Просмотр содержимого документа
«КСП по НВП 10 класс»
Сабақтың тақырыбы: Қарауылдық қызметтің атқаратын қызметі мен міндеттері, сақшының міндеттері, бекет оны жабдықтау және жарақатандыру.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қарауылдық қызметті міндеттері мен қарауылдық қызметті ұйымдастыруды ұғындыру.
Уақыты: 40 минут.
Өткізілетін орны: 10 сынып,АӘД бөлмесі.
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, Гарнизондық және қарауылдық қызмет жарғы.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.
- Рота бойынша тәуліктік кезекші қандай мақсатта тағайындалады?
- Тәуліктік кезекші құрамына кімдер кіреді?
- Рота бойынша тәуліктік кезекшіге кім тағайындалады?
- Рота бойынша кезекшінің міндеттері қандай?
- Рота бойынша кезекші қызмет атқаруына арналған орын қалай жабдықталады?
- Рота бойынша тәуліктік кезекшіде қандай құжаттар болуы тиіс?
б) Негізгі бөлім – 22 минут. Қарауылдық қызметтің атқаратын қызметі мен міндеттері, сақшының міндеттері, бекет оны жабдықтау және жарақатандыру.
в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Қарауыл дегеніміз не?
- Қарауылдың қандай түрлерін білесіңдер?
- Қарауыл құрамына кімдер кіреді?
- Сақшы дегеніміз не?
ӘЖ. Т-5. Қарауылдық қызметтің атқаратын қызметі мен міндеттері, сақшының міндеттері,
бекет оны жабдықтау және жарақатандыру.
Қарауылдық қызметті атқару жауынгерлік тапсырманы орындау болып табылады және жеке құрамнан Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының барлық ережелерін дәл орындауды, мейлінше қырағылықты, батыл шешім мен бастама қабылдай білуді талап етеді.
Қарауылдық қызметтің талаптарын бұзуға кінәлі адамдар тәртіптік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қарауылдық қызметті атқару үшін қарауылдар тағайындалады.
Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ гауптвахтада және тәртіптік батальонда ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады.
Қарауылдар: гарнизондық және ішкі болып бөлінеді. Олар тұрақты және уақытша болуы мүмкін.
Гарнизондық қарауыл жалпы гарнизондық маңызы бар объектілерді, құрамалар объектілерін немесе бір-біріне жақын орналасқан бірнеше әскери бөлімдердің объектілерін күзету үшін, сондай-ақ гарнизондық гауптвахтада ұсталып отырған адамдарды күзету үшін тағайындалады.
Ішкі қарауыл бір әскери бөлімнің объектілерін күзету мен қорғау үшін тағайындалады.
Тұрақты қарауылдар қарауылдар кестесімен көзделеді.
Уақытша қарауылдар қарауылдар кестесіне енгізілмейді.
Қарауыл құрамына: қарауыл бастығы, постылар мен ауысым саны бойынша қарауылдар, жұмысқа таратушылар, қажет болғанда қарауыл бастығының көмекшісі, қарауыл иттерінің қызметі жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі және көлік құралдарының жүргізушілері тағайындалады.
Штабтарды, бірлестіктер мен одан жоғарыларын басқару пункттерін күзету жөніндегі, сондай-ақ мекемелерді күзету жөніндегі қарауылдарға аталған адамдардан басқа бақылау-өткізу пунктінің қарауылдары, ал гауптвахта жанындағы қарауылға – шығарушылар мен айдауылдар тағайындалады.
Объектілерді тікелей күзету мен қорғау үшін қарауылдар құрамына сақшылар бөлінеді.
Сақшы дегеніміз - өзіне тапсырылған постыны күзету және қорғау жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындайтын қаруланған әскери қызметші.
Сақшының өз міндеттерін орындайтын белгілі бір орын немесе аймақ пост деп аталады.
Постыға сондай-ақ қарауылдың техникалық күзет жабдықтары арқылы күзететін, сол жабдықтар орнатылған объектілер мен жергілікті аймақ та жатады.
Сақшылар объектілерді қорғауды объектілер маңындағы сыртқы және ішкі қоршаулар арасын немесе егер объектіде қоршау біреу болса, қоршау бойын ішкі жағынан патрульдеу жолымен, сондай-ақ мұнарадан бақылау әдісімен жүргізеді.