Тақырыбы: Гимнастикалық аттан секіру
Мақсаты:
1. Оқушылардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуын, ептілік пен икемділікті, күштілікті дамыту және сымбаттылыққа тәрбиелеу.
2. Ерік-жігер қасиеттерін қалыптастыру. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
3. Оқушыларға кіші аттан секірудің пайдасы мен маңыздылығын үйрету.
Міндеті: Ұзыннан тұрған кіші аттан секіру түрлерімен таныстыру.
Өтетін орны: спорт залы
Сыныбы: 6-сынып
Құрал-жабдықтар: гимнастикалық мат, гимнастикалық ат, ысқырық, секундомер
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету.
Р/С
Сабақтың мазмұны
Мөлшері
Әдіснамалық нұсқаулар
1
Дайындық бөлімі.
Сапқа тұрғызу. Оқушы мәліметін қабылдау. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Саптағы «Солға»!»Оңға»! «Кері айнал»! жаттығулары
Жүру бағытында орындалатын жаттығулар:
1. Екі қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру
2. Қол белде өкшемен жүру. Қол белде жартылай отырып жүру.
3. Қол тізеде отырып жүру, секіру.
Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар
1. Спорттық жүріс
2. Жеңіл жүріс
3. Тізені көтере жүгіру
4. Өкшені көтере жүгіру
5. Аяқтың басын алға сілтей жүгіру
6. Оң қапталмен жүгіру
7. Сол қапталмен жүгіру
8. Тыныс алу жаттығулары
5 минут
15 минут
Бір қатарға сапқа тұру.Оқушылардан спорттық киімдерін тексеру.
Бұйрықтын дұрыс орындалуын қадағалау.
Қолды бүкпей денені тік ұстау. Кеудені тік ұстау.
Ара қашықтық сақтау
2
Негізгі бөлім.
Кіші аттан секіру.
1. Кіші атқа ұстанып секіртпеден секіріп түсу жаттығуларын жасау.
2. Секіртпеден итеріліп екі аяғын бүгіп кіші аттын үстіне міну.
3. Кіші аттан секіріп денені, қолды тигізбей домалап түсу.
20 минут
4-5 рет
4-5 рет
4-5 рет
Қауіпсіздік ережелерін сақтау
Секіртпеге аяқты дұрыс салу
3
Қорытынды бөлім
1. Сапқа тұру.
2. Бағалау.
3. Үйге тапсырма.
4. Ұйымдастырылған түрде спорт залдан шығару.
5 минут
Орындау техникасына қарай мадақтаулар, жіберілген қателіктер мен кемшіліктерді түзетіп, ескертулер жасау.