәтел айту. Мұнда «сөз» «жақсылық», «Ай мен Күн» сөздерін қатыстырып, 3 мақал - мәтел айту.
Жақсы сөз – жарым ырыс.
Жақсы – Ай мен Күндей, бәріңе бірдей.
Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын.
«БІЛІМ» сөзіне қатысты мақал - мәтел айту. Мұнда «кітап», «қымбат», «жібек», «сөз» сөздерін қатыстырып, 3 мақал - мәтел айту.
Кітап – білім бұлағы.
Білім – қымбат, білу – қиын.
Білімдінің сөзі жібектей, білімсіздің сөзі – білектей.

ҮІІІ. Дұрыс ойла!
Жастайыңнан еріншек бол. Еріншектік бәрін де жеңеді. Еріншектік адамды қуанышқа бөлейді. Ол адамды қорқақ атандырады.
(Жастайыңнан еңбекқор бол. Еңбек бәрін де жеңеді. Еңбек адамды қуанышқа бөлейді. Ол адамды батыр атандырады.

ІХ. «Өз жартыңды тап» оқыта үйрету ойыны
(мағынасы қарама - қарсы сөздер беріледі, жұптасып жұмыс жасайды)
Жатқа жазу
Жомарт дос көбейтеді,
Сараң мал көбейтеді.
(Бірін - бірі тексереді)

Х. Суреттерге қатысты сын есім ойла, сөйлем құрып талда!
ХІ. Рефлексиялық – бағалау кезеңі. Сабаққа қорытынды жасау.
Данышпандар кітабы
Біз жасап тұрған өмір қарама - қарсылықтан тұрады. Күн мен түннің ауысуы, ыстық пен суықтың болуы табиғи болса, бейбітшілік пен соғыс адамның жақсы, жаман әрекетімен байланысты. Адам баласы көңіліне ақылды көп түйсе, білгір болатыны ал аз түйсе надан болатыны анық. Адам өзінің оңы мен солын кішкене кезінен осылай таныса, әрине, оның жас шағы кемелдене отырып, ардақты кәрілікке жеткізетіні белгілі. ( мәтіннен қарсы мағыналы сөздерді тапқызу)

ХІІ. мағынасы қарама - қарсы қызық сөздер
Ыстықта туып та,
Шыдаймыз суыққа.
Ащы терім ақты,
Жеміс өсті тәтті.
Халқың үшін жаныңды сал:
Қарғыс алма, алғыс ал!
Ақылсыздар ұқпайды:
Аққа қара жұқпайды

ХІІІ. Семантикалық картамен жұмыс (сын есімдерді белгілеу)
Мысалдар Зат есім Сын есім Етістік
Ащы - тәтті
Күн – түн
Қуану – ренжу
Ақ - қара

Ал енді ойнайық «Сөйлемді аяқта!»
Бағалау (Оқушылар өздерін бағалайды)
Үйге тапсырма №18. 139бет ереже жаттау
Қосымша:
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, антонимдерді тап.
1. Өлі арыстаннан.... тышқан артық.
2. Еріншек егіншіден.... масақшы озады.
3. Палуанға оң.... бірдей.
4. Ит үрер жақсыға да,.... да.



Сабақтың тақырыбы: Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөз тауып айта білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың байланыстырып сөйлей алу қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын кеңейту.
Тәрбиелік: Өз бетімен қорытынды шығара алуға, алған білімін қолдана алуға, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық тапсырма, түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, дидактикалық материалдар т.б.
Сабақтың жүрісі
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

ІІ Психологиялық дайындық
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
(Ж. Молдағалиев)
Үй тапсырмасын тексеру
а) «Сиқырлы сандық» ойыны ұйымдастырылады.
Сандықша ішіндегі сөздерді оқы. Әр сөздің нені білдіретінін айту.
Оқушылар шығып, сандықшадан қағаздарға жазылған сөздерді алады.
Тау – сұрағы не? Заттың атауы
Оқушы – сұрағы кім? Заттың атауы
Қызыл – қандай? Сапаның атауы
Күлу – не істеу? Қимыл атауы
Ұялшақ, түйе, он жеті, жығылу, тапқыр, жүйрік, алтау

ә) Үй тапсырмасын қорытындылау
Сөз дегеніміз не?
Сөз дегеніміз қандай да бір заттың, не қимылдың, не сапаның, не санның атауы.
Сөз неден құралады?
Сөз дыбыстан құралады
Сөз нені білдіреді?
Сөз мағынаны білдіреді.


IV Жаңа сабақ

Дәптерді ашу, бүгінгі күннің жадын жазу
Көркем жазу
Мысалдар келтіру:
Үлкен-кіші, биік-аласа, қымбат-арзан, ақ-қара, күн-түн.
Сызбамен түсіндіру, суретке қарап сөйлем құрастыру.
Жаңа сабақты қорыту
Сөз мағынасының қандай түрлері бар?
Мағынасы қарама-қарсы, мағынасы жуық, дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздер.

V Сабақты бекіту
а) Оқулықпен жұмыс
2-жаттығу. Озған-мұрат,
Қалған-ұят.
Игіліктің ерте-кеші жоқ.
3-жаттығу. Бірінші қатардағы сөздерге екінші қатардан қарама –қарсы мағыналы сөздерді тауып жаз.
Тар
Жас
Қалың
Кіру
Көшу
Жұмсақ
Ұзын

Қону
Қатты
Қысқа
Жұқа
Кәрі
Кең
Шығу

4-жаттығу
Жазғы киімі-жасыл
Қысқы киімі ақшыл.
(ағаш)
Күндіз білінбейді
Түнде күлімдейді
(ай)

Сергіту сәті (өлеңмен)

ә) Шығармашылық тапсырма
*Көп нүктенің орнына сол сөзге мәндес сөздерді тауып жаз және сөйлем құра.
Сұлу, … (әдемі, көрікті, ажарлы)
Атақты, … (әйгілі, белгілі, көрнекті)
Суық, … (мұздай, салқын)

*Сөздердің мағынасын ашып жазу
Түс (түс көру, қызыл түс, арбадан түс)
Бас, алма, үй, шаш, нан.

∆ Қарама-қарсы мағынасын тап.
Биік – Адал – Ашық –
Ақ – Қатты – Арзан –
Ұзын – Өтірік – Ыстық –
Жоғары – Жақсы – Батыр –

«Қай сөз артық» ойыны
Ас, тамақ, тағам, асаба, дәм
Аспан, көк, шарықтау, әуе
Үлгілі, өнегелі, тәрбиелі, тәртіпті, өнеге
Айтқыз, сөйлеткіз, сөйлеттір, айтқыш
Мәтіндермен жұмыс
5-жаттығу орындалады

VI Сабақты қорыту
Оқушылар өз бетімен ізденуіне берілген тапсырмалар

*Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздердің тобын ОМОНИМДЕР деп атаймыз. Мысалы: қара шаш, тақтаға қара
арық ат, су ағатын арық

* Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы СИНОНИМДЕР деп аталады.
Синонимдерге тән белгілер:
а) Сөздің дыбыстарында өзгешелік болады;
ә) Сөздер бір ғана ұғымды білдіреді;
б) Сөздер бір ғана сөз табына қатысты.
Мысалы: күшті, мықты, әлді, қарулы, қайратты, қажырлы

*Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер АНТОНИМДЕР деп аталады.
Мысалы: үлкен – кіші, суық – жылы, ескі – жаңа, қатты – жұмсақ

VII Үйге тапсырма
6-жаттығу
VIII Бағалау


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Шахмат фигуларының жүрістері

Автор: Мусылманбеков Сеилбек Бадинович

Дата: 21.02.2018

Номер свидетельства: 458915

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Шахмат фигуларының жүрістері"
    ["seo_title"] => string(33) "shakhmat_fighularynyn_zhuristieri"
    ["file_id"] => string(6) "458623"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519123540"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства